95
пайдалануына жол ашады. Осының бəрі – мектептің орта буыны
үшін базалық курстың жаңа салалары.
1990 жылдардың бірінші жартысында информатиканы
мектептердегі үздіксіз курсын оқыту идеяларын дамытушы
тұжырымдамалар мен оқу бағдарламалары
пайда бола бастады
[18, 19, 16, 20]. Информатика негіздерін меңгеру жəне мектептер-
де оқыту үдерісінде ақпараттық мəдениетін қалыптастыру үшін үш
кезеңге бөліп оқыту қажет деп есептелді. Бірінші кезең (I-VI кластар)
– насихаттаушы – танысу, екінші кезең (VII-IХ кластар) – базалық
курс, үшінші кезең (Х-ХI кластар) бағдарлы курстар. Информатика
курсын оқудың нəтижесінде мектептегі барлық оқу пəндерін оқу
барысында ақпараттық технология құралдары мен əдістерін жүйелі
қолдану мүмкіндігі туады.
Сонымен қатар, оқушылардың информатикалық білім мазмұнына
қойылатын талаптарды анықтайтын маңызды құжат «Информатика
бойынша мектептегі білім мазмұнының негізгі компоненттері»
қабылданды [21].
«Негізгі компоненттердің» мазмұны курстың мазмұндық-
əдістемелік желісін анықтайтындай төмендегідей қысқаша түрде
жинақталды:
1. Ақпараттық үдерістер, ақпараттың берілуі.
2. Алгоритмдер жəне программалау.
3. Компьютер жəне программамен қамтамасыз ету.
4. Формальдау мен модельдеу негіздері.
5. Ақпараттық технология.
«Негізгі компоненттермен» бірге сол кезде ішінара тəжірибеден
өткен оқу-бағдарламалық кешендерді де ұсынылды. Мысалы,
А. А. Кузнецов жасаған информатиканың базалық курсы [21],
А. Л. Семенов пен Н. Д. Угринович [21] жəне Е. Я. Коган мен
Ю. А. Первин [21] ұсынған орта мектептердегі
информатиканың
үздіксіз курсының екі түрлі нұсқасы болды.
1990 жылдардың соңына қарай информатиканың үздіксіз курсы
мазмұны тұжырымдамасы барынша жинақталған түрінде арнайы
«Информатика 1-11 сынып» атты бағдарламалық-əдістемелік ма-
териалдар жинағында берілді. Оған 1-6 жəне 5-7 сыныптар үшін
информатиканың пропедевтикалық курсының екі бағдарламасы, 8-9
сыныптарға арналған базалық курс бағдарламасы, негізгі мектептің
7-9 сыныптар үшін базалық курстың екі бағдарламасы, 8-11 сынып-
96
тар үшін информатиканы тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлы
курс бағдарламасы жəне жалпы білім беретін мекемелердегі 1-11
сыныптар үшін «Ақпараттық мəдениет» эксперименттік курсының
бағдарламасы енгізілді. Жалпы орта білім берудің 1-ші сыныптан
бастап 11-сыныпқа дейін аралығын
қамтитын бұл бағдарламаның
маңызды ерекшелігі оқу материалдарын параллель жəне жинақы
оқыту болып табылды.
Мемлекеттік білім беру стандарты негізгі білім беру
бағдарламалары мазмұнының міндетті минимумын, оқушылардың
оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, мектеп бітірушілердің
дайындық деңгейіне талаптар белгілейді. Жаңа білім беру
бағдарламалар бойынша
жұмыс барысында жалпы білім
берудің мемлекеттік стандартындағы мемлекеттік компоненттер
тұжырымдамасы қаралды.
Информатикадан жалпы білім беру стандарты төмендегідей
талаптарды:
– мектептердің базалық оқу жоспарындағы информатика кур-
сын;
– білім беру саласы мазмұнының
міндетті минимумы ретінде
информатиканың базалық курсы мазмұнын;
– білімділік, біліктілік, дағды жəне ғылыми ұғымдары түрінде
оқушылардың дайындық деңгейін;
– жалпы білім беру стандартында қойылаған талаптарға сай
оқушылардың білімін бағалау жəне тексеру құралдары мен техноло-
гиясын анықтайтын нормативті құжат болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: