180
алып тастау. Фибрині алып тасталған
қанды дефибринирленген деп
атайды. Дефибринирленген қанды бөлгеннен кейін формалық
элементтер жəне іріткі алады.
Қанды плазмаға (іріткіге) жəне формалық элементтерге бөлу
үшін сепараторды қолданады.
Белгіленген уақытта өңдеуге мүмкіндік болмаған жағдайда
қолданылған қан мен қаннан алынған өнімдерді консервілеп, 4
о
С
жоғары емес температурада салқындатады немесе тоңазытады.
Шұжық өндірісінде тұтас қанды қолдану үшін қанды 2,5-3,0% ас
түзын қосу жолымен консервілеп, 4
о
С жоғары емес температурада 48
сағаттан көп емес уақытта сақтайды.
Қанның сақтау мерзімін жоғарылату үшін -18-35°С температу-
рада тоңазытады. Тоңазытылған қанды -8°С
жоғары емес
температурада 6 айдай сақтауға болады. Қанды жəне плазманы
(іріткіні) тоңазыту үшін мұз генераторындағы қабыршақты мұзды
қолдану əдісі қолданысқа ие. Фаршты жасау кезінде мұз емес
тоңазытылған қанды (іріткіні) қолдану фарштық өнімдерді өндіру
үрдісі кезінде негізгі ет шикізатының шығынын азайтады.
Қанды, плазманы (іріткіні) жəне
формалық элементтерді қара
немесе ашық тағамдық – құрғақ, ақуыз мөлшері көп жақсы еритін
альбуминді алу үшін қолданылады.
Кептіру алдында мақсатты түрде қанды (қан фракцияларын)
концентрлейді, мысалы мембраналық технологияларды, булануды
қолдануға болады. Мұндай əдістердің болашағы қанды жəне оның
плазмасын (іріткісін) консервілеу əдісі ретінде кептіру үрдісі
барысында энергия шығындарын азайту үшін бағытталған,
себебі
алынатын концентрат бастапқы плазмадағы (іріткідегі) 7-8% қарағанда
20-22% (ультрафильтрация қолдану арқылы), 35-40% (булануды
қолдану арқылы) құрғақ затқа ие болады.
Құрғақ еритін қанды алу үшін шашыратқыш түрдегі А1-ОРЧ,
кептіргіш қондырғылар А1-ФМУ, А1-ФМЯ жəне А1-ФМБ
қолданылады. Осы кезде пайда болатын қара альбумин антиане-
миялық əсері бар өнімдерді жасау үшін қолданылады, мысалы
балалар гематогені.
Қара жəне ашық альбуминді кептіру үрдісі кезінде шашы-
ратқыш кептіргіштерден бөлінетін өңделген ауамен өнім жоғалады.
Дайын
өнім жоғалуымен қатар, оны алып кету ауа бассейіне кері
əсерін тигізеді, ол қоршаған ортаға зиян болып келеді. Жоғалатын
181
құрғақ заттар саны шашыратқыш кептіру қондырғыларының түріне
байланысты.
Тағамдық өнімдерді өндіру кезінде қанның қолдану ортасын
кеңейту мақсатында оны түссіздендірудің бірнеше əдістері бар:
тотықтырғыш
заттарды қолдану, гемнің тұнбаға түсіп, глобиннің
босауымен жүретін гемоглобинді бөлу, май-қанды эмулсияларды алу.
Алайда бұл əдістер кең тəжірибелік қолданысқа ие болмады.
Тағамдық емес қаннан өнімдерді өндіру туралы көбірек
«Техникалық майларды жəне азықтық өнімдерді өндіру» тақырыбын
өткен кезде таңысасыздар.
Қанның санын анықтау үшін таза массадан жəне сойылған
өнімдердің орташа жылдық шығыс мөлшерімен (2) формула, дайын
өнімді есептеу (5) формуламен қолдану арқылы есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: