1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру бойынша смета



Pdf көрінісі
бет53/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

19.6. Шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру бойынша смета
жасау
Ішкі шаруашылықтық жолдарды орналастыруды жобалау аудандық
жерге орналастыру схемасын, оның ішінде жолдар жүйесінің орналасуы
жайында шешімдерді негізге ала отырып жасалады және осы жобадағы
белгіленген өндіріс бөлімшелерінің және шаруашылық орталықтарының
орналасуына байланысты жасалады. Және басқа, жоғарғы категориядағы
ортақ жолдардың құрылыс жүргізу және реконструкциялау жобалары есепке
алына отырып ішкі шаруашылық жолдар жобаланады.
Жобаның бұл құрам бөлігінде ең негізгі мәселе - ішкі шаруашылық
жолдардың бағыттарын анықтау. Ол үшін жүк айналу пунктілері анықталады
(грузооборотные пункты по значимости).
Олар маңыздығына қарай 4 топқа бөлінеді:
І топ – әкімшілік ауданының орталығы, темір жол станциясы, өнімді
өңдейтін пунктілер, мәдени орталықтар.
ІІ топ – а/ш-тық және жергілікті өндіріс ксәіпорындары, ірі елді
мекендер.
ІІІ топ – ішкі шаруашылықтық жүк тасымалдау пунктілері –
шаруашылық орталықтары мал фермалары, басқа ірі өндіріс объектілері.
ІV топ – ауыспалы егістік алқаптары, көпжылдық өсімдіктер, мал
азықтың алқаптыр. Жүк айналымы – ішкі шаруашылықтық және сыртқа
жүктер мен адамдарды тасымалдау.
Жалпы және тауарлық өнімнің мөлшері белгісіз болғанда олар
шаруашылықтың келешек болжам жоспарларын 40-50% көбейте отырып
алынады, немесе есептеу арқылы. Ол үшін а/ ш кәсіпорындарының
статистикалық есеп беру материалдарын зерттеу отырып анықталады.


66
І топ жолдарына 10-15 жылдық, ІІ топқа 5 жылдық деректер жиналады.
Ал басқа топтарға – қазіргі кездегі деректер алынады. Жолдың орташа
жылдық жүк тығыздығы дегеніміз – белгілі бір учаскемен бір жылда өтетін
барлық жүктердің жалпы мөлшері. Ол транспорттық байланыс схемасы
бойынша жол бөлектері бойынша (өтетін) тасылатын жүктердің қосындысы
ретінде анықталады.
Сол схема арқылы ішкі шаруашылықтық жолдардың ең экономикалық
нәтижелі бағыттары анықталады және осы жолға басқа жүк тасымалдау
пунктілерімен келетін кіріс жолдары белгіленеді. Жолдардың бағытын
анықтағанда ортақ пайдаланудағы және жамылғысы бар жолдар, қоршаған
орта есепке алынады. Жолдан биік жерлер, жер бедері күрделі емес жерлер
арқылы өтеді. Жолдар, құнды а/ш-тық алқаптар арқылы неғұрлым аз өтуі
керек. Жолдың категориясы және жамылғысының типі – олардың мәніне,
құрылыс материалдарының бар болуына, автомобильдер жүрістерінің
қарқындылығына және жолдың жүктасымалдау тығыздығына байланысты
таңдап алынады [15].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет