Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет292/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
зерттеу еңбектерді түгелге жуық 
ғылыми айналымнан алып тастауға 
дейін апарған қатал үкім шығаруға 
еш негіз бола алмайды. Әдебиеттің 
таптығы мен партиялығының асы-
ра дәріптелуіне, «тұрпайы социоло-
гизм» теориясындағы көзқарастың 
оңды-солды айтылуына идеология 
саласындағы саясат кең өріс ашып, 
«ұлтшылдықты» әшкерелеу үшін 
пайдаланып отырды. Әрі-беріден 
соң осы еңбек пен З. Кедринаның 
«М. Әуезов» атты кітабын жарам-
сыз деп тапқан П. Кузнецов респу-
блика баспасөзінде жарық көрген 
«Cынау орнына мақтағандық» атты 
мақаласын, кейінірек «Правда» газе-
тінде (1953, 31 қаңтар) жариялап 
жіберді. Ол партияның қолдауымен 
жүзеге асқаны айтпаса да түсінікті.
Көркем әдебиеттің басына Қ. Аман-
жоловтың «Сарыарқаны Сары арқа 
демей, қара арқа деп жырлаймын 
ба?» дегеніндей келеңсіз жағдай 
туды. Бұған «Правда» газетінде 
жарияланған «Искоренить идеоло-
гические извращения в литературе» 
атты бас мақалада украин ақыны 
В. Сосюраның «Украинаны сүй» атты 
өлеңінің ұлтшылдық сарында деп 
танылуы себепші болды да, әр ұлт 
әдебиетінен ұлтшылдық іздеу қолға 
алынды. Бізде ол Ж. Шаяхметовтің 
ҚК(б)П-нің VІІІ пленумында жасаған 
«Республика партия ұйымдарында 
идеология жұмыстарының жайы 
және оны жақсарту шаралары ту-
ралы» баяндамасында қатты ай-
тылып, бұл салада «артта қалып 
келе жатқанымыз» атап көрсетілді. 
Қазақстанды орыс халқынан басқа 
туысқан республикалардан бөліп 
алып жырлап жүрген «ұлтшылдарды» 
шұғыл түрде әшкерелеу әдеби сынға 
қатаң тапсырылды. Ауыр айыпта-
улардан көз ашпаған Жазушылар 
одағы астаналық қаламгерлер жина-
лысын қауырт ұйымдастырып, ақын-
жазушылар ұлтшылдығын көрсе-
туге белсене кірісті. Оның нәтижесі 
«Қазақ әдебиетіндегі идеология лық 
бұрмалаушылыққа қарсы» деген ат-
пен баспасөзде жарық көрді. Жина-
лыста сынға ұшыраған Қ. Бек қожин, 
С. Мұқанов, Т. Жароков, Қ. Аман -
жолов, Ә. Тәжібаев, т.б. ақын-жа-
зушылардың ұлтшылдығы тура-
лы сыңаржақ солақай сын қазақ 
баспасөзінің бетін бермеді десе де 
болады. Республика партия ұйымы, 
оның идеология саласындағы сая-
саты бұл жолы әдебиет сынына енді 
ғана араласа бастаған А. Нұрқатов, 
Б. Сахариев, Қ. Нұрмаханов, Ә. Жә -
мішев, Ә. Жұмабаев, М. Сәр секеев, 
Ә. Сатыбалдиев, Ә. Нілдібаев се-
кілді жас күштерді шеберлікпен 
ұйымдастырып 
отырды. 
Әдеби 
сын идеологиялық саясаттың қол 
шоқ парына айналып, ғылыми-тео-
риялық дәйекті ой-пікір айтудың 
орнына, әсіре тапшылдыққа сүйен-
ген социологиялық арқауы басым 
талдауларға, өлтіре сынап қателік 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


312


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет