Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет25/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

Газ өткізгіштік қалыптың (кеуектілігі салдарынан) газдарды өткізу қабілетін сипаттайды, 
газдар одан балқытпаны құю кезінде ығыстырылады, сондай-ақ қалыптың өзінен және 
балқытпадан бөлінеді. Қалыптың газ өткізгіштігі төмен болғанда ылғалдың булануы кезінде 
немесе байланыстырғыш материалдардың жануы нәтижесінде түзілетін газдар құйылатын 
металға түседі және газ қабыршақтарының құймаларында түзілім тудырады. Газ өткізгіштік 
қоспаның ылғалдылығына, құм түйіршіктерінің өлшемдеріне және біртектілігіне, қоспаның 
нығыздалу дәрежесіне және онда балшықтың бар болуына байланысты болады.
Отқа төзімділік – қоспаның қалыпқа құйылған металдың әсерінен балқымау және 
жабыспау, оның оксидтерімен құймалардың бетінде күйіктің – қиын жойылатын металл-
керамика қабатының түзілуіне мүмкіндік туғызатын химиялық қосылыстар түзбеу қабілеттілігі. 
Күйік беттің сапасын нашарлатады және құйманың кейінгі өңделуін қиындатады. Қалыптау 
қоспасын қорытқанда оның газ өткізгіштігі күрт төмендейді. Күйікпен күресу үшін қалып 
қуысында қалпына келтіру атмосферасын құру қажет, ол үшін қоспалардың құрамына әр түрлі 
қосындылар енгізеді. Балқытпаның қоспаның қуыстарына механикалық енуін болдырмау үшін 
өзектердің бетін бояйды, ал қалыптың жұмыстық бетін отқа төзімді материалдармен 
тозаңдатады. 
Илемділік – қалып қоспасының модельдің (өзек жәшігінің) таңбасын нақты шығару және 
алынған қалыпты белгілі уақыт бойы сақтау қабілеттілігі. Жақсы илемділік болғанда қоспа 
нығыздау процесінде күш түсіру бағытында ғана емес, сонымен бірге оған перпендикуляр 
бағытта орын ауыстырады, бұл қалып «бұрыштарының» сапалы толтырылуын қамтамасыз 
етеді. Сондай-ақ илемділікке қалып қоспасындағы ылғал мен балшықтың сандық құрамы және 
оның түйіршіктік құрылымы әсер етеді. 
Икемділік – қоспаның суыту процесінде шөгуі кезінде құйманың қысу күштерінің әсерінен 
қысқару қабілеттілігі. Төмен икемділік құймада кернеулердің және оның салдарынан 
жарықшақтардың пайда болуына әкеледі. Икемділік қоспаның оны құймамен қыздырғанда 
қандай да бір беріктікті жоғалтуымен байланысты, бұл онда арнайы енгізілетін 
қосындылардың, мысалы, ағаш жоңқаларының бар болуымен байланысты.
Аққыштық – қоспаның қалыптау кезінде модельді ағызу, өзек жәшігінің қуысын толтыру 
қабілеттілігі. Қоспа бөлшектері қалыптау процесінде мүмкіндігінше аз күш түсірілгенде орын 
ауыстыруы және қалыптың (өзектің) барлық бөліктерінде борпылдақ орындарсыз және 
қуыстарсыз бірдей нығыздалуын қамтамасыз етуі тиіс. 
Ұзақ мерзімділік – қалыптарды жасағанда және оларға балқытпа құйғанда қалыптау 
қоспасының оны қайта пайдаланған жағдайда өзінің жұмыстық қасиеттерін сақтауы. Құю 
өндірісінде алуан түрлі қалып және өзек қоспаларының көп мөлшерін қолданады. Қоспаның 
құрамын таңдау оның тағайындалуымен қамтамасыз етілген. Аса көп таралған құм-балшық 
қоспаларын: қалыптау кезінде қолдану бойынша (қаптамалық, толтырғыш және бірыңғай); 
қалыптың құюдың алдындағы күйіне байланысты (ылғал, құрғақ, кептірілетін және өзінен-өзі 
қататын қалыптар үшін); қорытпа түрі бойынша (шойын, болат және түсті металдар 
қорытпалары үшін). 
Жоғары сапалы қалып қоспасын қаптамалық деп атайды, одан балқытпамен жанасатын, 
қалыңдығы 10…40 мм қалыптың жұмыстық бетін жасайды. Бұл қоспаның жоғары илемділігі, 
газ өткізгіштігі, беріктігі және отқа төзімділігі болуы тиіс. Оның құрамында 50…90 % жаңа 
қалып материалдары болады (қалғаны – қайта өңделген қоспа). Қалыпты жасағанда қалып 


45 
қоспасының жалпы мөлшерінен қаптамалық қалыптың үлесіне – 10…20 %, қалғаны толтырғыш 
қалып қоспасының үлесіне келеді. 
Толтырғыш қалып қоспасын қаптамалық қабатты жаққаннан кейін қалған қалыптың 
көлемін толтыру үшін пайдаланады. Мұндай қоспаның құрамына әдетте 95…98 % айналымдық 
қайта өңделген қоспа және 2…5 % жаңа қалып материалдары кіреді. 
Сапасы бойынша қаптамалық пен толтырғыш қалыптың арасында ортаңғы орынды 
алатын бірыңғай қалып қоспасын жұқа қабырғалы құймаларды алуға арналған массасы 
бойынша шағын қалыптарды машинамен жасағанда қолданады. Бірыңғай қоспалардың 
құрамына айналымдық қайта өңделген қоспаның 85…95 %-ы және жаңа қалып материалдың 
5…15 %-ы кіреді. Осы қоспалардың барлығының 3,5…4,5 % ылғалдылығы бар. Қаптамалық 
және бірыңғай қоспалардың құрамына балшықпен қатар күйікке қарсы қосындыларды жиі 
енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет