Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ПРОФЕССОР Ф.ОРАЗБАЕВА ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ НЕГІЗІН



Pdf көрінісі
бет134/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   181
1 2019

ПРОФЕССОР Ф.ОРАЗБАЕВА ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ НЕГІЗІН 
САЛУШЫЛАР 
 
Иманқұлова М. А.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық
университетінің аға оқытушысы, PhD. 
Алматы қаласы. mika_iman@mail.ru  
 
Түйіндеме: Бұл мақалада профессор Ф.Ш.Оразбаеваның қазақ тіл біліміне қосқан үлесі жазылған. 
Сонымен қатар профессордың ХХ ғасыр басындағы тіл білімі өкілдері А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, 
С.Аманжолов зерттеулеріне деген көзқарасы және олардың еңбектеріндегі тың ойларына жүргізген 
талдаулары талқыланады.
Аннотация: В данной статье автор подробно описывает вклад профессора Ф.Ш.Оразбаевой в 
развитие казахского языкознания. Кроме того, в статье рассматривается анализ трудов и точка зрения 
профессора на представителей языкознания начала ХХ века А. Байтурсынулы, К. Жубанова, 
С.Аманжолова.
Annotation: In this article the author describes in detail the contribution of Professor F.Sh.Orazbayeva to the 
development of Kazakh linguistics. In addition, the article considers the analysis of the works and the point of 
view of the Professor on the representatives of linguistics of the early twentieth century A. Baitursynuly, 
K.Zhubanov, S. Amanzholov. 
 
Қазақ елінің қилы тарихында ұлттық идеяны қалыптастыру мақсатында еңбек етіп, қуғын-сүргенге 
ұшырап, құрбан болған қайраткерлер аз емес. Олардың қатарына әдебиет, мәдениет, тіл қазынасын 
зерделеп, артынан мол мирас қалдырған ғалымдарымызды жатқызамыз. Сонау ХХ ғасырдың басында 
жаны қыршыннан қиылған тілшілеріміздің еңбектері Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдары 
шаң басқан мұрағаттардан қайта шығарылып жаңғырды. Сонымен бірге жаңашыл бағыттар, ғылыми 
көзқарастар қазақ тіл білімінің негізін салушы тұлғаларымыздың пікірлерімен қайта зерделеніп, жаңа 
парадигмалардың қазақ тіл білімінің алаңына келуіне себепкер болды. Қазақ тіл білімінің негізін салушы 
тілші ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан ғылыми ой-түйіндерді, ұлттық нақышымызды 
айқындайтын зерттеулерді жаңа парадигмаға негізделген тіл білімімен ұштастырып, ғылыми 
көзқарастарын халыққа танытып, өз зерттеулерінде теориялық және практикалық қазақ тілін жаңа 
деңгейге көтеру жолында еңбектеніп жатқан ғалымдарымыздың бірі – профессор Ф.Оразбаева.  
Профессор Ф.Ш. Оразбаева қазақ тіл білімінің бастау көздері болып табылатын А.Байтұрсынұлы, 
Қ.Жұбанов, Т.Шонанов, С.Аманжолов және қазақ әдебиетінің майталмандары Ж.Аймауытов, М.Дулатов, 
М.Жұмабаев т.б. тілшілер мен әдебиетшілер еңбектеріндегі тілдік қарым-қатынасқа, тілдік танымға және 
әдістемеге қатысты көзқарастарын, терең пайымдарын әрдайым зерттеулеріне арқау етіп, бүгінгі 
заманның құндылығы ретінде танытты. Ол жайында профессор Ф.Оразбаева: «Жиырмасыншы ғасыр 
басында ел тәуелсіздігін, ұлт мүддесін қорғау жолында еңбек еткен, көш бастаған Алаш арыстарының 
ұстанымдарына сүйенсек, олар аманаттаған: «Өмір мұраты – азаттық», «Адам мұраты – тәрбие», «Ұрпақ 
мұраты – білім» деген қағидалар қазіргі ХХI ғасырда Ұлы дала елін сақтаудың, адамзаттық 
құндылықтарды игерудің, келешек ұрпақты өркениетке жеткізудің негізгі бастауы, қайнар бұлағы болып 
табылады»[1; 38] -дей келе, А.Байтұрсынұлы еңбектерін талдап: «А.Байтұрсыновтың құнды пікірлері 
тілдегі әдістеме мәселесіне ғана қатысты айтылып қойған жоқ. Сонымен қатар тілдің теориясын, оқу, 
жазу, сөйлеу жүйесіне байланысты ойлары да, сөйлемнің құрылысы мен ерекшеліктерін тұжырымдайтын 
көзқарастары да қазіргі тіл білімінде ерекше орын алады» [2; 11] – деп бағалады. 
Профессор Ф.Оразбаева «Ұлтты сүю – ұлылық тағзым» дей келе, еліміздің жаһандану кезеңіндегі жас 
ұрпаққа қазақ тіл білімінің бастаушысы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін танытып, тілтанымдық
әдістемелік ой-пікірлерін ұсына отырып, А.Байтұрсынұлының мұғалімдерге қажет қағидаларын 
көрсетеді:


178 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет