178
ҚАНДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
СЫЗБАСЫНЫҢ АНАЛИЗІ
Жұмыстың мақсаты: тақырып
бойынша теориялық мате-
риалды бекіту; мүмкін техникалық қайта қарулану кезінде,
технологиялық үрдісті жақсарту үшін ұсыныстар беруді үйрену.
Қан бағалы биологиялық шикізатқа жатады жəне ақуыздың
мөлшерімен етпен бір дейгейде болып келеді. Қандағы ақуыз
мөлшері 18-22%. Қан кейбір
минералды заттардың жоғарғы
мөлшерімен сипатталады, оның ішінде ең маңыздысы темір болып
саналады. Темір қанның кейбір ақуыз құрамына кіреді,
мысалы
гемоглобин жəне трансферин жəне де плазмада иондалған күйде
болады. Сондықтан темір адам ағзасымен оңай меңгеріледі. Қанда
айтарлықтай мөлшерде В дəруменінің топтары бар, мысалы тиамин,
рибофлавин,
пантотен қышқылы, ниацин жəне де аскорбин
қышқылы, А дəрумені жəне каротиндер.
Сондықтан қан əр түрлі өнімдерді өндіру үшін бағалы шикізат
болып табылады,
оның ішінде тағамдық, дəрілік, азықтық түрлері
ажыратылады. Сонымен қатар, қанды техникалық өнімдерді өндіру
үшін қолдануға болады.
Қанды малды сою жəне тушаларды бөлу цехында жинайды.
Жинау тəсілдеріне байланысты тағамдық жəне техникалық деп
бөледі. Қанды тағамдық мақсаттар үшін ашық жəне
жабық
əдістерімен жинауға болады. Бірінші жағдайда қан шығыс жəне
санитарлық күйі жоғарылайды.
Органолептикалық, физико-химиялық жəне микробиологиялық
көрсеткіштері бойынша тағамдық қан келесі талаптарға сай болуы керек.
(5-кесте).
Қанды біріншілік өңдеу тұрақтандыру немесе дефибринир-
леуден тұрады.
Тұрақтандыру кезінде ыдысқа алдын ала белгілі бір сулы
ерітінді – тұрақтандырғышты (қанды жинаудың ашық əдісі) құяды
немесе малды өлтіргеннен кейін күре тамырға қансыздандыру үрдісі
кезінде
енгізеді, содан кейін жайылма пышақпен вакуум астында
сорылып алады да келесі өңдеу үшін (қанды жинаудың жабық əдісі)
жіберіледі.
179
5-Кесте. Тағамдық қанның сипаттамалары
Достарыңызбен бөлісу: