Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет135/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   181
1 2019


«тілдік материалды жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге қарай оқыту керек деген 
дидактиканың принципін өте тиянақты ұсынған жөн; 

оқушыларға арналған материалдар аса түсінікті болуы шарт; 

мәтіндер, көрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ баласының халықтық ұғымына таныс, 
жақын болуы тиімді; 

тілді оқытуда тіл ұстартуға, көркем сөзге ден қойған дұрыс; 

тілді үйрету ана тілінің сөз, сөйлем жүйесін білгізумен қатар жүруі тиіс; 

тілді үйрету үшін, мұғалім бірнеше әдісті тауып, пайдалана білуі керек; 

мұғалім балаға білімді өз тәжірибесі арқылы жинақтауға жағдай жасап, тілді тез үйренуге қарай 
үнемі бағыт-бағдар сілтеп отыруы қажет»[3;17].
Тілші ғалым Ф.Оразбаеваның қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынұлының бұл пікірін 
ортаға шығарып, еңбегіне арқау еткені ғылыми қызығушылық емес, ұлттық қажеттілік екені аян. Себебі 
бүгінгі күні сан-салаға тарқатылған тіл үйрету әдістемесі қатардағы мектеп оқушысын оқытып жатқан 
мұғалім үшін күрделі көрініп, ғылыми терминдер мен технологиялардың көлеңкесінде негізгі мақсат 
қалып жатқаны жасырын емес. А.Байтұрсынұлының айтып отырған талаптары жеңіл әрі нақты тілмен 
түсіндірілгенін ескерсек, Ф.Оразбаева бұл талаптарды білім беру үдерісіне қатысатын барлық тұлғаларға 
жалпылау мақсатын көздейді.
Профессор Ф.Оразбаева Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінің маңыздылығын: «Ғасырдың елең-алаң 
басында айтылған ұлы ұстаз пікірлерінің қай-қайсысы да әлі күнге өзінің өзектілігін жоғалтпай келе 
жатыр. Ұлылық тағылымы, ұстаздық өнегесі, мәңгілік тұғыры деген ұғымдардың қасиетті төркіні мен 
тарқамас тамыры да осында жатқан болар» [3; 17] - деп тұжырымдайды.
Ф.Оразбаева тілдік қатынасқа түсуші тұлғалардың қызметтерін айқындауда А.Байтұрсынұлының 
«Баяншы» терминін дамытып, жаңа сапалы деңгейде қайта жаңғыртуы ұлы тұлға еңбегіне көрсеткен 
тағзымы екені сөзсіз. А. Байтұрсынұлының тың зерттеулерін «Тілдік қарым-қатынас» атты еңбегіне арқау 
етіп қана қоймай, «А. Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы»[4], «А. Байтұрсынов және әдістеме 
ғылымы»[5], «Алаш арыстарының аманаты – тіл»[1] т.б. тақырыптарда ғылыми мақалаларын жариялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет