Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды



Pdf көрінісі
бет82/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

161-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды
және медициналық техниканы әкету
1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы өндіруге немесе көтерме саудада сатуға
лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының


заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
2. Мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан кететін жеке тұлғалардың емделу курсына 
қажетті санымен жеке пайдалануындағы;
2) жолаушыларды емдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін көлік 
құралы бастапқы көмек дәрі қобдишасы құрамындағы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы 
бұйымдар және медициналық техника Қазақстан Республикасының аумағынан лицензиясыз 
әкетілуі мүмкін.
27-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы
бұйымдардың және медициналық техниканың қауіпсіздігіне
қойылатын жалпы талаптар
162-бап. Медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы
бұйымдарды монтаждау, жөндеу, оларға техникалық және
метрологиялық қызмет көрсету
1. Медициналық техниканы және жекелеген жағдайларда медициналық мақсаттағы 
бұйымдарды монтаждау, жөндеу, оларға техникалық және метрологиялық қызмет көрсетуді осы 
жұмыстарды жүргізуге құқығы бар заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады.
2. Медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жөндеуден кейінгі 
қауіпсіздік деңгейі медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың 
қауіпсіздігінің техникалық регламенттерінде белгіленген деңгейден төмен болмауы тиіс.
3. Денсаулық сақтау ұйымдарында пайдаланылатын медициналық мақсаттағы өлшеу 
құралдарын метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасының 
техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес реттеледі.
4. Өлшеу құралдары болып табылатын медициналық техника Қазақстан Республикасының 
өлшем бірліктерінің бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне 
енгізілуі, Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерінің бірыңғайлығын қамтамасыз ету 
саласындағы заңнамасына сәйкес салыстырып тексерілуі немесе калибрленуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет