Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі КӘсіби педагогика



Pdf көрінісі
бет26/29
Дата20.06.2023
өлшемі1 Mb.
#475260
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Кәсіби педагогика

ГЛОССАРИЙ 
Адъюнктжоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын шетелдік әскери оқу орындарында 
білім алып жатқан адам. 
Академиябелгілі бір салада Ғылыми-педагогикалық қызметті 
жүзеге асыратын және ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын 
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы. 
Академиялық кредитбілім алушының және (немесе) 
оқытушының ғылыми және (немесе) оқу жұмысы (жүктемесі) 
көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі. 
Академиялық ұтқырлықбілім алушыларды немесе оқытушы-
зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір 
академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары 
және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында 
немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары 
оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында академиялық кредиттер 
түрінде меңгерген оқу бағдарламаларынан, пәндерден міндетті түрде 
қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ел ішінде немесе шетелге) 
ауыстыру. 
Аккредиттеу органыөзі әзірлеген стандарттар (регламенттер) 
негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) 
мамандандырылған аккредиттеуден өткізетін заңды тұлға. 
Аккредиттеу стандарттары (регламенттері)аккредиттеу 
органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін 
құжаттары. 
Атаулы стипендиятиісті білім беру бағдарламаларын 
ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, 
оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене 
қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін 
жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия. 
Әдістемелік кабинетбілім беруді басқару органдарының білім 
беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандыры-
луын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагог кадрлардың 
шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі 
жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені 
жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі. 


85 
Әскери, арнаулы оқу орындарыҚазақстан Республикасының 
ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі 
істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура 
органдарына 
және 
Қазақстан 
Республикасының 
Қорғаныс 
министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары. 
Бакалавржоғары білімнің білім беру бағдарламаларын 
меңгерген адамдарға берілетін дәреже. 
Бакалавриаттиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін 
бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру 
бағдарламалары. 
Бейін алды даярлықбілім алушының жеке білім беру 
траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты 
педагогикалық қолдау. 
Бейіндік мектепжалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу 
бағдарламасын іске асыратын оқу орны. 
Бейінді оқытубілім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен 
қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, 
білім беру процесін ұйымдастыру; 
Бейіні бойынша докторҚазақстан Республикасында немесе 
одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша 
докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация 
қорғаған 
адамдарға 
берілетін, 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже. 
"Болашақ" халықаралық стипендиясыҚазақстан Республикасы 
азаматтарының шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны 
бойынша оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі 
республикалық комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердің 
шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан 
Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия. 
Біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесі – білім беру 
қызметкеріне ұйымды, оқытудың мазмұны мен мерзімдерін таңдауға 
мүмкіндік беретін, мемлекет белгілеген және белгілі бір ақша 
сомасымен қамтамасыз етілген, атаулы құжат (ваучер) түрінде 
ресімделген жан басына шаққандағы норматив негізінде қаржы-
ландырылатын біліктілікті арттыру нысаны. 
Біліктілікті арттыру институтыүздіксіз білім беру жүйесінде 
кадрлардың кәсіптік біліктілігін арттырудың және оларды қайта даяр-


86 
лаудың актуалды білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім 
берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін иннова-
циялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы. 
Біліктілікті берутиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде 
жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, 
машықтар мен дағдылар жиынтығын растау рәсімі; 
Білім алу үшін арнайы жағдайларерекше білім берілуіне 
қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін 
оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, 
арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және 
өзге де құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеу-
меттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар. 
Білім алушыларды аралық аттестаттаубілім алушылардың бір 
оқу сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір 
біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл 
көлемінің мазмұнын оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру 
сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім; 
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – олардың тиісті білім 
беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында 
көзделген оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) 
модульдердің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында 
жүргізілетін рәсім. 
Білім беруимандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан 
дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында 
жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі. 
Білім беру бағдарламасыоқытудың мақсатын, нәтижелері мен 
мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске 
асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау 
өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының 
біртұтас кешені. 
Білім беру гранты"бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері 
берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы 
төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген 
шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы. 
Білім беру кредитіқаржылық ұйымдар мерзімділік, ақылылық 
және қайтарымдылық шарттарымен оқыту ақысын төлеу үшін қарыз 
алушыға беретін ақша. 
Білім беру қызметібілім беру субъектілерінің мақсатты, 


87 
педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке 
адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс. 
Білім беру мониторингібілім беру процестерін жүзеге 
асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің 
серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, 
сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін 
жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау. 
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі – білім беру сапа-
сының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке 
адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін 
белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары 
мен әдістерінің жиынтығы. 
Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялаубасқа мемле-
кеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың 
филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың бала-
малылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. 
Білім беру ұйымдарын аккредиттеубілім беру қызметтерінің 
сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді 
тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының 
белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін 
тану рәсімі; 
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаубілім беру 
ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен 
жүргізілетін рәсім. 
Гимназиябілім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне 
сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бо-
йынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін 
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін 
оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарлама-
ларын іске асыратын оқу орны. 
Ғылыми-әдістемелік жұмыс – ғылым жетістіктері мен озық педа-
гогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің 
жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет 
түрі. 
Ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертация-
лар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер. 
Докторант – докторантурада білім алатын адам. 


88 
Докторантурабілім беру бағдарламалары философия докторы 
(PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, 
педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға 
бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. 
Дуальды оқытукәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және 
білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы 
оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы 
төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту 
мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын 
кадрлар даярлау нысаны. 
Дрекше мәртебе – жеке тұлғаны тәрбиелеуге, оқытуға және оның 
кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқаны, жоғары және (немесе) 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тұрақты жоғары деңгейін 
қамтамасыз еткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті 
беретін және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
ұйымының мәртебесі. 
Ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) – 
денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша 
қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу 
бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын 
қажет ететін адамдар. 
Жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы 
орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ 
білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын оқу орны. 
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды 
даярлау 
бағыттарының 
сыныптауышы 
(кадрларды 
даярлау 
бағыттарының сыныптауышы)жоғары және жоғары оқу орнынан 
кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарын сыныптау мен 
кодтауды белгілейтін және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі 
білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін пайдаланылатын 
құжат. 
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
ұйымы – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің 
білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу 
қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны. 
Жоғары колледжтехникалық және кәсіптік, орта білімнен 
кейінгі 
білімнің 
интеграцияланған 
модульдік 
білім 
беру 


89 
бағдарламаларын іске асыратын оқу орны. 
Зерттеу университетіҚазақстан Республикасының Үкіметі 
бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын іске асыратын және 
білім 
мен 
ғылымды 
интеграциялау, 
жаңа 
білімді 
және 
технологияларды жинақтау мен трансферттеу үшін өз қызметінің 
нәтижелерін пайдаланатын университет. 
Инклюзивті білім беруерекше білім беру қажеттіліктері мен 
жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар 
үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс. 
Инновациялық білім беру консорциумыжоғары және (немесе) 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар 
мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, 
қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар 
негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық 
және өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт 
негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік. 
ИнститутҒылыми-педагогикалық қызметті, сондай-ақ кәсіби 
қызмет үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және 
(немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы. 
Институционалдық аккредиттеубілім беру ұйымы сапасының 
мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгілеген 
стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі. 
Интеграцияланған білім беру бағдарламаларыбілім беру 
бағдарламаларының тиісті мазмұнды аспектілерін біріктіру негізінде 
әзірленген білім беретін оқу бағдарламалар. 
Интернаттық ұйымдар – тұратын орын беріле отырып, белгілі бір 
санаттағы адамдардың білім алу құқықтарына мемлекеттік 
кепілдіктерді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары. 
Интернатураклиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім 
алушыларды базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде 
клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны. 
Кадетәскери, арнаулы оқу орнында техникалық және кәсіптік 
немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары 
бойынша білім алып жатқан адам. 
Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарыата-анасын 
немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз 
жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, уақтылы 
орналастырылуы мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе 


90 
оларды 
алмастыратын 
адамдардың 
қамқорлығынсыз 
қалған 
балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың 
өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан 
(олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып 
қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн 
балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк 
депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк 
қиын жағдайда жүрген балаларды қабылдауды және уақытша бағып-
ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы 
ұйым. 
Кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, 
жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне 
сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық 
пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске 
асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру. 
Кәсіптік білімбілім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік 
қызметті жүргізуіне және (немесе) нақты кәсіп немесе мамандық 
бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімдерді, 
машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді алуына бағытталған 
білім беру түрі. 
Кәсіптік даярлаубелгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажет 
жаңа немесе өзгертілген кәсіптік дағдыны меңгеру үшін жеке адамды 
дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны. 
Кәсіптік практикаболашақ кәсіптік қызметпен байланысты 
белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, 
дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді 
иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі. 
Кешенді тестілеу – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 
қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін 
емтихан нысаны. 
Колледжжалпы орта және техникалық пен кәсіптік білімнің 
немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын оқу орны. 
Кооперативтік оқытумемлекеттің, жұмыс берушілердің және 
оқу орындарының корпоративтік жауапкершілігіне негізделген, 
кадрларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру нысандарының бірі. 
Кредиттік оқыту технологиясыакадемиялық кредиттерді 
жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу 


91 
дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту. 
Курсантәскери, арнаулы оқу орнында жоғары білімнің білім 
беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам. 
Қауымдастырылған профессор (доцент), профессорбілім беру 
саласындағы уәкілетті орган беретiн ғылыми атақтар. 
Қашықтықтан білім беру технологиясыбілім алушы мен 
педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама 
өзара 
іс-қимылы 
кезінде 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана 
отырып жүзеге асырылатын оқыту. 
Қолданбалы бакалавриатбілім беру бағдарламалары 
"қолданбалы бакалавр" біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға 
бағытталған орта білімнен кейінгі білім. 
Қолданбалы бакалавр – орта білімнен кейінгі білімнің білім беру 
бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік. 
Қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйымбiлiм алушылар 
мен тәрбиеленушiлерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын 
iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы. 
Қосымша білім беру – білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен 
мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында 
жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі. 
Лицей – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес 
оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстанушылы-
математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және 
жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және 
қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу 
орны. 
Магистрмагистратураның білім беру бағдарламаларын 
меңгерген адамдарға берілетін дәреже. 
Магистрант – магистратурада білім алатын адам. 
Магистратурабілім беру бағдарламалары "магистр" дәрежесін 
бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан 
кейінгі білім беру. 
Маманадамдарға жоғары білімнің білім беру бағдарламасын 
меңгергеннен кейін берілетін біліктілі. 
Мамандандырылған аккредиттеубілім беру ұйымы іске 
асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау. 
Мектепке дейінгі ұйым – мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың 


92 
жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім 
беру ұйымы. 
Мемлекеттік білім беру тапсырысы – мектепке дейінгі тәрбие мен 
оқыту, орта білім беру жөнінде, экономиканың қажеттілігін 
қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін 
молықтыру үшін кадрларды даярлау, білікті жұмыскерлер мен 
мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау 
жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету 
жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі. 
Мемлекеттік оқу бітіру емтиханыбілім алушылардың орта 
білім беру курсын аяқтағаны туралы куәландыратын, мемлекеттік 
үлгідегі құжатты алуы үшін қажетті шарт болып табылатын, орта білім 
беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау 
нысаны. 
Оқу бағдарламасыәрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және 
(немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды 
мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама. 
Оқу жоспарытиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың 
оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, 
кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, 
реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын 
регламенттейтін құжат. 
Оқу-клиникалық орталығы – медициналық жоғары және (немесе) 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының қазіргі заманғы 
аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және 
білім алушылардың және (немесе) медицина қызметкерлерінің 
практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруіне және оларды 
бақылауға арналған құрылымдық бөлімшесі. 
Оқытубілім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдерді, 
машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді иелену, қабілеттерді 
дамыту, білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәжірибесін иелену 
және бүкіл өмір бойы білім алуға ынталануын қалыптастыру жөніндегі 
қызметін ұйымдастырудың мақсатты бағытталған процесі. 
Оқыту нәтижелерібілім алушылардың білім беру 
бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, 
машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және 
қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар. 
Оқыту-сауықтыру білім беру ұйымыбалаларды және оқушы 


93 
жастарды тәрбиелеу, оларға білім беру, сауықтыру, демалдыру 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға. 
Орта білімазаматтардың Қазақстан Республикасының 
Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және 
жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын 
меңгеруі нәтижесінде алатын білімі. 
Орта білім беру ұйымыбастауыш, негiзгi орта, жалпы орта 
бiлiмнің 
жалпы 
бiлiм 
беретін 
оқу 
бағдарламаларын, 
мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу 
бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы. 
"Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы – 
білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани 
дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, 
мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін 
айқындайтын бағдарлама. 
Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтары – 
тұрақты немесе уақытша (күндіз) болуды ұсына отырып, сондай-ақ 
қызметі өмірлік қиын жағдайдың алдын алу жөніндегі шараларды 
жүзеге асырумен байланысты заңды тұлғаларға ақпараттық, 
консультациялық, делдалдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну 
жолымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, білім беру 
органдарының қарамағындағы ұйымдар. 
Өндірістік оқытубілім беру ұйымдарының және (немесе) 
кәсіпорындардың (ұйымдардың) базасында білім алушылардың 
теориялық білім алуына, практикалық машықтануына бағытталған 
оқыту 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет