23
Экстракция. Май шикізатынан майды ұшқыш еріткіштер
арқылы бөлу. Осы əдісті қолданған
кезде шикізаттан май толық
бөлініп шығады. Бірақ бұл əдісті қолдану үшін қымбат тұратын жəне
жарылғыш еріткіштер қолданылатын күрделі аппараттар қажет. Ет
өнеркəсібінде бұл əдісті сұйекті майсыздандыру үшін кілей жəне
желатин өндірісінде қолданылады. Май шығарудың гидромеха-
никалық əдісі өңделетін шикізаттың суда немесе басқа сұйық ортада
жəне машинаның жұмыс істейтін органының қозғалу кезінде пайда
болатын қуатты гидравликалық соққыны жəне кавитациялы
жылдамдықтағы импульсті қолдануға негізделген. Су
қысымының
жəне жоғары май жасушаларын ұстап тұратын байланыс бұзылады.
Сүйектен майды шығару үшін жəне оны ары қарай желім жəне
желатин өндірісінде қолдану үшін импульстік əдісті қолданған
лайықты. Себебі майсыздандырылған сүйектегі ақуыздық заттар
өзінің алғашқы қасиетін сақтайды.
Сүйекті майсыздандыратын электраимпульстік əдіс конденса-
тордың электрлі разрядтары кезінде түзілетін
гидравликалық
импульстерінің шикізатқа əсер етуімен бекітіледі. Сүйекті
майсыздандыратын электроимпульстік қондырғыға арналған төменгі
кернеудегі ток (127-220 В) конденсаторда жиналатын жəне бір
уақытта разряд түріне берілетін жоғарғы кернеудегі (50-90 кВ жəне
одан да көп) токқа айналады. Сонымен қатар электр энергиясы
жарылу энергиясына айналады жəне сұйықта импульстің пайда болу
нəтижесінде сүйектен май шығады. Сүйектің жəне судың ара қатнасы
1: (2÷4). Алынған сүйек майы жоғарғы
сапалы сипаттамасымен
ажыратылады.
ВНИКИМП өңделген сүйектен майды шығаратын вибрациялық
əдіс температурасы ыстық суы бар вибрацияның жəне механикалық
араластырудың бір уақытта сүйекке əсер етуімен бекітіледі. Бұл əдіс
сүйекті майсыздандыру процессін күшейтуге жəне жоғары сапалы
май алуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: