Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет278/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
аулында тап күресінің болғанын 
мойындамағандықтан әдебиет та-
рихын ғылымға қайшы әдіспен тек-
сергені, соның салдарынан бұ рынғы 
әдебиет мұрасын бір жақты бағалап, 
оның өкілдерінің бәрін жалпы ұлт, 
халық қамқоры етіп көрсеткені, 
марксизм-ленинизм қағидаларынан 
ауа жайылуы өткен замандағы хан-
дарды, байларды, билерді дәріптеуге, 
қазақ аулының бұрынғы феодалдық-
рушылық қалпын көксеуге әкеліп 
соққаны» атап көрсетілді [79]. Ба-
яндамашы Ленин мен Сталиннің 
ғылыми зерттеу жұмыстары тура-
лы көзқарастарынан, Ждановтың 
идеология жұмыстарын жандан-
дыру туралы баяндамаларындағы 
сөздерінен үзінділер келтіре отырып, 
Ә. Мәметова мен Б. Кенжебаевтың 
кандидаттың 
диссертацияларына, 
Е. Ысмайылов пен Қ. Жұмалиевтің 
оқулықтарына, әсіресе оның Ду-
лат, Шортанбай, Мұрат, Ш. Бөкеев, 
Ғ. Қарашев шығармашылықтары 
сөз болған бөлімдеріне қатты 
шүйлікті. Соның негізінде ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің 1940-1947 
жылдар аралығында әдебиет тари-
хын тарихи шындыққа сай тексеру-
ге бет алған соны бағыты «қателік» 
деп табылды. Қазақстан тарихы 
мен әдебиетін зерттеуде танылған 
«жаңа ұлтшылдықты» әшкерелеуге 
арналған бұл баяндама, идеология са-
ласында кеткен «қателіктерді» түзету 
жолында партия талап етіп отырған 
келелі міндеттерді де белгілеп 
берді. Олардың ең басты дегендерін 
атасақ, жергілікті ұлтшылдықтың 
ешбір түріне жол бермеу. Өткен 
дәуір әдебиетін зерттеудегі бұрма-
лаушылықты батыл әшкерелеп оты-
ру, бұрынғы заман қайраткерлері 
шығармашылығын маркстік-ленин-
дік әдіснамаға сай ғылыми негізде 
зерттеу, идеясыздыққа, саясаттан тыс 
қалушылыққа жол бермеу, керітартпа 
көзқарастарға партиялық принцип-
пен қарсы тұру, «өрескел қателерді» 
большевиктерше әшкерелеу, түзету 
жолында қажырлылықпен күресу, 
әділ сынды өрістету, т.б. Қолында 
шынайы билік жоқ республика пар-
тия ұйымының шешімі ретінде 
танылған қаулының бірінші басшы 
Ж. Шаяхметов баяндамасында осы-
лайша негізделуі қазақ зиялыларына 
қарсы тағы да саяси науқан басталып 
кеткенін дәлелдейді.
Қаулы мен баяндамадан туын-
даған міндеттерді жүзеге асыруға 
шұғыл жұмылдырылған идеология 
майданының қызметкерлері көр-
се тілген қателіктерді әшкерелеу 
мен түзетуге белсене кірісті. Ол кө -
бінесе партиялық тапсырма ре тін-
де бағаланып, сол кездегі саяси қы-
рағылық болып танылды. 1950 жыл-
дардағы қудалауға дейін ұласқан 
бұл науқанның қаулыдан соңғы 
ал ғашқы қадамдары екі сипатта 
көрініс тапты және олар бір-бірімен 
байланыстылықта болды. Оның бі-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


298


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет