Технологиясы



Pdf көрінісі
бет90/125
Дата04.08.2023
өлшемі2.15 Mb.
#475949
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   125
Семіздік категориясы 
Қыртыс май 
қалыңдығы, см
Туша массасы, кг 
I категория (бекондық) 1,5-3,5 
53-72 
II категория (етті)
1,5-4,0 
39-86 (теріде) 
34-76 (терісіз) 
37-80 (крупонсыз) 
II категория (шошқа асты) 1 
жоғары 12-38 
(теріде) 
10-33 (терісіз) 
III категория (майлы) 4,1-ден жəне 
одан жоғары 
шектеусіз 
IV категория (өндірістік 
қайта өңдеу) 
1,5-4 
76 жоғары (терісіз) 
86 (теріде) 
80 (крупонсыз) 
V категория (торай еті) - 3-тен 6 кг дейін 
(теріде) 
Соятын цехтарда жарты немесе бүтін тушаларға сəйкесінше 
таңба басылады, дөңгелек, төртбұрыш немесе үшбұрышты, ол 
семіздігін көрсетеді, демек еттің тауартанушылық таңбалауы болып 
табылады. Етті таңбалау үшін күлгін жəне қызыл тағамдық бояулар 
қолданылады. Күлгін бояумен іске асырылуға бағытталған, 
сақталатын жəне жүктелетін етті таңбалайды; ал қызыл бояумен 
салқын күйінде сақталатын шикізатты, осы етті алынған жерден ет 
өнімдерін өндіру үшін таңбалайды. Ешкі жəне жылқы еттерін тек 
қызыл тағамдық бояуымен таңбалайды.
Қосымша семіздікті көрсететін таңбалардың оң жағына қарай 
биіктігі 20 мм штамптар басылады: жас сиыр етіне – М əрпі, бірінші 
тумаларға – П, жас емес бұқаларға – Б, қалыпты емес сиыр жəне қой 
етіне, демек өңдеулік ақаулары бар, семіздік бойыша таңба қойып, оң 
жағына НС əріпті таңба басылады.
Егер бақылау малдың семіздік категориясын бағалайтын баға 
беруші маман емес ветеринарлық дəрігермен жүргізілсе, онда төрттен 
бір, жарты жəне бүтін тушаларға тікбұрышты формалы таңба 
басылады. 4-суретте ветеринарлық жəне тауартанушылық таңба-
лардың мысалдары көрсетілген.


149 
а
б
в г д е ж з 
4-сурет. Ветеринарлық жəне тауартанушылық таңбалар түрлері:
Ветеринарлық таңбалар үлгілері: а – сопақша; б – тікбұрышты;
ет үшін тауартанушылық таңбалар үлгілері в – бірінші категориялы;
г – екінші категориялы; д – семіз шошқа; е – арық немесе өндірістік қайта 
өңделген шошқа еті; ж – қалыпты емес шошқа еті; з – жылқы, бұғы т.б.
етін сипаттайтын қосымша штамп 
Шикізатты жəне дайын өнімді ескеру үшін қолданылатын 
терминдер: 
Тірі масса – бұл малдың таза массасы, бірақ оның 3% ішек-
қарынды құрайды.
Сойылатын масса (сүйектегі ет массасы) – өңдеуден кейінгі 
булы еттің массасы.
Сойылған шығыс – бұл сойылған еттің тірі массаға қатынасы, ол 
процентпен беріледі.
Əр малдың түрінде ең көп шығыс жас жəне семіз малдарда 
болады. Шошқа етінің сойылған шығысы тамақтануына, семіздік 
категориясына жəне өңдеу тəсіліне (теріде, терісіз, крупонлау) 
байланысты. Ауысымда қайта өңделетін малдың тірі массасы мына 
формуламен анықталады:
а
Ак
Аж
100


, (1) 
мұнда Ак – сүйектегі ет массасы немесе сойылған өнімдер, кг; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет