ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Шортанбай, Шөже, Орынбай, Сақау,
Соқыр Ажар, Жанкелді, Мағауия,
т.б. ақындардың шығармаларын жа-
зып алып, өз қолжазбасынан орын
беруі, әр ақын мен оның келтірген
өлеңінің қай жағдайда айтылуы ту-
ралы түсініктеме жазуы әдеби-тари-
хи бағыттағы ой-пікірінің жоғары-
лығын көрсетеді. Оны ұлы Абай
поэзиясындағы өсиет-нақыл мәндегі
өлең жолдарын ыждағаттылықпен
сұрыптап алып «Абай афоризмдері»
деп бөлекше топтастыруы тағы да
дәлелдей түседі. Бұл – шын мәнін-
де ғылыми-зерттеушілік ізденісті
талап ететін творчестволық жұмыс.
«Мұның өзі де оның әдебиет жайлы
түсінік білімінің молдығын бай қат-
са, екіншіден, қазақ әдебиетіне қа-
тысты көп деректердің шоғырлануы-
ның өзі-ақ Мәшһүр жазбаларының
қан ша маңызды екенін айқындай
түседі» [8, 388].
Шығыстың әдебиеті мен тари-
хын жетік білген, оқымысты ғұлама
атанған М. Ж. Көпеев жеке ақын-
жырау туралы бағалаушылық мәндегі
пікір айтқанда Ақан сері жайында
«заманның сұңқары, қызыл тілдің
ділмары, жігіттің құлпы жібегі, сөз-
дің ағытылған тиегі» десе, Бұқар жы-
рауды «Өз заманындағы жандар бұл
кісіні көмекей әулие деседі екен. Бір
сөз білмейді, тек көмекейі бүлкілдеп
жырлай бастайды екен», – деп, Абы-
лай ханның ақылшы биі және өз
сөзін қаймықпай айтар үлкен жырау
екенін бағалайды. Бұл пікірдің Бұқар
тұлғасына байланысты әлі күнге
дейін айтылып келе жатқанын ескер-
сек, ғылыми құндылығы айтпаса да
түсінікті.
Мәшһүрдің әдеби-тарихи ой-көз-
қарасын сөз еткенде ерекше көңіл
аударғаны Абай шығармашылығы
екені байқалады. «Дала уалаятының
газетінде» Абайдың көзі тірісінде-ақ
пікір білдірген Мәшһүр ақын өз ойын
бірде:
Ақынды айт Ақмолда мен Ыбырайды,
Үлгісін өнер-білім жұртқа жайды», –
деген өлең жолдарымен білдірсе, енді
бірде Құнанбайұлы Ыбырай марқұм
айтыпты ғой деп, «Адам бір боқ
көтерген боқтың қабы» деген өлеңінен
үзінді келтіре отырып: «Соңғы ел бі-
лімдарлары – бұл. Адамды адам саны-
на кіргізбей жүрген қарындағы бір қап
«жұмбақ» екенін білді де ішіп-жемекті
аз қылды... Аз жеуді, аз ұйықтауды,
аз сөйлеуді мұ рат тұтты», – деп осы
өлеңді фи лософиялық көзқараста тал-
дап, Абай дың ғұламалығына ден қоя-
ды. Бұл да ғасыр басындағы ғылы-
ми-зерт теушілік ой-пікірге Мәш һүр
ақынның айтарлықтай үлес қосқаны-
ның бір белгісі.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
|