Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Түйіндеме: Мақалада профессор Ф.Ш.Оразбаеваның адамдық, ғалымдық және әншілік өнері жайында  сөз болады.  Тірек сөздер



Pdf көрінісі
бет23/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   181
1 2019

Түйіндеме: Мақалада профессор Ф.Ш.Оразбаеваның адамдық, ғалымдық және әншілік өнері жайында 
сөз болады. 
Тірек сөздер: адам, ғалым, әнші, сын есім, синоним, тілдік қатынас, қатысымдық бірліктер, т.б. 
Аннотация: В статье рассказывается о гуманистическом, научном и вокальном искусстве профессора 
Ф.Ш.Оразбаева. 
Ключевые слова: человек, ученый, певец, имя прилагательное, синоним, коммуникация, языковая 
единица и.т.д. 
Я, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық унивеситетінің профессоры, педагогика 
ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корр. мүшесі, Шоқан Уалиханов атындағы І дәрежелі сыйлығының 
лауреаты, ҚР Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иесі Фаузия 
Шәмсиқызы туралы ойласам, ең алдымен оның осы үш қасиеті есіме түседі. Бірінші кезекте Фаузияның 
адами болмысы жайында сөз қозғайын. 
Фаузия – ашық жүзді, ақ жарқын жан. Оған парасаттылық, ақылдылық, сабырлылық тән. Мінезге бай, 
сыпайы, биязы. Жаны ізгілікке, қайырымдылыққа құмар. Күнделікті өмірде қарапайым, кішіпейіл
мәдениетті. Кішіліктің, кісіліктің жолын жақсы біледі. Үлкендердің алдынан қия өтпейді. Пенделіктен, 
күйкі тірліктен биік тұрады.


27 
Фаузия Шәмсиқызы шынжыр балақ, шұбар төс дөкейдің немесе байлыққа, барлыққа семіріп, 
кісімсіген, кекірелеген жуанның тұқымы емес. Бар болғаны көген көз ауыл балаларын оқытып, оларға 
сапалы білім беріп, адамгершілікке тәрбиелеп жүрген ұлағатты ұстаздың қызы. Мектепті медалмен 
бітіріп, дәм айдап Алматыға келді. Оқу оқып, білім алды. Жар тауып, мамандығы бойынша қызметке 
кірісті. Ғылым қуып, докторлық диссертация қорғады. Міне, енді әкесі құсап, үздік ұстаз болып, жастарға 
(студенттер мен аспиранттарға) білім беріп, өзі де ағартушылықпен айналысады. Адал еңбек етіп, табан 
ақы, маңдай терімен тапқан табысымен ел қатарлы мамыражай тіршілік етіп жүр. Қазір Фаузияның 
басында үйі, бауырында балалары, қасында жары, айналасында туыстары мен жолдастары бар. Ол еш 
нәрседен кенде емес. Үріп ішіп, шайқап төгіп отыр десек те болғандай. 
Бұрын Фаукеңді екі-ақ нәрсеге алаңдататын. Бірі – қызы мен ұлдары, екіншісі – жан жары Нұрекең. 
Қазір балалары ер жетті. Қызды қияға, ұлды ұяға орналастырды. Оның ендігі алаңдайтыны – сенімді 
серігі Нұрекеңнің денсаулығы мен абырой-атағы. Осы тұрғыдан Фаукеңді Нұрлан ініміздің үйіндегі 
ұйтқы мен береке-бірліктің бастау көзі екендігін әркім іштей сезеді. 
Фаузия Шамсиқызы қара орманы, туған жері, ата мекені – Көкжыра ауылына (Шығыс Қазақстан 
облысы, Самар ауданы) жиі-жиі барып тұрады. Олар да Фаукеңді құрметтеп, реті келгенде ауданға, 
ауылға шақыруды ұмытпайды. Барған сайын бала кездегі ойнаған, есейгендегі асыр салып қыдырған 
жерлерін, туған-туыстарын, жолдастарын көріп, көңілі көтеріліп, сергіп, демалып қайтады. 
Фаузия өзі істейтін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің қазіргі қазақ тілі 
теориясы және әдістемесі кафедрасында біраз уақыт меңгерушілік қызмет атқарды. Осы кезеңде ол жөн-
жосықты білетіндігін, өзінің білімділігі мен біліктілігін, ұйымдастыру қабілеттілігін көрсете білді. 
Сабырлы мінезімен көзге түсті, салмақты ой қозғады. Бір нәрсе айтқысы келсе, бірден дүңк еткізіп қойып 
қалмай, жұртқа тартымды әңгіме, тағылымды сөз айта білді. Сонысымен ол елге ұнады. 
Бұл айтылғандардан Фаузия Шәмсиқызының қызметтес мамандастарына айтатын келіспейтін 
тұстары, даулы пікірлері жоқ екен деп ойлап қалуға болмайды. Неге болмасын?! Болады. Мұндай 
жағдайда кейбіреулер құсап, езеуреп шыға келіп, «айттым бітті, кестім үзілді» демейді. Өз 
тұжырымдарын баппен бастап, түрлі мәнбілер келтіре отырып, асықпай-саспай дәлелдеп береді. 
Енді Фаузия Шәмсиқызының ғалымдық жағына көшейін. 
Бүгінгі таңда Фаузияның 350-ге тарта ғылыми еңбектері жарық көріпті. Бұл жерде олардың барлығына 
тоқталып жату мүмкін емес екендігі белгілі. Сондықтан мен сол еңбектердің ішінен басты-басты деген 
бір-екеуіне ғана аздап тоқталайын. Олардың біріншісі – «Қазақ тіліндегі сын есім синонимдер» деп 
аталынатын монографиясы (1988, 2005). 
Өз еңбегінде ғалым тіліміздегі сын есім синоним сөздерді «жасалуы» және «топтастырылуы» деп екі 
тарауға бөліп алады да, оларды зейінділікпен, құнттылықпен зерттейді. Бұл тақырып Фаузияның алғашқы 
зерттеуі болатын. Соған қарамастан ол қазақ тіл білімінің ең басты мәселелерінің бірі – синоним сөздер, 
олардың мағыналары, пайда болу, өсу, даму жолдары жан-жақты әрі түбегейлі қарастырған. 
Зерттеушінің айтуынша, синоним сөздер – жалпылай алғанда бір ұғымды білдіретін мәндес сөздер 
екен. Олардың мағыналары бір-біріне өте жақын. Бірақ бірдей емес. Синоним сөздер бір-бірінен аздап 
болса да мағыналық жағынан, экспрессивтік, эмоциялық мәні жағынан және стильдік бояуы жағынан 
айырықшаланады. Осыған орай ғалым синоним сөздерді (сын есім синонимдерді) мағыналық синоним 
сөздер, экспрессивтік-эмоциялық синоним сөздер және стильдік синоним сөздер деп, үшке бөледі (223-
бет). 
Синонимдік қатарлардың жасалуына келгенде «синоним сөздер көп мағыналы сөздердің негізгі 
мағыналары арқылы жасалады» дей келіп, сонымен бірге, олар «сөздердің ауыспалы мағыналары арқылы 
да жасалатындығын» баса айтады. Сөйтеді де, оларға мысал ретінде көп мағыналы тура, т.б. сөздерден 
жасалған синонимдік қатарларды келтіреді. Айталық, негізгі мағынасында тура сөзі түзу – тік – тіке 
сөздерімен синонимдік қатар құраса, ауыспалы мағынасында ол тура – дұрыс – жөн сөздерімен және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет