Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе


Құм-балшық қалыптарда құймалар жасау



Pdf көрінісі
бет22/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
Құм-балшық қалыптарда құймалар жасау 
 
Құю қалыптары. Кез келген қалып алынатын құйманың параметрлері бойынша жақын 
пішіні мен өлшемдері бар жұмыс қуысын түзетін элементтердің жиынтығын білдіреді. Бұл 
қуысқа балқытпаны құяды, ол онда қатып, құймаға айналады. Жоғарыда айтылғандай, құйма 
қалыптарды екі түрге бөледі: сұйық металды (балқытпаны) бір реттік құю үшін 
пайдаланылатын бір реттік және көп реттік. 
Бір реттік қалыптар тек бір ғана құюға төзеді, бір немесе бір мезгілде бірнеше 
құймаларды алу үшін қызмет атқарады. Бір реттік қалыптарды жасау үшін құм-балшық, құм-
шайыр және басқа қалыптық қоспаларды пайдаланады. Бір реттік қалыптар ылғал, құрғақ, кеп-
тірілген, химиялық қатаятын және т.б. болуы мүмкін. Қабырғалардың қалыңдығы бойынша 
оларды қалың қабырғалы (20…250 мм және одан артық), жұқа қабырғалы (10…20 мм) және 
қабықшалы (5…10 мм) деп бөледі. Сондай-ақ бір реттік қалыптарға қорытылатын және 
күйдірілетін модельдер бойынша алынатын ажыратылмайтын қалыптарға жатқызады. 
Көп реттік қалыптар – негізінде шойын мен болаттан жасайды. Олар балқытпаның 
әрекетіне қарсы жоғары төзімділікті иеленеді және құюдың көп мөлшеріне төзеді. Бұл топқа 


40 
кокильдер (металл қалыптар), қысыммен құюға арналған баспақ-қалыптар, үздіксіз құюға 
арналған кристаллизаторлар, бірнеше ондаған құюдан жүздеген мың құюға дейін төзетін, 
центрден тепкіш құймаға арналған сауыт қалыптар және т.б. жатады. 
Құм қалыптарға құйғанда пайдаланылатын бір реттік қалып, әдеттегідей, құм-балшық 
қоспасынан жасалатын екі жарты қалыптан (төменгі 1 және жоғарғы 2, 4.1-сурет, а) тұрады. 
Қалыптаудың алдында қоспаны металл рамкаларға – қалып жәшіктерге 7 және төгеді, содан 
соң оны нығыздайды. Болашақ құйманың (біздің жағдайымызда сақинаның) кескіні бар 
қалыптың қуысын модельдің көмегімен алады (4.1-сурет, в). Құймада тесікті алу үшін, оны 
құрастырғанда қалыпқа өзекті 5 орнатады (4.1-сурет, б). Өзекті екі жартыдан 11 тұратын өзек 
жәшігіндегі өзек қоспасынан жасайды (4.1-сурет, г), содан соң кептіреді (немесе 
беріктендіреді). Өзектің дұрыс орнатылуын және сенімді белгіленуін қамтамасыз ету үшін 
қалыпта ұяларды көздейді, олар модельде орналасқан белгілердің 10 көмегімен оны жасағанда 
қалыпта түзіледі (4.1-суретті қараңыз, в). Қалып қуысын құю жүйесінің 6 арналары арқылы 
балқытпамен толтырады (4.1-суретті қараңыз, а). Құю алдында төменгі және жоғарғы жарты қа-
лыптарды құюдың алдында алатын цилиндрлік болат қадалықтардың 8 көмегімен қатаң 
белгіленген қалыпта белгілейді. Жоғарғы жарты қалыптың төменгіге қатысты құю қуысына 
түсетін балқытпаның гидростатикалық қысыммен көтерілуін ескерту үшін екі жарты қалыпты 
да қапсырмалармен бекітеді немесе үстіне жүк қояды. 
а – құрастырылған қалып; б – өзек, в – модель; г – өзек жәшігі; 
1, 2 – төменгі және жоғарғы жарты қалыптар; 3 – қалып қуысы; 4 – жүк;
5 – өзек; 6 – құю жүйесі; 7, 9 – жоғарғы және төменгі қалып жәшіктер;
8 – қадалық; 10 –белгілер; 11 – өзек жәшігінің жартылары 
4.1-сурет – Бір реттік қалып 
Сонымен, қалып құйманың сыртқы бетінің түзілуі үшін қызмет атқаратын қуысы бар 
қалыптың өзінен және олардың көмегімен құймада тесіктер мен ішкі қуыстар алынатын 
өзектерден тұрады. Кейде өзектерді құйманың сыртқы бетінің түзілуі үшін де қолданады. Оны 
қалыптың бетінде модельдің қалыптан алынуына кедергі келтіретін дөңестер болған 
жағдайларда жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет