Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет291/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
көз жұму секілді совет әдебиет 
зерттеушісіне жат керексіз тенден-
ция монография бойында үнемі 
орын алып отырады. Мұндай жаман 
тенденция, әсіресе, «Адасқандар», 
«Теміртас», «Балуан Шолақ», «Ақ 
аю», «Мырзабек», «Жайлауда» се-
кілді шығармаларын талдаған та-
рауда бірден көзге түседі» деген 
ойдың жетегінде кеткен. Мақалада 
автордың Т. Нұртазинді ғана емес
С. Мұқановты да «ұлтшыл» етіп 
шығару ниеті анық байқалады. Ғы-
лыми-зерттеушілік тұрғыда әдеби 
теориялық талдау жасай отырып, 
нақты мысалдармен дәлелдеудің ор-
нына барлығын жоққа шығару басым 
түскен. Мысалы, «Нұртазин Сәбит-
тің «ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ 
әдебиетінің тарихының очеркі» деген 
кітабын әдебиетшілерге өте керекті 
ғылыми шығарма есебінде ұсынады. 
Қазақ тарихының сол бір шытыр-
ман дәуіріндегі әдебиетті жан-жақты 
зерттеуде әдебиетшілер осы кітапта 
келтірілген материалдарды негіз ету 
керек, олардың методикалық кілті 
осы кітап болуы керек дейді. Ал бұл 
кітапта кейбір поэма, дастандар ды 
талдаумен байланысты Сәбиттің Ке-
несары-Наурызбай қозғалысын дә-
ріптегенін, оларды халық батырла-
ры есебінде көрсеткенін Нұртазин 
әшкерелемейді» деген пікірі сол 
кездегі идеологиялық саясат тала-
бынан табылуға деген ұмтылыстың 
айғағы. «Совет дәуіріндегі басқа да 
көрнекті жазушылар туралы еңбек-
тер жазылуы керек. Бірақ олар осы 
монография секілді емес, партиялық 
принциппен маркстік-лениндік мето-
дологиямен қаруланып барып жазы-
луы керек» деген түйінмен аяқталуы 
да сондықтан. 
Қ. Сатыбалдин мақаласынан ұзақ 
үзінді келтіріп, көбірек тоқталу се -
бебіміз, қазақ әдебиеттану ғы лы-
мының соны бағыттардағы ізде -
ніс терін ғана емес, қол жеткізген 
барлық табыстарын жоққа шы-
ғаруға ұмтылған осы сипат тағы 
мақалалардың ғылыми және сын-
шылдық деңгейдегі «класси ка лық» 
үлгісінің қандай болғанын көр сету 
еді. Шынын айтқанда, қазақ әде биет
-
тануының әдеби-теориялық, әдіс-
намалық деңгейі жоғары дәрежеде 
бола қоймағаны, әдеби даму проце-
сіне орай «ұлтшыл» және «халық 
жауы» атанған арыстарымыздың 
шығармашылығымен байланыс ты -
лық та қарау мүмкіндігінен айырыл-
ғандықтан, тарихи-салыстырмалық 
тұрғыдан тексерудің жетіспегені, 
шығарма құрылысын жан-жақты 
талдаудан көрі мазмұн қуалап ке-
тушілік орын алғаны, зерттеліп 
отырған ақын-жазушыны немесе 
шы ғарманы көтере бағалаудың орын 
алғаны рас. Бірақ ол ұлттық ғылы-
ми-зерттеушілік, әдеби-теориялық 
ой-пікірдің сол кезге дейінгі бүкіл 
жетістігін «бірыңғай ағым» теория-
сына апарып жатқызу мен ғылыми 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


311


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет