органның басшысы мен мамандары;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік
органның тиісті аумақтардағы және көліктегі аумақтық бөлімшелерінің басшылары - тиісті
аумақтардағы және көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, олардың
орынбасарлары мен мамандар;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге
асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшылары мен мамандары болып табылады.
6. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және оның
орынбасарлары, тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан
босатылады.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті
жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшылары Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен келісім бойынша лауазымға тағайындалады және
лауазымнан босатылады.
8. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының
басшылары лауазымына санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары арнаулы медициналық
білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.
9. Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің лауазымды
адамдары:
1) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру
мақсатында кәсіпкерлік
субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарды - тоқсанына бір рет, объектінің
эпидемиологиялық маңыздылығына қарай - айына бір рет, сондай-ак кәсіпкерлік субъектілері
немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылмайтын мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау объектілерін уәкілетті орган белгілеген бару жиілігіне сәйкес
кедергісіз (қызмет куәлігін көрсетіп) тексеруге;
2) халықтың, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалануы мен
қолдануына арналған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ
өндіруге, қолдануға және сатуға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен
тыйым салуға;
3) балалар тағамы өнімін, тамаққа тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды,
генетикалық түрлендірілген көздерді, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын
материалдар
мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін қолдануға тыйым салуға немесе тоқтата тұруға;
4) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың
лауазымды адамдарын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына шақыруға;
5) халықтың декреттелген топтарына жататын, жұқпалы, паразиттік аурулардың көздері
болып табылатын, сондай-ақ медициналық тексеріп қараудан уақтылы өтпеген адамдарды
жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулылар шығаруға;
6) жекелеген объектілерде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен
шектеу
шараларын, оның ішінде карантин белгілеуге;
7) жұқпалы және паразиттік аурулардың ықтимал таратушы көздері болып табылатын,
сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауыратын науқастармен араласып жүрген адамдарды зертханалық
тексеру нәтижелері алынғанға дейін жұмыстан шеттете отырып, медициналық қарап тексеруге
жіберуге;
8) жұқпалы және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын адамдарды міндетті
түрде ауруханаға жатқызуға жіберуге;
9) халыққа міндетті түрде вакцина егуді, үй-жайларда және көлік құралдарында,
аумақтарда, жұқпалы және паразиттік аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық
дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргізуді талап етуге;
10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық
нормативтердің бұзылуы жойылғанға дейін жекелеген жұмыс түрлерін,
жұмыс
істеп тұрған, салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан
объектілерді пайдалануды тоқтата тұруға;
11) адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың,
өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің,
құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салуға;
12) халықтың декреттелген тобына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді
білу тұрғысынан аттестаттау жүргізуге;
13) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау үшін
сараптама объектісінің қоршаған орта мен халық денсаулығына әсерін бағалауды зерделеуге
қажетті материалдарды сұратуға,
сондай-ақ өнімнің құнын өтемей, сараптама жасауға
жеткілікті және оған қажетті көлемнен аспайтын мөлшерде өнімнің сынамасын алуға және
үлгілерін іріктеуді жүргізуге;
14) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерін қозғайтын
нормативтік құқықтық актілер мен бағдарламаларды Қазақстан Республикасының халықтың
санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасына сәйкес келтіру
туралы талап қоюға;
15) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы радиациялық бақылауды жүзеге асыруға;
16) санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеуге және олардың көлемдерін өзгертуге;
17) санитариялық төлқұжаттарды беруге және кері қайтарып алуға;
18) дезинфекция, дезинсекция мен дератизация құралдарын және тамаққа биологиялық
белсенді қоспаларды практикаға енгізу мен қолдануды бақылауға;
19) дара кәсіпкерлер, лауазымды адамдар, жеке және заңды тұлғалар санитариялық-
эпидемиологиялық қызметтің заңды талаптарын Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен және негіздерде орындамаған жағдайда сотқа жүгінуге құқылы.
10. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары:
1) мемлекеттік органдарды санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуі,
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық
актілердің және гигиеналық нормативтердің бұзылуы туралы хабардар етуге;
2) кәсіптік уланулар мен аурулардың, жұқпалы және паразиттік аурулардың пайда болу
себептері мен жағдайларын анықтауға және оларға талдау жасауға;
3) жеке және заңды тұлғаларды халықтың санитариялық- эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің
бұзылу
салдарлары туралы ескертуге;
4) халықтың иммунитетін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын
бақылауды жүзеге асыруға;
5) жеке және заңды тұлғалардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы мәселелері жөніндегі өтініштерін қарауға және тиісті шаралар қабылдауға;
6) өзінің қызметтік міндеттерін орындаған кезде белгілі болған ақпаратқа қатысты
дәрігерлік құпияны сақтауға міндетті.
11. Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық- эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзылуына қарай мемлекеттік
санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау нәтижелері бойынша құқықтық ықпал ету шараларын
қабылдау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдар мынадай
актілер:
1) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің профилактикалық және індетке қарсы
іс-шаралар жүргізу туралы қаулысын;
ә) әкімшілік жаза қолдану, адамдарды жұмыстан уақытша шеттету, кәсіпкерлік және
(немесе) өзге де қызметті тоқтата тұру туралы қаулылар, Қазақстан Республикасының
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары
бұзылған жағдайда тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыным жасау, халықтың, сондай-ақ
кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалануы мен қолдануына
арналған өнімді
әкелуге, өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу, адамдардың өмірі мен денсаулығына
қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық
жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге,
қолдануға және сатуға тыйым салу туралы қаулылар шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: