22
Ластардан тазарту үшін оларды температурасы 10-12ºС суда
жуады. Ағынды суы бар чандарда жуу ұзақтығы 20-30 мин, чандағы
суды периодты түрде 2,5-3 сағ аралығында ауыстырып тұрады.
Салқындату. Май шикізаттарын суық
суы бар чандарда немесе
ауамен салқындатылатын камерада салқындатады. Суда технология-
лық шарттар бойынша жуылған шикізаттарды ғана салқындатады.
Чандағы шикізаттар 3-4ºС температурада 5-6 сағ аралығында
салқындатылады.
Дұрыстап ұнтақтау. Шыжғыру
процессінде май ұлпаларынан
майды тез жəне периодты жұмыс істейтін аппаратта өңделген май
шикізаттарын механикалық ұнтақтауға жібереді. Осы мақсат үшін
волчокты, дезинтеграторды,
АВЖ машинасын, коллоидты диірменді
қолданады. Механикалық ұнтақтау кезінде май ұлпасының клетка
аралық
структурасы бұзылады, осыған байланысты қыздыру кезінде
майдың бөлінуі жеңілденеді.
Сүйекті арамен кесу жəне уату. Түтік тəрізді сүйектен майды
алу үшін дискілі арамен аралайды. Қажетті жағдайда сүйекті жуғыш
барабанда немесе чанда температурасы 15-20ºС суда жуады. Сүйектің
барлық түрлерінен май алу үшін оларды сүйек
уатқыш машинада
уатады. Желатин жəне желім өндіруге арналған уатқыш сүйектің
размері 50 мм кем болмау керек, азықтық ұн шығару үшін 18-20 мм
кем болмау керек.
Достарыңызбен бөлісу: