Типтік өзіндік тапсырмалардың ұсынылатын тізімі
1. Ағынды-механизмделген желіде сиырдың черевін өңдеудің
технологиялық сызбасы. Еткомбинатының ауысымына қуаттылығы
55 т сиыр еті шартымен, шикізат жəне дайын өнім санын есептеу.
2. Қуаттылығы 15 ІҚМ жəне 35 шошқа басы кіші кəсіпорындар
үшін тік ішекті өңдеудің технологиялық сызбасын жасау. Шикізат
жəне дайын өнім санын есептеу.
3. ІҚМ тоқ ішегін өңдеудің технологиялық сызбасы. Сызба
ауысымына қуаттылығы 50 т сиыр еті болатын еткомбинаты
қарауындағы цех үшін жасалынады. Шикізат жəне дайын өнім санын
есептеу.
4. Ағынды-механизмделген желіде шошқа черевінің өңдеудің
технологиялық сызбасы. Еткомбинатының ауысымына қуаттылығы
65 т шошқа еті шартымен, шикізат жəне дайын өнім санын есептеу.
5. Ағынды-механизмделген желіде ІҚМ черевінің өңдеудің
технологиялық сызбасы. Еткомбинатының ауысымына қуаттылығы
50 т қой еті шартымен, шикізат, дайын өнім жəне ішекті консервілеу
үшін кеткен тұз санын есептеу.
6. Еткомбинаты қарауындағы ауысымына қуаттылығы 75 т ет,
соның ішінде 50 т сиыр еті жəне 25 т шошқа еті ішек-қарын цехы
үшін қалбыршақ өңдеудің технологиялық сызбасын жасау. Шикізат
жəне дайын өнім санын есептеу.
7. Еткомбинаты қарауындағы ауысымына қуаттылығы 25 т сиыр
еті цехы үшін ІҚМ церевін өңдеудің технологиялық сызбасын жасау.
Өңдеу жəне консервілеу əдісін өзіндік таңдау. Шикізат жəне дайын
өнім санын есептеу.
8. Цехта техникалық фабрикат ретінде қолдану үшін ішек
шикізатын алдын ала өңдеудің технологиялық сызбасын жасау.
Шикізат санын есептеу.
9. Басқа кəсіпорыннан шикі түрде келіп түсетін тік ішектерді
өңдеудің технологиялық сызбасын жасау. Жеткізуші кəсіпорынның
қуаттылығы ауысымына 10 т сиыр еті. Шикі ішек қарын жəне дайын
өнім санын есептеу.
10. ІҚМ ішек жинағын жартылай фабрикат ішекке айналдырып
өңдеу үшін технологиялық сызба жасау. Өңдеуден тік ішектер өтеді.
Цехтың ауысымына 30 т сиыр еті болатын өндіріс құрамына кіруі
шартымен, шикізат жəне дайын өнім санын есептеу.
177
Достарыңызбен бөлісу: |