Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе


Көлденең-соғатын және арнайы машиналарда қалыптау



Pdf көрінісі
бет20/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

Көлденең-соғатын және арнайы машиналарда қалыптау 
 
Көлденең-соғатын машиналарда (КСМ) соғылмаларды ажыранды матрицаларда 
кенеріксіз және барынша аз қалыптау еңістерімен қалыптайды. Соғылмалар әдетте бастиегі бар 
немесе қалыңдатылған (болттар, тойтармалар және т.б.) өзек түрінде болады. Шыбықты 
қалыптау кезінде соңғыны өлшемді дайындамаларға алдын ала бөлу қажеттілігі жоғалады, 
өйткені КСМ қалыптарының кесілетін жылғасы бар. Машинаның қатты конструкциясы бар, бұл 
соғылмалардың дәлдігін арттырады. КСМ үшін шыбықты дайындаманы пуансон мен 
ажыранды матрицалардан тұратын жабық қалыпта көп жылғалы қалыптау процесі тән болып 
табылады. Соғылмалардың күрделілігіне байланысты матрицалардың алтыға дейін жылғалары 
болуы мүмкін. Әрбір жылғаға өзінің пуансоны сәйкес келеді. 
3.35-суретте соғылмаларды КСМ-да қалыптау сұлбасы көрсетілген. КСМ арналған 
қалыптар жылжымайтын 3 және жылжымалы 5 жарты матрицалардан, сондай-ақ пуансоннан 
тұрады. Бүйірлік жағында қыздырылған дайындаманы (шыбықты) 4 таянышқа 2 дейін береді 
(3.35-сурет, а), ол кейіннен машинаның жұмыс бөлігінде екінші жаққа жіберіліп, дайындама 
жарты матрицалар арасында қысылады (3.35-сурет, б). Сонан соң пуансон дайындаманың 
шығыңқы бөлігін деформациялайды да, артқа қарай жылжиды (3.35-сурет, в). Сонан соң 
жартылай матрицалар ашылады да, дайындаманы босатады (3.35-сурет, г). Қалыптың көршілес 
кесілетін жылғасында соғылма дайындамадан машинаның келесі жүрісінде бөлінеді. 
а – дайындаманы беру; б – жарты матрицаларды тұтастыру;
в – қалыптау; г – жарты матрицаларды ажырату; 1 – пуансон;
2 – таяныш; 3, 5 – жарты матрицалары; 4 – дайындама
3.35-сурет – КСМ-да қалыптау сұлбасы 
КСМ-да қалыптау әдетте осьтері бірінің артына бірі орналасқан жылғаларда бірнеше 
әрекетте жүзеге асырылады. Әрбір әрекетке машинаның бір жұмыс жүрісі сәйкес келеді. 
Көлденең соғатын машинаның кинематикалық сұлбасы 3.36-суретте берілген. Электр 
қозғалтқыш 1 сына-белдікті берілістің 2 көмегімен маховикті қозғалысқа келтіреді. Айналым 
жалғастырғыш 4 арқылы берілістік білікке 5 хабарланады. Соңғысы тісті доңғалақтардың 8 
көмегімен бас иінді білікпен 7 қосылады, оның қос иіні бұлғақпен 9 бас сырғақ 11 арқылы 
байланысқан. Сонымен қоса, бас иінді білік эксцентриктер 6 арқылы бүйірлік қысқыш 
сырғақпен 17 бұлғақ және рычагтар жүйесі 16 арқылы қосылады. 
КСМ жұмыс істегенде қыздырылған шыбықты жарты матрицаның 14 бірінші жылғасына 
салады да, аунақшамен 10 байланысқан таянышқа 13 дейін жылжытады, ол өз кезегінде бас 
сырғақпен 11 бекітілген бағыттаушыда болады. Бас сырғақтың 11 жұмыс жүрісінде 
бағыттаушыдағы шығыңқылық аунақшаны 10 көтерілуге және таяныш осін бұрып, пуансонның 
12 жүрісін босатып, оның ұшын басқа жаққа жылжытуға мәжбүр етеді. Осы сәтте жарты 
матрицаның жылжымалы бөлігі 15 жылжымайтын жарты матрицамен 14 қосылады да, 
соғылманы жасау үшін қуыс түзеді. Соғылма деформациясы пуансонмен 12 жүзеге асырылады. 
КСМ өнімділігі жоғары – сағатына 400…600 соғылма. КСМ 0,1…30 МН қалыптау 
кезіндегі күшпен шығарады. Оларда диаметрі 20…27 мм дөңгелеу шыбықтардан жасалған 
соғылмаларды қалыптауға болады. КСМ-да қалыпталатын соғылмалардың үлгілі номен-
клатурасы 3.37-суретте келтірілген. 


38 
1 – электр қозғалтқыш; 2 – сына-белдікті беріліс; 3 – маховик; 4 – жалғастырғыш; 
5 – берілістік білік; 6 – эксцентриктер; 7 – бас иінді білік; 8 – тісті доңғалақтар; 9 – бұлғақ;
10 – аунақша; 11 – бас сырғақ; 12 – пуансон; 13 – таяныш; 14, 15 – жарты матрицалар; 
16 – рычагтар жүйесі; 17 – қысқыш сырғақ 
3.36-сурет – Көлденең-соғатын машинаның кинематикалық сұлбасы 
Қалыптау күшін жуықтап мына формула бойынша анықтайды: 
Р = kσF
п

мұнда k – түзету коэффициенті, орта есеппен 4-ке тең; σ – қалыптау аяғының 
температурасындағы металл беріктігінің шегі, Н/м
2
; F
п
– соғылма пуансонның қозғалу 
бағытына 
перпендикуляр 
жазықтыққа 
проекциясының 
ауданы, 
м
2

Жоғарыда 
қарастырылғаннан басқа, тар ауқымда технологиялық тағайындалған машиналарда 
арнайыландырылған қалыптау процестері қолданылады. Олардың негізгілері – айналма соғу 
(айналма соққыштарды қалыптау) және ротациялық-соғатын машиналарда қалыптау.
3.37-сурет – КСМ-да қалыпталатын соғылмалар номенклатурасы 
Әрі қарай қалыптауға арналған дайындамаларды алдын ала қысу үшін, сондай-ақ кейбір 
соғылмаларды, мысалы, гайка кілттерін, турбиналық күректерді және т.б. алу үшін соғатын 
айналма соққыштарды қолданады. Негізінде оларда балғалар мен баспақтарда оларды қалыптау 
үшін фасондық дайындамаларды алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет