Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет295/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
Алғашқы шешім бойынша «Қа-
зақтың батырлар жыры туралы» 
баяндама М. Әуезовке, «Тұрмыс-
салт жырлары туралы» баяндама 
С. Мұқановқа тапсырылған. Бірақ 
бұрынғы зерттеулеріндегі «ұлтшыл-
дықтары әшкереленген» екеуі де бас 
тартқан. М. Ғабдуллиннің сөзіне сен-
сек, қазақ әдебиеті тарихын зерт теуде 
көп қате жібергендерін тілге тиек 
ете келіп, өздерінің сыналуы қажет-
тігін айтып, баяндама жасаудан бас 
тартқан. Соның салдарынан ғылыми 
айтысты өткізу кешеуілдеп барып, 
1953 жылы сәуірдің он екісінде 
өтілді. Дискуссияға Москва, Ленин-
град, Ташкент, Фрунзе қалаларынан 
фольклорист ғалымдар шақырылып, 
республикалық дәрежеде өтуіне 
үлкен мән берілді. «Қазақтың ба-
тырлық жырын зерттеу жөніндегі 
проблемалар туралы» деген алғашқы 
баяндаманы М. Ғабдуллин жаса-
ды. 1947 жылы «Қобыланды батыр» 
жырынан диссертация қорғағандық-
тан, эпостанушы ретінде баяндама 
М. Ғабдуллинге партия тарапынан 
«үлкен сеніммен» тапсырылған. Ал 
«Қазақтың тұрмыс-салт жырлары ту-
ралы» баяндаманы (әдебиетшілерден 
мойнына ешкім алмаған болуы керек) 
тарих ғылымдарының кандидаты 
М. Ақынжанов жасады. Қырыққа тар-
та адам жарыссөзге қатысқан айтыс үш 
күнге созылды. М. Ғабдуллин баянда-
масында негізінен екі түрлі мәселеге 
айрықша көңіл аударылды. Бірі – ба-
тырлар жырының халықтығын ашу
яғни халыққа жат жырларды анықтау, 
екіншісі – эпостарды зерттеудегі 
жіберілген қате кемшіліктерді сы-
нау. Оның әдіснамалық негізіне 
әдебиеттің таптығы мен халықтығы 
туралы маркстік-лениндік қағида 
алынғандықтан, көптеген жырлар 
халыққа жат деп бағаланды да, «тұр-
пайы социологизм» көзқара сын-
дағы ой-пікірмен тұжырымдалды. 
Соның негізінде батырлар жырын 
зерттеудегі М. Әуезов, Ә. Марғұлан, 
С. Мұқанов, Б. Кенжебаевтардың 
жіберген «қателіктері» партиялық 
сын деген желеумен сыңар жақ тық-
пен «өлтіре сыналды». «Бүкіл ру-
хани байлығымыз шонжарлардың 
ық палынан туған қауіпті феодалдық 
дүниеге айналды. Қазақстандағы үш 
жүзден аса батырлық жырлардан тек 
«Қамбар батыр» жыры ғана тоқсан 
үйлі тобырды асырағаны үшін тәуір 
аталып, өзгелерінің бәріне теріс ба-
ға берілді». Көрсетілген қателіктер 
«ұлтшыл-буржуазияшылдық» ұғым -
мен тығыз байланыстылықта ай-
тылғандықтан, С. Нұрышев, Т. Шо-
йынбаев, Ә. Нілдібаев, Ә. Тәкежанов 
және тағы да басқа жарыссөзде 
сөйлеушілердің көбі әшкерелегіш 
бағыт ұстай сөйлеп, нигилистік көзқа-
растағы жоққа шығарушылықты 
дау рықтырып жіберді. Оның үстіне 
сыналушылардан өз қателіктерін 
мо йындауын талап етілуі, олар-
ды қудалауға ұшыраған әдебиетші 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


315


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет