7.3 Басшының қарамағындағылармен өзара қарым-қатынас
жасауы
Басшылық – бұл басшының мақсатқа жету бағытында және жеке
мақсаттары жалпы мақсатпен ұйымдастыру жолында өзіне бағыныштыларын
нақты іс-қызметтерге итермелейтін, сезімдерін оятатын шараларының
жиынтығын білдіру.
Басшылық тәсілдері:
Иелік жасау. Басшы өзінің қызметкерлеріне, бағыныштыларына нені
жасау, нені жасамау және қандай жағдайда не істеу керек екендігін көрсетеді,
тапсырады.
Түсіндіріп тарату – ауыртпашылық ортасы (нүктесі) тікелей кестеден
адамдармен өз еріктеріне, ынталарына ауады. Мұнда басшы үлкен
белсенділік көрсетеді.
Түсіндіріп беру, ақыл айту (беру) – бұл адамдар, ұжымдар, өз
еріктерімен жұмыс жасап, өзін-өзі бақылай алу деңгейіне жетуі.
Кей жағдайларда басшы юидік жүргізу, беруден бас тартады, сөйтіп
белгілі шешімдерді қабылдауда, шешуде өзінің қызметтеріне өкілеттілік
беріп, оларға проблеманы (мәселені) шешуде белгілі дәрежедегі
жауапкершілік жүктейді.
Басшы не болмаса менеджер – іс-қызметтің жасалуын басқа біреулер
арқылы қамтамасыз етеді. Олардың жұмыстағы жетістіктері олардың нақты
іс-қызметтерімен емес, керісінше адамдарда сезім, ынта жігер көзін оята
алатын қабілеттермен бағаланады.
Басшының мақсаты адамдарға олар жұмыстарды (тапсырылған)
орындайтындай ықпал жасау. Бұл қызметі орындау үшін басшыға ресми
өкілеттік пен бірге билік қажет болады.
Билік – бұл басшыларға (олардың іс-қимылдарына) ықпал жасау
мүмкіндігі.
Ұжымға басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа,
әлеуметтік-псхологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның
әр түрлі статустары, иерархиялық құрылымдары (бір жұмыскердің екіншісіне
бағынуы арқылы көрінетін) және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас,
олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бірін-бірі мойындау, ықпал
ету, стиль, мүдделік т.б. болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін таңдай
білу әлеуметтік-психологиялық проблеманың ең өзектісі. Басқармадағы
жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық, әрі түбегейлі баға
басшы жұмысының стилі бойынша жүзеге асады [21].
|