Технологиясы



Pdf көрінісі
бет16/125
Дата04.08.2023
өлшемі2.15 Mb.
#475949
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   125
1.24. Шыжықты өңдеу 
 
Периодты жəне үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарда майды 
шыжғыру əдістерінің біреуі май шикізатынан майдың толық шығуын 
қамтамасыз етпейді жəне олардың кейбір бөліктері шыжықта қалып 
қояды. Сондықтан шыжықтан майды қосымша əртүрлі əдістермен 
шығару қажеттілігі туындайды. Осылай алынған майдың сорты май 
шикізатынан алынған майдың сортынан төмен болады. Ашық 
қазаннан алынған дымқыл шыжықты атмосфералық жəне үлкен 
қысымда суда майсыздандырады. Ашық қазанда шыжықты қайнату 
100°С температурада 2,5 сағат аралығында, ал автоклавта -0,2-0,25 
МПа қысымда 2 сағат аралығында жүргізіледі. Процесс аяқталғаннан 


26 
кейін қазанның ішіндегісіне тұз қосып, тұндыруға қояды. 5% ке дейін 
майы бар қайнаған шыжықты 75ºС температурада, 0,08 МПа 
қысымда 3,5-4 сағат дейін ылғалдылығы 6-8% вакуум астында 
кептіргеннен кейін, құрғақ азық өндіруге жібереді.
 
1.25. Майды қоспадан жəне ылғалдан тазалау 
 
Сүйектен жəне май шикізатынан шығару нəтижесінде алынған 
майды, шыжықтан пресстеу жəне қайнату арқылы алған майда судың, 
сүйектің жəне шыжықтың, минералды тұздардың май сапасын 
төмендететін қоспалары бар. Ашық екі қабырғалы қазанда 
шыжғырылған майдың құрамында 0,6-1,6% ылғал, 0,15-0,5% 
қоспалар бар. Горизонтальды вакуумды қазанда шыжғырылған 0,1-
0,3 жəне 0,3-0,5% май сəйкес. Əсіресе шыжықты пресстеу арқылы 
алынған май қоспалармен ластанған.
Шыжғырылған майды ылғылдан жəне қоспадан тұндыру
фильтрлеу жəне сепарирлеу арқылы тазалайды. 
Тұндыру – майдың жəне ондағы майдан ауыр қоспалардың 
тығыздықтарының əртүрлігіне негізделген. Тұндыру кезінде майдың 
сапасы нашарламайды, себебі май ұзақ уақыт ауамен байланыста 
болады. Майды тұндыру тепмературада сағат аралығында жүреді. 
Тұндыру үшін көлемі жəне конструкциясы əртүрлі қабылдағыштарды 
жəне тұндырғыштарды қолданады.
Фильтрлеуді – вакуумды горзонтальды қазанда шыжғырылған 
майдың шыжығының құрғақ бөліктерін алып тастау үшін қолданады. 
Өйткені шыжғырғаннан кейін оларда ылғалдың құрамы болмайды.
Майды сепарирлеу центрден тепкіш күштің əсерінен бөлінген 
заттардың тығыздықтарының əртүрлігіне негізделген жəне майды 
тазалаудағы тиімділігі болып табылады. Сепарирлеу кезіндегі 
қоспалардың күшті жəне өте жылдам бөліктері үшін майға темпе-
ратурасы 80-90°С болатын 10-15% су қосады. Сепарирлеуге түскен 
майдың температурасы 96-100ºС болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет