дәрілік заттардың, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарнамасы
дәйекті болуға, арнаулы білімсіз немесе арнаулы құралдарды қолданбай ұғынып-танылуға,
басқа медициналық қызметтер көрсетумен және емдеу әдістерімен, дәрілік
заттармен,
медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен салыстыруды болғызбауға,
тұтынушыларды, олардың сенімін, оның ішінде сипаттамасына, құрамына, тұтынушылық
қасиеттеріне, құнына (бағасына), қолданудың болжамды нәтижелеріне, зерттеулер мен
сынаулар нәтижесіне деген сенімін теріс пайдалану арқылы шатасуға ұрындырмауға тиіс.
3. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканың,
профилактика құралдарының жарнамасына;
2) дәрігер рецепті бойынша босатылатын дәрілік заттардың үлгілерін жарнама
мақсатында таратуға;
3) балаларға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды
қоспағанда, балаларды, олардың бейнесі мен дауысын дәрілік заттардың,
медициналық
мақсаттағы бұйымдардың жарнамасына пайдалануға;
4) қоғамдық көлікте, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканың мақсатына, пайдаланылуына және босатылуына қатысы жоқ ұйымдарда
олардың жарнамасын таратуға және орналастыруға;
5) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың
плакаттар, стендтер,
жарықты табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және жарнаманы
тұрақты орналастырудың өзге де объектілері түрінде ұсынылған сыртқы (көзбен көрілетін)
жарнамасын орналастыруға;
6) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы ақпаратты ғылыми
немесе білімдік мақсатта тарату жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттарды және
медициналық мақсаттағы бұйымдарды тағайындауға уәкілетті медицина қызметкерлерін жарнама
таратушылар ретінде пайдалануға тыйым салынады.
4. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың,
сондай-ақ профилактика құралдарының жарнамасы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті
орган белгілеген сарапшылық органның жарнама материалына алдын ала сараптамасынан кейін
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүргізіледі.
5. Медициналық қызметтер көрсетудің және емдеу әдістерінің жарнамасын
мамандандырылған
медициналық басылымдарда, өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында және
медициналық қызметтер көрсетуге қатысы бар жерлерде таратуға және орналастыруға жол
беріледі.
Дәрігерлердің рецепті бойынша босатылатын, оның ішінде есірткі құралдарын,
психотроптық заттар мен прекурсорларды қамтитын дәрілік заттардың жарнамасы тек қана
медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арналған арнаулы баспасөз басылымдарында
жүзеге асырылуы мүмкін.
6. Жарнаманы шығаруды, тарату мен орналастыруды бақылауды
уәкілетті органдар өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.
7. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасы
жарнаманың мазмұнына, шығарылуына, таратылуы мен
орналастырылуына қатысты бұзылған жағдайда жарнама шығарушы,
жарнама беруші, жарнама таратушы Қазақстан
Республикасының жарнама
туралы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: