Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет17/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


32 
 
4-дәріс. ҚАЛЫПТАУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ. ҚАЛЫПТАУ ПРОЦЕСІНІҢ
ЖАБДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚҰРАЛЫ 
 
Көлемді қалыптау. Металдарды арнайы құрал-сайманда – қалыпта қысыммен өңдеу 
процесін қалыптау деп атайды. Қалыптау кезінде дайындама қалыптың жұмыстық қуысын 
металмен толтыру жолымен берілген түрді және өлшемдерді иеленеді. Ол өлшемдердің жоғары 
дәлдігін және алынған дайындама бетінің сапасын қамтамасыз етеді. Қалыптауды қымбат 
тұратын қалыптық жабдықты жасауға жұмсалған шығындар ақталғанда, ірі сериялы және 
жаппай өндірістерде қолдану мақсатқа сай болады. Қалыптаудың ыстық және суық көлемді, 
қаңылтырлық және арнайы түрлерін ажыратады. 
Ыстық көлемді қалыптау 
 
Ыстық 
көлемді 
қалыптау 
кезінде 
дайындама 
металының 
барлық 
көлемі 
деформацияланады және оның ағуы қалыптың қуысымен шектеледі. Әдетте қалып екі көлемді 
бөліктен тұрады, олар жиналған түрінде жылғалар деп аталатын бір немесе бірнеше ішкі қуысты 
құрайды. 
Ыстық көлемді қалыптаудың еркін соғумен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар: 
аса жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізіледі, металл қалдықтарының мөлшері азаяды, 
бұйымның беті жақсы болғанда оның аса жоғары дәлдігі қамтамасыз етіледі. Ыстық көлемді 
қалыптаумен шағын әдіптері бар кенермелерсіз күрделі пішін үйлесімді дайындамаларды алуға 
болады, бұл оларды кейіннен кесу арқылы өңдеу көлемін төмендетеді. Металды ыстық қалыптау 
кезінде деформациялау күші бір типті соғылмаларды соғуға қарағанда жоғары. Сондықтан 
ыстық көлемді қалыптаумен негізінде массасы 20…30 кг және тек жеке жағдайларда ғана 
массасы 300 кг дейінгі шағын бұйымдарды (соғылмаларды) алады. Әдетте ыстық көлемді 
қалыптау кезінде болаттан, түсті металдардан және басқа материалдардан жасалған әр түрлі 
пішіндердің илемі дайындаманың қызметін атқарады.
Ыстық көлемді қалыптаумен автомобильдердің, ауыл шаруашылығы машиналарының, 
станоктардың, темір жол көлігінің, ұшақтардың және т.б. әр түрлі тораптарының тетіктері үшін 
дайындамалар алады. Ыстық көлемді қалыптауды екі тәсілмен жүзеге асырады – ашық және 
жабық қалыптарда (3.31-сурет).
Ашық қалыптарда қалыптағанда (3.31-сурет, а) дайындаманы деформациялау процесінде 
қалыптың 1 қуысы ашық болып қалады және қалыптау соғылманың жанында кенеріктің 
(қылаудың) түзілуімен жалғасады. Кенерікқалыптың жоғарғы 2 және төменгі 4 жартыларын 
ажырату орнында болатын және тар саңылаудан – «көпірден» 5 және кеңейтілген бөліктен – 
«магазиннен» тұратын кенерлі бунаққа ығыстырылған металдың артығы. 
1 – қалып қуысы; 2, 4 – қалыптың жоғарғы және төменгі жартылары;
3 – магазин; 5 – көпір; 4 – магазин; 5 – көпір 
3.31-сурет – Ашық (а) және жабық (б) қалыптарда қалыптау 


33 
Ашық қалыпта қалыптау кезінде кенерік қосарлы технологиялық функцияны орындайды: 
біріншіден, белгілі кезеңде ол қалыпталған соғылманың жақсы пішін түзуін қамтамасыз етіп, 
қалып қуысынан металдың ағуын тоқтатады; екіншіден, алғашқы дайындаманың массасы 
бойынша кесінділердің қателігінің орнын толтырады, бұл дайындамаларды бөлудің арзан, 
жоғары өнімді тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді. 
Жабық немесе кенеріксіз қалыптарда (3.31-сурет, б) металл тұйықталған кеңістікте 
деформацияланады. Жазықтық түрінде ажыранды беті бар ашық қалыптардан ерекшелігінде 
жабық қалыптардың қалыптаудың аяғында қалып жартыларының дәл түйісуін қамтамасыз ететін 
бағыттаушылары бар күрделі бет бойында ажырандысы бар. Кенерсіз қалыптау кезінде 
металдың шығыны 20%-ға азаяды да, оның жоқтығынан кенерікті қиюға күрделі жабық 
қалыптар жұмсалатын шығындар болмайды. 
Алайда күрделі пішінді тетіктер үшін жабық қалыптар конструкция түрінде қиын 
орындалады, жолдар тез істен шығады. Сонымен қоса, алғашқы дайындаманың массасын 
есептеу қиын, оның көлемі қалыптың тұйықталған қуысының көлемімен дәл сәйкес келуі тиіс. 
Металл артық болғанда қалып толығымен жабылмайды да, соғылманың механикалық өңдеуге 
ұлғайтылған әдіптері бар болады, ал металл жетіспегенде соғылма толығымен ақауға 
шығарылмауы мүмкін. Қазіргі уақытта металдың кенерікке елеулі жұмсалуына қарамастан, 
ашық қалыптарда қалыптау аса кең таралған болып қалады. 
Ашық және жабық қалыптар бір немесе көп жылғалы болуы мүмкін. Бір жылғалы 
қалыптарды қарапайым пішінді соғылмаларды алу үшін қолданады. Күрделі пішінді 
соғылмаларды көп жылғалы қалыптау әдісімен жасайды. Дайындаманы алдымен – 
дайындайтын жылғаларында, сонан соң таза жылғада өңдейді. Дайындайтын және таза 
жылғаларды бір ортақ немесе бірнеше жеке қалыптарда орналастырады. Қалыптаудың 
технологиялық процесін жобалау кезінде фасондық пішінді дайындамаларды пайдалану арқылы 
бір жылғалы қалыптарды қолдану ұтымдырақ болады. 
Ыстық көлемді қалыптаудың технологиялық процесіне: илемді өлшемдік дайындамаларға 
кесу; дайындамаларды электр немесе жалынды пештерде қыздыру; дайындаманың шөгуі; 
кенерікті (қылауды) әрі қарай кесу арқылы дайындаманы қалыптау және от қабыршықтан 
тазарту кіреді. Осы операцияларға сәйкес ыстық қалыптау цехтарында дайындайтын
қалыптайтын, термиялық және өңдейтін бөлімшелер бар болады. 
Технологиялық процесті жобалау кезінде бірқатар факторларды: дайын бұйымның пішіні 
мен өлшемдерін, оны жасаудың талап етілетін дәлдігін, металдың илемді қасиеттерін, шығару 
программасын есепке алу қажет. Осы факторларды есепке алып, ыстық қалыптау үшін 
машинаның типін таңдайды. Әрі қарай бұйымның сызбасы бойынша механикалық өңдеуге 
әдіптерді және қалыптауға шақтамаларды есепке алып, соғылма сызбасын орындайды. 
Соғылманың сызбасы бойынша алғашқы дайындаманың пішіні мен өлшемдерін анықтайды. 
Сонан соң онда дайындаманың орналасуын және қалыптау кезінде аралық әрекет сипатын есепке 
алып, қалыпты жобалайды. 
Қалыптауды балғаларда, қос иінді, гидравликалық және фрикциялық баспақтарда, 
көлденең-соғатын және басқа машиналарда жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет