118
линге сезімталдығын жоғарлатады, инсулинрезистенттілікті төменде-
теді, қан сары суының атерогенділігін төмендетеді, АҚҚ төмен-
детеді. Физикалық жүктеме режімін
әр науқасқа, оның қосалқы
ауруларын және ҚД асқынуларының айқындылығына байланыс-
ты индивидуальды тағайындалады. Ең жалпылама нұсқаулықтарға
күніне немесе күн аралата 30-60 минут серуендеу жатады. Ұзақ
жүктемелер тағайындалмайды, себебі жүрек
қантамыр аурулары-
ның асқынуын және гипогликемиялық провакациясын шақырады.
Пероральды қантты төмендетуші дәрі-дәрмектер:
Қазіргі кездегі диабетологиядағы қолданылатын пероральды қант
төмендетуші препараттардың 5 негізгі тобы бар:
Сульфанилмочевина препараттары (гликлазид, гликвидон, гли-
пизид, глимепирид, глибенкламид)
Меглитинидтер (репаглинид) және фенилаланин туындылары
(натеглинид)
Бигуанидтер (метформин)
Тиазолидиндиондар (пиоглитазон, розиглитазон)
а-глюкозидаза ингибиторлары (акарбоза)
Сульфанилмочевина және меглитинид препараттары ұйқы бе-
зінде инсулин секрециясының стимуляторлары болып табылады.
Бигуанидтер мен тиазолидиндиондар
инсулинрезистенттілікті жоя-
ды: бигуанидтер негізінен бауыр деңгейінде, бауыр глюконеоге-
незін блоктайды,
тиазолидиндиондар негізінен, перифериялық тін-
дер деңгейінде, бұлшық ет тінінің инсулинге сезімталдығын жо-
ғарлатады. а-глюкозидаза ингибиторлары
глюкозаның ішекте ыды-
рауына қатысатын ферментті блоктау арқылы глюкозаның АІЖ
на сіңірілуіне кедергі жасайды. Осы препараттарды таңдау кезінде
осы науқаста ҚД 2 дамуында қандай механизм басым екенін
елестете білу керек. ҚД 2 науқастанған қарт адамдар үшін опти-
мальды қант деңгейін төмендетуші препарат
бінеше топтарға сай
болу керек, солардың ең негізгісі – "зиян келтірме".
Достарыңызбен бөлісу: