74
ұсақталған ( «Конек-горбунок» жəне басқалар, бөлшек мөлшерлері -
2÷3 мм). 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға тағамдарына арналған
тағамдардың түрлері анағұрлым кеңейтілген жəне
ересек адамдар
организміне жақындатылған, бірақ бұл жастағы бөбектердің физио-
логиялық ерекшеліктері жəне бұл жастағы
метаболизм процесінің
сипаттамасы ескерілген.
11.2. Шикізаттарға қойылатын талаптар
Балалар өнімдерін жасап шығару үшін, сиыр еті, субөнімдер,
өкпе-бауыр, жылқы, шошқа еттері, құс еті (балапан) пайдаланылады.
1 жасар бөбектер үшін консервілер жасап шығарудың шикізаттары -
өнеркəсіп негізде бордақыланған 12-20 айлық
өгізшелер еті болып
табылады. Жас балалардың тағамдары үшін бауыр, тіл, ми
пайдаланылады.
Балаларға арналған ет консервілерінің биологиялық құнды-
лығын көтеру мақсатымен жəне олардың құрамының жас балалардың
ас қорытуына жəне заттар алмасуының физиологиялық ерекше-
ліктеріне бейімделуі үшін, ет шикізаттары
белок шикізаттарының
басқа да түрлерімен (қаймақсыз сүт, май, су, сары су, гидролизденген
көкөніс ақуызы, соя жəне жұмыртқа белоктары, т.б.) байытылуы
мумкін.
Құс еті, əсіресе балапандардың еті
толық құнды ақуыздың көзі
болып табылады, бұларда байланыс талшықтары аз болады,
мұның
өзі оны балалар организмінің жеңіл қортуына жəне сіңуіне себеп
болады. Механизм күшімен сылынған балапан етінің биологиялық
құндылығы өте жоғары. Балапан
етінен балаларға арналған
консервілерді жасап шығару мерзімі 2 сағаттан аспауы керек.
Өндірістегі ауаның температурасы 12°С артпауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: