2) өнім (зат) құрамында Қазақстан Республикасында қолданылуға тыйым салынған
заттар
мен материалдарды пайдалану;
3) өтінім берушінің дәйексіз мәліметтер табыс етуі;
4) өтінім берушінің өнімнің (заттың) қауіпсіздігін анықтау үшін қажетті сынаулар
жүргізуден бас тартуы;
5) санитариялық-эпидемиологиялық және басқа да зерттеулердің өнімнің қауіпсіздігін
және/немесе тиімділігін және/немесе сапасын сипаттайтын қанағаттанарлықсыз нәтижелерінің
алынуы;
6) егер өнімге (затқа) және оны дайындау жағдайларына қатысты қауіпсіздік
талаптары белгіленген болса, өнімде (затта) және қоршаған ортада қауіпті факторларды
анықтау және өлшеу әдістемесінің болмауы;
7) өнімнің (заттың) өндірілу, қолданылу (пайдаланылу) кезінде адам денсаулығына
зиянды әсерін болғызбау жөніндегі тиімді шаралардың болмауы
немесе осы шаралардың
қамтамасыз етіле алмауы негіз болып табылады.
5. Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген заттар мен
өнімдердің тізілімі мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануға жатады.
6. Балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды
(нутрицевтиктерді), генетикалық түрлендірілген көздерді, бояғыштарды. сумен және тамақ
өнімдерімен араласатын бұйымдар
мен материалдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына
зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта
тіркеу тәртібін және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді
кері қайтарып алу тәртібін
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
7. Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін
мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу кезінде оларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама
жүргізумен және ғылыми негіздеумен байланысты шығыстарды өтінім берушілер көтереді.
Достарыңызбен бөлісу: