ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
тың «Профессор Марғұланның қате-
лері» (№4), «Социалистік Қазақстан-
дағы» С. Бәйішев, Қ. Шәріпов, А. Қа -
йыргелдиндердің «Ғылымдағы идея-
сыздық пен бейсаясаттыққа жол бе-
рілмесін» (21 ақпан), С. Бәйі шев-
тің «Қазақ әдебиеті мен әдебиет
зерттеудің күрделі мәселелері ту-
ралы» (15 тамыз), «Профессор
М. Әуе зов өткендегі қателерінің
шыр мауында» (14 наурыз), Қ. Тұр -
ғанбаевтың «Шығыстың шыла уын-
дағы әдебиетші» (5 қазан), орыс
тіліндегі баспасөзде Б. Степановтың
«Об идеологических ошибках ра-
ботников общественных наук Ка-
захстана» («Большевик Казахста-
на», №1), «За высокую партийность
в общественной науке Казахстана»
(«Вестник АН КазССР», №1-2), «За
большевистскую идейность в ли-
тературоведении»
(«Казахстан»,
№6), Е. Бурсиловский, Вл. Месс-
мон ның «Лженаучные упражне-
ния» («Каз.правда», 22 сәуір) секілді
мақалаларынан айқын сезілді. Олар
бүгінде айтылып жүргендей сынның
өз жанрлық принципті жолынан та-
юын ғана дәлелдемейді, қаулыда
әдебиет саласындағы ғылыми-зерт-
теу жұмыстар маркстік-лениндік
әдіснаманың әдебиеттің таптығы,
партиялығы, халықтығы тұрғысынан
айыпталса, сын оны даңғазаланып
әкетті де «тұрпайы социологизм»
теориясының талаптарына сай асыра
бұрмалап жіберді. Біз жоғарыда сын
нысанасына әдебиеттану ғылымы
ғана алынған мақалаларды атадық.
Әдеби сын сол кездегі жарияланған
(тіпті Ә. Тәжібаевтың «Біз де қа-
зақпыз» секілді жарияланбаған) шы-
ғармаларды, жинақтар мен «Әде биет
және искусство» журналын сынаған
уақытта «тұрпайы социологизм»
тұр ғысынан қарауды басшылыққа
ала бастады. Жаппай кемшілік іздеу,
таптық позициядан аулақтауы мен
идеясыздықты табуды мақсат тұтқан
қаралағыш сипатқа жол ашыл-
ды. Осының салдарынан ғылыми-
зерттеушілік ой-пікір дағдарысқа
ұшырады. Ұлт әдебиеті тарихында
тексерілетін ештеңе қалмағандай бір
ғана 1948 жылы басқа орыс жазушы,
сыншыларын айтпағанда В. Белин-
скийге арналған 17 мақала, неме-
се өзбек ақыны Ә. Новои туралы 11
мақала жариялануына таң қалмасқа
болмайды. Өзгелер түгіл Абай,
Шоқан, Ыбырай туралы ғылыми-
зерттеу жұмысын қатаң бақылауға
алғанын көрсетеді.
Әдебиетші-ғалымдар
тапшыл-
дық көзқарасты дәріптейтін, «тұр-
пайы
социологизмге»
сүйенген
әсіре солақай, сыңаржақ сынның
20-30 жылдардағы «ұлтшылдық-
ты» әшкерелеудегі іс-тәжірибесін
әлі ұмыта қойған жоқ болатын. Олар
сталиндік саясаттың төніп келе
жатқан қара бұлтынан әдебиет тура-
лы ұлттық ғылымды сақтап қалу үшін
кейбір құрбандықтарға бара оты рып,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
300
Достарыңызбен бөлісу: |