Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет234/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
қалыптасқан, көркем әдіс ретінде 
әдебиет процесінде әдеби жүзеге 
асқан социалистік реализм прин-
ципі» екені қағидаға айнала бастады. 
Нәтижесінде көркем әдебиет пар-
тиялық істің бір бөлшегіне, саясат 
пен идеологияның сойыл соғар бел-
сенді құралы болу қасиетіне ие бола 
бастады да, сын мен әдебиеттану 
жаңа эстетика мен теорияның қасаң 
қағидасының құрсауына түсті. Та-
биғи даму заңдылығынан айыры-
лып, белгілі бір қалыптығы ойлау 
жүйесінен шыға алмайтын күйге ду-
шар болды.
Қазақ әдебиеттану ғылымында 
социалистік реализмді алғаш сөз ет-
кен осы мақалалардың және кейін 
сөз болатын қазақ фольклорын, қа-
зақ әдебиетінің тарихын, теория-
лық мәселелерін ғылыми қарастыр-
ған әдебиетші-ғалымдар еңбектері-
нің ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге 
қосқан үлесін бағалағанда, біздің 
мақсатымыз бұрынғыдай не бірыңғай 
даттау немесе мақтау болмауы ке-
рек. Себебі, маркстік-лениндік әдіс-
наманы, социалистік реализмді ту-
дырған олар емес, социалистік қоғам, 
олар заман талабына сай еңбек етті. 
Сондықтан басты нысанаға ұлттық 
әдебиеттану ғылымының туу, қа-
лыптасу жолындағы ізденістеріне 
қосқан үлесі мен кері әсерін әділ 
бағалау керек. Социалистік реализм 
әдісімен жазылған көркем шы ғар-
малар болғанын, маркстік-лениндік 
әдіснаманың әдебиеттің халық ты-
ғы, таптығы, партиялығы деген қа-
ғи даларының ғылыми-зерттеу ең-
бек терде орын алғанын дәуір та-
лаптарына сай туындағанын есте 
ұстай отырып, тарихи шындық 
тұрғысынан сараламасақ, бәрін 
жоқ қа шығаратын нигилизмге жол 
беріп аламыз. Ендігі жерде негізгі 
мақсат – кеңес дәуірдегідей «ақсақты 
тыңдай, өтірікті шындай» қылмай, 
кемшіліктер мен жетістіктерге та-
рихи шындық тұрғысынан келу ке-
рек. Көркемдік дамудың тарихи са-
бақтастығына орай өркендеуге тиіс ті 
көркем әдебиеттің идеология құ-
ралына айналуына себепкер болған 
социалистік реализмнің принциптері 
сол әдебиет туралы ғылымды да 
танымдық сипаттағы дәстүрлі жо-
лынан бұрып жіберді. Әдеби да-
мудың заңдылығынан тыс, ойдан 
шығарылған бұл әдісті кеңестік иде-
ология мен партиялық басшылық 
қажетті жерінде өз мүддесіне сай 
өзгеріп отыруына мол мүмкіндік 
алды. Ол ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірге де әсер етпей қалмады. Қазақ 
әдебиеттану ғылымының тарихында 
тұрпайы социологизм теориясына 
ұрынудың көп болуы, тіпті «ұлтшыл-
алашордашылар» атанғандар шығар-
ма шылығына байланысты бертінге 
дейін келуінің басты себебі де осы-
дан болар.
Міне, осылайша «түрі ұлттық, 
мазмұны социалистік әдебиет» жа-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


253


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет