150
Аж –
малдың тірі массасы, кг;
а – орташа жылдық сүйек еттің
немесе сойылған өнімдер
шығысының мөлшері, % таза массаға.
Ауысымдағы дайын өнім санын мына формуламен анықтайды:
100
а
Аж
Ак
. (2)
Ауысымда қайта өңделетін мал басының санын мына формуламен
анықтайды:
Ж
Аж
N
, (3)
мұнда
N – мал басының саны;
Ж – бір мал басының орташа тірі массасы, кг.
Малды сою немес тушаны бөлу кезінде екіншілік тағамдық жəне
тағамдық емес өнімдер алынады, олар өз алдына басқа ет май
өндірістің шикізаты болып табылады. Сою өнімдерінің саны 2
формуламен есептеледі. Өзіндік тапсырманы
орындауға арналған
мəліметтер А қосымшасында көрсетілген.
Типтік өзіндік тапсырмалардың ұсынылатын тізімі
1. Ауысымына қуаттылығы 25 т ет цехының ІҚМ қайта өңдеудің
технологиялық сызбасы. Таза массасы жəне мал басының санын,
тағамдық емес шикізатты есептеу.
2. Ауысымына қуаттылығы 40 т ет, оның ішінде 15 т сиыр жəне
25 т шошқа еті, цехының əмбебап желіде ІҚМ жəне
шошқалардың
қайта өңдеудің технологиялық сызбасы. Шошқалар терісіз өңделеді.
Таза массасы жəне мал басының санын, тағамдық қан жəне
тұрақтандырғыштар санын есептеу.
3. Ауысымына қуаттылығы 50 т ет цехының шошқалардың
қайта өңдеудің технологиялық сызбасы. Шошқалар крупондау
тəсілімен жəне теріде қайта өңделеді.
Дайын өнім саны мен тері
консервілеу цехы үшін шикізатты есептеу.
151
4. Ауысымына қуаттылығы 80 т ет цехының ІҚМ қайта өңдеудің
технологиялық сызбасы. Таза масса, мал басының санын жəне ішек-
қарындық цех үшін шикізатты есептеу.
5. Ауысымына қуаттылығы 50 т ет цехының ҰҚМ қайта
өңдеудің технологиялық сызбасы.
Таза масса,
мал басының санын
жəне техникалық фабрикат цехы үшін шикізатты есептеу.
6. Ауысымына қуаттылығы 75 т ет цехының шошқаларды қайта
өңдеудің технологиялық сызбасы, шошқалар үш тəсілмен өңделеді,
соның ішінде 30 т терісіз, 15 т теріде, 30 т крупондау.
Дайын өнім
санын есептеу.
7. Ауысымына қуаттылығы 45 т ет цехының ІҚМ қайта өңдеудің
технологиялық сызбасы, жабық əдіспен қанды жинауды бақылау
керек. Дайын өнім саны мен қанды қайта өңдегеннен кейін плазма
санын есептеу.
8. Ауысымына қуаттылығы 50 т ет цехының ІҚМ қайта өңдеудің
технологиялық сызбасы, тушаларға
тағамдық қабатты енгізуді
бақылау керек. Дайын өнім саны мен қабатты енгізу арқасында ет
санының өсуін есептеу.
9. Ауысымына қуаттылығы 60 т ет, оның ішінде 40 т қой жəне
20 т шошқа еті, цехының əмбебап желіде ҰҚМ жəне шошқалардың
қайта өңдеудің технологиялық сызбасы. Таза масса, мал басының
санын жəне тағамдық қанның санын есептеу.
10. Ауысымына қуаттылығы 55 т ет цехының терідегі
шошқалардың қайа өңдеудің технологиялық сызбасы, жоғары
жиіліктегі токпен қатаңдануын ескеру керек. Дайын өнім санын жəне
субөнімдік цех үшін шикізатты есептеу.
Достарыңызбен бөлісу: