Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара



Pdf көрінісі
бет9/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

10-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара
іс-қимыл
1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру
мақсатында денсаулық сақтау саласындағы реттеуді жүзеге асыратын
мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде көмектесуге міндетті.
2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардың, халықаралық және басқа да 
ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі 
жанынан мәртебесі мен өкілеттігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын 
денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші орган құрылады.
Жергілікті атқарушы органдар жанынан мәртебесі мен өкілеттігін жергілікті атқарушы 
органдар айқындайтын денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіруші органдар 
құрылады.
3. ОрталЫқ атқарушы органдар әзірлейтін, халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау 
жүйесі мәселелерін тікелей немесе жанама түрде қозғайтын нормативтік құжаттар денсаулық 
сақтау саласындағы уәкілетті органмен міндетті түрде келісуге жатады.
4. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін нормативтік құқықтық 
актілер мен нормативтік құжаттар ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, органдар мен 
ұйымдардың орындауына міндетті болып табылады.
5. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар ведомстволық 
бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерінің) қызметі және бекітілген 
контингенттің денсаулық жағдайы жөніндегі ведомстволық статистикалық есептілікті 
денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына беруді қамтамасыз 
етеді.
6. Мемлекеттік органдардың ведомстволық медициналық қызметтерінің басшыларын 
тағайындауды тиісті мемлекеттік органдардың басшылары денсаулық сақтау саласындағы 
уәкілетті органмен келісе отырып жүзеге асырады.
7. Денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерінің басқа мемлекеттік органдардың 
ақпараттық жүйелерімен ақпарат алмасу мәселелері жөніндегі өзара іс-қимылы Қазақстан 
Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар ведомстволық 
медициналық ақпараттық жүйелерді әзірлеу кезінде ведомстволық медициналық ақпараттық 
жүйелердің техникалық параметрлерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен 
келісуді қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет