Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет15/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


28 
 
3-дәріс. СОҒУ. СОҒУ ПРОЦЕСІНІҢ МӘНІ 
 
Соғу – металдарды қысыммен өңдеу тәсілдерінің бірі, ол кезде аспап қыздырылған 
дайындамаға көп мәрте әсер етеді, нәтижесінде ол деформацияланып, берілген пішін мен 
өлшемдерді біртіндеп иеленеді. 
Соғу арқылы барлық маркалы және түрлі деформацияланатын конструкциялық металдар 
мен массасы 250 т дейінгі қорытпаларды алуға болады. 
Еркін соғу және оның негізгі операциялары 
 
Еркін соғу кезінде илемді деформациялау қыздырылған дайындаманың жеке 
учаскелерінде жүзеге асырылады. Металл аспап беттерімен шектелмейтін бағыттарда еркін 
ағады. Балғаны немесе баспақты қолдану арқылы жүзеге асырылатын еркін соғуды машиналық 
еркін соғу деп атайды. Құйма металды соғу оның дендриттік құрылымын талшықтыға 
түрлендіреді, ал аунақталған металды соғу ондағы бар талшықты құрылымды жақсартады. 
Осының арқасында соғу металдың механикалық қасиеттерін қамтамасыз етеді. 
Қолмен еркін соғуды тек ұсақ соғылмаларды жөндеу шеберханаларында және цехтарда 
даналап жасау үшін ғана қолданады. Ірі (массасы 350 кг-нан жоғары) және орташа 
соғылмалардың шағын партияларын тек еркін машиналық соғу әдісімен ғана жасайды. Ма-
шиналық соғу кезінде дайындамаларды балғаға немесе баспаққа қысқаштардың көмегімен, 
қолмен немесе арнайы машиналармен (манипуляторлармен, крандармен және т.с.с.) береді. 
Еркін соғу үшін бастапқы материал – кесектер, блюмдер және әр түрлі өлшемді сорттық 
илем. Дайындама массасын Q
дайын
соғылманың өлшемдері мен пішін үйлесімінен анықтайды: 
Q
дайын
Q
с
Q
қалд
Q
азаю
мұнда Q
с
– соғылма массасы; Q
қалд
қалдықтар массасы; Q
қалд
– металл азаюының (от 
қабыршықтың) массасы. 
Қалдықтар массасы – кенеріктің (металл бүршігінің) немесе дайындаманың соғу кезінде 
одан қарпығыш ұсталынып тұрған бөлігінің массасы (еркін соғу кезінде 5…8 %-ға жетеді). 
Металдың азаюын жалынды пештерде қыздырғанда кесек немесе дайындама массасынан 2…3 
% мөлшерінде әрбір кейінгі қыздыру кезінде 1,5…2,0 % мөлшерінде қабылдайды.
Соғылма сызбасынан алғанда дайындаманың пішінін, өлшемдері мен массасын 
анықтайды. Соғылма сызбасында механикалық өңдеуге әдіптер және кенермелер (соғылманың 
пішін үйлесімін ықшамдау үшін) есепке алынуы тиіс. Сызбада сондай-ақ дайын соғылма 
өлшемдерінің мүмкін ауытқуларын қояды. Сонан соң олармен дайындаманың барлық қимасы 
бойында металды жақсы соғуды қамтамасыз ететін операцияларды орындауға болатын 
жабдықты (балғаны немесе баспақты) және аспапты таңдайды. Сонымен қоса, технологиямен 
дайындаманы қыздыру режимін, қыздыру құрылғыларының типі мен өлшемін анықтау 
көзделеді. 
Соғуды шөктеу коэффициентімен (дайындама және соғылма қималары аудандарының 
қатынасымен) бағалайды. Болат кесектер үшін шөктеудің жалпы коэффициенті − 3…5 кем 
емес, ал илемделген дайындамалар үшін 1,1…1,5 болуы тиіс. Еркін соғудың негізгі 
операциялары – тұну, шөгу, тарта жону, ендеу, шабу, қобылау, кеңей жаю, құрал білікте тарта 
жону және металды беру (3.28-сурет). 
Шөктіру (3.28-сурет, а) барлық дайындаманы аспаппен толық жабумен жүзеге 
асырылады, сонымен бірге дайындаманың көлденең қимасының ауданы оның биіктігінің азаюы 
есебінен ұлғаяды. Бойлық иілісті болдырмау үшін шөктірілетін дайындаманың биіктігі оның 
диаметрінен немесе қалыңдығынан 2,5 артық емес шаманы құрауы тиіс. Түйіспелік 
жазықтықтар бойынша үйкелу күшінің Т әсері салдарынан дайындаманың бүйірлік беті кеспек 
пішінін иеленеді. 
Дайындаманың бір бөлігінің шөктірілуін шөгу деп атайды (3.28-сурет, б). Шөгуді ұшында 
немесе ортасында қалыңдату арқылы соғылманы алу үшін пайдаланады. Оны дайындаманың 
сәйкес бөлігін (ұшын немесе ортасын) қыздырғанда немесе дайындаманың қандай да бір 
бөлігіндегі деформациясын сақиналық аспаппен К шектеп жүзеге асыруға болады. Сонымен 
бұрандамалар, бурттары, ернемектері және т.б. бар соғылмаларды алады. 


29 
Тарта жону – дайындаманың шектес учаскелеріне тізбекті соққылармен жасалатын еркін 
соғудың аса кең таралған операциясы, яғни соққы кезінде соққыштардың арасында 
дайындаманың тек бір бөлігі ғана болады (3.28-сурет, в). Тарта жону кезінде дайындама 
ұзындығы оның көлденең қимасы ауданының азаюы есебінен ұлғаяды. Тарта жонуды 
дайындаманың шетінен және ортасынан жүргізуге болады. Тарта жону процесін қарқындату 
үшін кеңейтуді азайту қажет. Оған беруді а азайту жолымен қол жеткізіледі. Беру соққыш 
енінің b 0,4…0,75 құрайды. Тарта жону кезінде шөктеу коэффициентін соғылманың соңғы 
ұзындығының дайындаманың алғашқы ұзындығына қатынасымен немесе дайындама мен 
соғылманың көлденең қимасы аудандарының қатынасымен анықтайды. Тарта жонумен осі 
ұзартылған соғылмаларды алады, олардан біліктерді, рычагтарды, бұлғақтарды, тартымдарды 
және т.б. алады. 
 
 
а – шөктіру; б – бөлігін шөгу; в – тарта жону; г – ендеу; д – шабу; 
е – қобылау; ж – кеңей жаю; з – құрал білікте тарта жону; и – беру; 
Р – дайындамаға соққы күшінің бағыты; И – аспап; К – cақиналық аспап; О – құрал білік;
П – қобылағыш; Т – үйкеліс күші 
3.28-сурет – Еркін соғу операциялары 
 
Ендеу (3.28-сурет, г) дайындаманың қалыңдығын азайту есебінен оның бір бөлігінің енін 
ұлғайтуға бағытталған және оның жеке учаскелерін өңдеу жолымен қол жеткізіледі; сонымен 
бірге дайындама осін соққыш еніне b перпендикуляр орналастырады. 
Шабу – дайындаманы бірнеше бөлікке бөлу операциясы (3.28-сурет, д). Дайындаманы 
шабу аспаппен А (балтамен) жүргізіледі, содан соң дайындама 180
о
-қа аударылады да, 
түпкілікті бөлінеді. Тұтас және бітеу тесіктерді алу үшін дайындамада қобылағышпен Қ 
қобылауды (3.28-сурет, е) қолданады. 
Қобыланған дайындамаларды құрал білікті О қолданып, диаметрі D (3.28-сурет, ж
бойынша құрал білікте соққышпен кеңей жаюға ұшыратуға болады, бұл сақина қабырғасы 
қалыңдығының азаюына және оның сыртқы мен ішкі диаметрлерінің ұлғаюына (соққыштың 
ұзын осі сақина осіне параллель) әкеледі. Әдіс сақиналарға, құрсауларға, барабандарға және т.б. 
арналған соғылмаларды өндіруде пайдаланылады. 
Құрал білікте тарта жонғанда (3.28-сурет, з) алдын ала қобыланған дайындама 
ұзындығы l бойынша ұлғаяды және оның қабырғасы s (соққыштың ұзын осі сақина осіне 
перпендикуляр) қалыңдығының (жіңішкеру) азаюы есебінен диаметрінде азаяды. Бұл операция 
қазандық барабандарының, турбиналар роторларының және т.б. қуыс денелі соғылмаларын 
жасау кезінде қолданылады. 
Металды беру операциясы (3.28-сурет, и) дайындаманың бір бөлігінің екіншісіне қатысты 
ығысуынан тұрады. Беру иінді біліктерді және басқа бұйымдарды жасау үшін қолданылады. 
Еркін соғудың жоғарыда сипатталған негізгі тәсілдерінен басқа: июді, ұсталық пісіруді және 
ширатуды қолданады. 
Ию – осі иілген соғылмаларды алу үшін қолданылады. Оны әр түрлі тіректердің, 
құрылғылардың көмегімен және төсемді қалыптарда жүзеге асырады. Июмен бұрыштықтар, 
қапсырмалар, ілмектер және т.б. жасалады. 


30 
Ұсталық пісіру – оларды бірлесіп илемді деформациялау жолымен алдын ала 
қыздырылған дайындамалар арасында ажыратылмайтын қосылысты құру.
Ширату – дайындаманың бір бөлігін екіншісіне қатысты оның осі маңында берілген 
бұрышқа бұру, ол үшін арнайы құрылғыларды қолданады. Ширатуды бұрғыларды және т.б. 
жасау кезінде иінді біліктер иіндерін бұру үшін қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет