Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет23/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

Құю әбзелі
Құм-балшық қалыптарына құю кезінде технологиялық жабдықтарға белгілі құйманы алуға 
арналған аспаптар мен тетіктерді жатқызады. 
Құйма моделінен, құю жүйесі элементтерінің модельдерінен, бір немесе бірнеше өзек 
жәшіктерінен, модельді плиталардан, қима үлгілерден, кезеулеткіштерден және т.б. тұратын 
аспаптар жинағын модельді жинақ деп атайды (4.2-сурет). Құм-балшық қалыбында құйманы 
алудың негізгі жабдығы құйма моделі, өзек жәшігі және қалып жәшік болып табылады. 
Модель – құю жабдығының бір бөлігі, ол қалыпта пішін үйлесімі бойынша сәйкес келетін 
және өлшемдері бойынша алынатын құймаға жақын таңба түріндегі қуыстың түзілуі үшін 
қызмет атқарады. Модель ажыратылмайтын, ажыратылатын болуы мүмкін (4.2-сурет, а), бір 
жақты модельді плитада орналасуы мүмкін (4.2-сурет, б). Сондай-ақ ол қалыпта құю жүйесі 


41 
элементтерінің арналарын 4 және өзектердің белгілерін 1 шығарады (4.2-суретті қараңыз, б). 
Сыртқы пішін үйлесімі бойынша модель құйманың көшірмесі болып табылады және 
соңғысынан, әдеттегідей, қорытпаның сызықтық шөгуін есепке алатын үлкен мөлшерлерімен 
ерекшеленеді. Егер құймаларды механикалық өңдеуге ұшыратса, онда модельдің сәйкес 
жерлерінде әдіптерді – механикалық өңдеу процесінде жойылатын металл қабатын есепке 
алады. Әдіп құйманың мөлшерлеріне және қорытпаның түріне байланысты болады. Қалыпта 
өзек қалыпқа бекітілетін, өзектердің белгілік бөліктерінің таңбаларын алу үшін, модельдің 
белгілері – шығыңқы бөліктері болады. Әдеттегідей, модельдер екі симметриялық жартыдан – 
кертіктермен бекітілетін жарты модельдерден тұрады. 
 
 
 
а – ажыратылмайтын және ажыратылатын модельдер; б – бір жақты модельді плиталар; 
в, г, д – сәйкесінше ажыратылмайтын, ажыратылатын және сіліккіш өзек жәшіктері; 
1 – белгілер; 2 – кертіктер; 3 – құйма моделі; 4 – құю жүйесі элементтерінің модельдері;
5 – бағыттайтын қадалықтар; 6 – өзек; 7 – өзек жәшігінің корпусы; 8 – тұтқалар; 
9 – алынатын ендірмелер; 10 – бағыттайтын сегменттер (көмкеру ыңғайлы болуы үшін) 
4.2-сурет – Құйманы құм-балшық қалыпта алуға арналған модельді жинақ 
 
Құю жүйесі элементтерінің модельдері қалыпта арналардың түзілуі үшін қызмет атқарады, 
олар бойынша сұйық металл қалыптың қуысына келтіріледі және құйманы оның қату 
процесінде қоректендіреді. Модельдерді жіктеудің маңызды белгілері: қолданылатын құю 
қорытпасының түрі; өндіру сериялылығы; қалыптарды алу тәсілдері; модельдің материалы, 
өлшемі, конструкциясы және беріктігі; модельдің күрделілігі, оны жасау дәлдігі және т.б. 
болып табылады. 
Қолданылатын құю қорытпасының түрі бойынша құймаларды алу үшін болат, шойын 
және түсті құймаға арналған модельдерді ажыратады. 
Қалыптарды алу тәсілі бойынша қолмен және машинамен қалыптауға арналған 
модельдерді ажыратады. 
Материалы бойынша модельдерді жасау үшін олар ағаш, металл, гипс, пластмасса, 
цемент, аралас (ағаш және металл немесе пластмасса) және т.б. бөлінеді. 


42 
Конструкциясы бойынша модельдер ажыратылатын және ажыратылмайтын (4.2-сурет, а), 
алынатын бөліктері бар және арнайы (қима үлгілік және қаңқалық) болады. 
Ағаш модельдер үш беріктік класына бөлінеді. Бірінші класс модельдерін ағаштың берік 
түрлерінен (шамшат, жаңғақ) жасайды, қолмен және машинамен қалыптау кезінде сериялық 
өндірісте қолданады. Екінші класс модельдерін қайыңнан немесе жөкеден орындайды және аз 
сериялы өндірісте қолданады. Үшінші класс модельдерін қарағайдан немесе шыршадан 
жасайды, жеке және сирек түрде аз сериялы өндірісте қолданады. Модельдерді жасаған, 
өңдеген және өлшемдерін тексерген соң модельдерді арнайы сылақпен тегістейді, олар 
бойынша жасалатын құймаларға сәйкес маркалайды және ылғал өткізбейтін бояумен белгілі 
түстерге бояйды. Шойын құймаларға арналған модельдерді – қызыл түске, болаттан жасалған 
құймаларды – көк түске, ал түсті металдар қорытпаларынан жасалған құймаларды сары түске 
бояйды. Модельдердегі өзек белгілерін қара түске бояйды, ал модельдің алынатын бөліктерін 
қара жолақпен көмкереді. 
Қатырған кезде металдар мен қорытпалардың шөгуіне байланысты модельдердің 
сызықтық өлшемдерін оларды жасағанда ұлғайтады. Сонымен, сұр шойыннан құймаларды 
өндіргенде модельдің өлшемдері құйма өлшемдерінен 0,5…1,2 %-ға үлкен, көміртекті болаттан 
(0,1…0,8 % С) – 2…2,5 %-ға, қоспаланған болаттан (25 % Cr, 20 % Ni) – 1,8…2,2 %-ға, түсті 
қорытпалардан – 1…2 %-ға үлкен. Модельдің қалып қуысынан алынуын жеңілдету үшін оның 
вертикаль қабырғаларында қалыптау еңістерін көздейді. Ағаш модельдердің артықшылығы – 
олардың арзандығы, жасалу қарапайымдылығы, ал өлшемдері үлкен болғанда – шағын 
массасы; негізгі кемшілігі ұзақ мерзімді еместігі болып табылады. Машинамен қалыптау 
кезінде металл модельдерді кеңінен қолданады. 
Ағаш модельдермен салыстырғанда металл модельдердің дәлдігі аса жоғары және 
жұмыстық беті таза. Мұндай модельдерді көбінесе алюминий қорытпаларынан жасайды. Бұл 
қорытпалардың тығыздығы аз, коррозияға ұшырамайды деуге болады, кесу арқылы жақсы 
өңделеді.
Созылған қима үлгілерді түзу сызықты және сирек жағдайда қисық сызықты кескіндерді 
жасау үшін қолданады. 
Айналатын қима үлгілерін қалыптар мен өзектердің өлшемдерін тексеру үшін, сондай-ақ 
оларды құрастыруды бақылау үшін қолданады. 
Модельді плита – мұқият өңделген металл плита (көбінесе шойын), онда құймалардың, 
құю жүйесі элементтерінің модельдері және центрлейтін қадалықтар бекітілген. Ол басым 
көпшілігінде машинамен қалыптау кезінде қолданылады.
Өзек жәшігі өлшемдерін қорытпаның шөгуін және құйманы механикалық өңдеуге 
әдіптерді есепке алып орындайтын өзектерді жасау үшін қызмет атқарады. Өзек жәшіктері 
қоспаның біркелкі нығыздалуын және олардан өзектердің жылдам алынуын қамтамасыз етуі 
тиіс. Өзек жәшіктерін модельдер сияқты материалдардан жасайды. Конструкциясы бойынша 
өзек жәшіктері ажыратылмайтын, ажыратылатын және сіліккіш болуы мүмкін (4.2-суретті 
қараңыз, в). 
Өзектерді ыстық күйінде қататын қоспалардан жасауға арналған жәшіктердің қыздыруға 
арналған құрылғылары бар. Модельді және өзек жәшігін қалыңдығы бойынша құйманың бір 
бөлігінен екіншісіне күрт өтпейтіндей етіп орындайды. Құймалардағы қабырғалардың 
түйіндесуі бірқалыпты, үшкір бұрыштарсыз болуы тиіс. Құймалардың ішкі бұрыштарының 
жұмырлануын – галтель, сыртқы бұрыштарының жұмырлануын дөңгелету деп атайды
Қалып жәшіктер – әр түрлі пішін үйлесімді берік металл рамкалар, қалыпты жасау 
кезінде де, оны тасымалдау, металмен толтыру және суыту кезінде де қалыптау қоспасын ұстап 
тұруға арналған (4.5-сурет). Қалып жәшіктерді сұр шойыннан, болаттан және алюминий 
қорытпаларынан жасайды. Олар тұтас құйылған, пісірілген немесе жеке құйма бөліктерден 
құралған болуы мүмкін. Кейде болат қалып жәшіктерді илемнен пісіру арқылы жасайды. Қалып 
жәшіктер қабырғаларын олардың массасын азайтуға, құю кезінде қалыптан газдардың шығуын 
жеңілдетуге және қалыптау қоспасының қалып жәшікпен ілінісуін жақсартуға арналған 
тесіктермен орындайды. Нығыздалған қоспаны ұстап тұру үшін қалыпта ішкі қырларды да 
қолданады. Қалып жәшіктерді арнайы тесіктерге орнатылатын қадалықтардың көмегімен 
центрлейді. Қалып жәшіктерді бекіту үшін қапсырмалар мен басқа тетіктерді қолданады. 
Құм-балшық және кейбір басқа қалыптарды, сондай-ақ өзектерді жасау үшін қалыптау 


43 
аспабын қолданады, ол шартты түрде екі топқа бөлінеді: қалып жәшіктерді және өзек 
жәшіктерді қалыптық немесе өзек қоспасымен толтыруға және оны кейіннен нығыздауға 
арналған аспап (күрек, қол және пневматикалық тегістеу, сызғыштар және т.б.); модельді қалып 
қуысынан алуға, қалып бетін және өзектерді өңдеуге арналған аспап (ілмектер, көтергіштер, 
тегістегіштер, құйма қасықтар, пульверизаторлар және т.б.). 
 
 
1 – тұтқалар; 2 – ішкі қырлар; 3 – қалып жәшіктер бекітпесі;
4 – цапфалар; 5 – центрлейтін тесік 
4.5-сурет – Қалып жәшіктер 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет