1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Жеке жұмысын ұйымдастыру және басшының өзін-өзі реттеуі



Pdf көрінісі
бет24/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

7.2 Жеке жұмысын ұйымдастыру және басшының өзін-өзі реттеуі
Басшы шешім қабылдап, оның орындалуын ұйымдастырып,
қарауындағы адамдардың жұмысын бақылаған кезде, ол өзінің міндетіне
лайық әрекет етеді. Әйтсе де, бұл жағдайда әрбір басшы оның басшылық
стилін айқындайтын басқару үрдісінде өзіне тән әдіс-әрекетімен, өзіндік
ерекшелігімен көрінеді. Барлық жағынан ұқсас екі адамның болмайтыны
сияқты, бір-бірімен айнымайтын басшылық стилі де болмайды. Басшылық
стилі басшылар мен бағыныштылардың араласуымен, олардың өзара
қарымқатынасымен, бүкіл еңбек ұжымының ықпалымен қалыптасады.
Стиль ұжымдағы әлеуметтік қатынастардың бүкіл біртұтас ықпалымен
қалыптасқанымен, ол белгілі дәржеде басшыға да байланысты болады.
Өйткені, шаруашылық пен тәрбие жұмысының табиғи байланысын
тәжірибеде жүзеге асыратын тек басшы ғана. Оның қызметінің жемісті болуы
көптеген, күрделі факторлар арқылы анықталады.
Басшы еңбегінің тиімділігін, істің қорытындысымен ғана өлшеуге
болады. Барлық шығармашылық еңбек сияқты, басшының еңбегіне де
мынадай бір тән ерекшелік бар: оның шығарған өнімі, қабылданған шешімі,
барлық уақытта дерлік оны қабылдауға кеткен уақыты көрсетіп бере
алмайды. Сондықтан, басшының өндірісті басқарудағы еңбегін, оның
шешімді қабылдауға жіберген уақытының емес, ақырғы нәтижесін есептеп,
бағалау қажеттігі объективті түрде туады.
Лидерлік – бұл жеке адамдар немесе бір топ адамдарға әсер ету қабілеті
және оларды белгілі бір мақсатқа жету үшін жұмыс үрдісі болып табылады.
Бихевиорист ғалымдар лидерлік анықтамасының мағынасын тиімді
қолданудың үш тәсілін атап көрсеткен: 1) жеке адамның қасиеті мен
көзқарасы жағынан қарағандағы тәсіл; 2) тәртіптілік тәсіл; 3) жағдайлық
тәсіл.
Жеке адамдардың лидерлік теориясымен келісілген немесе әйгілі
адамдар теориясы жағынан қарастырғанда, басқарушылардың таңдамалары
анықталған, барлығына қатысты жеке адамдардың қасиеттеріне ие болған.
Бұл ойды жетілдіре отырып, былай атап көрсетуге болады: егер бұл
қасиеттерді таба білсе, онда адамдар бұл қасиеттерді тәрбиелей алар еді және
осымен бірге олар тиімді жетекші (басқарушы) бола алар еді [20].
Бұл ерекшеліктер төмендегідей:
1. интеллект пен білімнің деңгейі;
2. әсерлі сырт-бейне;
3. шындық;
4. дұрыс ақыл;
5. экономикалық және әлеуметтік білім;
6. өзіне деген сенімділік. Бірақ, әр жағдайда әр түрлі қабілеттілік пен
қасиет қажет.


31
Тәртіптілік тәсіл – басқарушы стилін жіктеудің негізін немесе
тәртіптілік стилін қалайды. Бұл тәсілде, тиімділік басқарушының жеке
қасиетімен анықталмайды, ал оның бағынушыларға деген көзқарасымен,
қарым-қатынасымен анықталады. Тәртіптілік тәсіл жетекшіліктің алға қойған
мақсатының алға жылжуына үлес қосқанымен, оның кемшілігі де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет