63
арқылы жоғары температурада қағымдауды қолданады.
Қалыптарды
қағымдауды әр түрлі типті механикалық қағымдайтын торларда орындайды
(4.33-сурет), оларды әрекет ету принципі бойынша эксцентрлі (4.33-сурет,
а), инерциялық
(4.33-сурет,
б) және инерция-соққылық (4.33-сурет,
в) деп жіктейді. Тор
2 құю қалыбымен
1
бірге жетектің
4 және тіреу серіппесінің
3 көмегімен тербелмелі қозғалыс жасайды. Тор
тербелістерінің әрбір циклінде қалып жоғары қарай лақтырылады да, сонан соң құлап бара
жатып,
торға немесе тіреу рамасына 5 соғылады. Соғылысқан сәтте инерция күштерінің
әсерінен қалып бұзылады. Қалып жәшіктен қағымдалған қалыптау қоспасы тор арқылы құлап
кетеді де, қайта пайдалану үшін конвейерлер жүйесімен оны қайта өңдеу орнына беріледі.
а – эксцентрлік; б – инерциялық; в – инерция-соққылық;
1 – құю қалыбы; 2 – қағымдау торы; 3 – серіппе; 4 – жетек; 5 – тіреу рамасы
4.33-сурет – Қағымдау торларының типтері
Ағынды және автоматтық желілерде құймаларды қалып жәшіктен қоспа кесегімен бірге
сығу арқылы жояды, сонан соң қағымдау торларындағы қоспадан босатады. Бұл әдіс
айқастырмалары жоқ қалып жәшіктер үшін ғана қолданылады. Қалыптарды қағымдау
газдардың, жылудың, шаңның көп мөлшері бөлінуімен және қатты шу әсерімен жалғасады.
Сондықтан торлар шаң-газды тұту және дыбысты оқшаулау жүйелерімен жабдықталады.
Көптеген проблемалардың кешенді шешілуіне гидравликалық камералардағы қалыптарды
қағымдаумен қол жеткізілуі мүмкін, онда диаметрі 5…20 мм су ағысы 5…10 МПа қысыммен
қалыптау қоспасын шайып өтеді. Бұл әдіс айналымдық қоспаны дымқыл қалпына келтіру
сұлбасына жақсы кіреді және сонымен қоса, онда бір
мезгілде қалыптарды қағымдау,
өзектерден құймаларды жою және құймалар бетін күйіктен тазарту үйлеседі. Қалыптарды
қағымдау үшін оларға қалыптарды арбалармен әкелетін герметикалық камераларды пайда-
ланады.
Құймаларды бір реттік қалыптарда өндіргенде өзектерді қағымдау операциясын
болдырмауға тырысады, ол үшін оларда жеңіл жанатын байланыстырғыштар қолданылады, ал
өзектердің өздерін қуыс және жұқа қабырғалы етіп жасауға тырысады. Бұл жағдайда өзек
құймадан қалыптан қағымдаумен бір мезгілде жойылады. Егер де өзектерді қағымдау қажет
болса, онда оны гидравликалық камераларда, пневматикалық
дірілдік немесе электр
гидравликалық қондырғыларда жүзеге асырады.
Құймадан құю жолдарын, шығарғыштарды, қосылмаларды және құйма жапақшаларын
қалыптың ажырандысы бойынша бөліп алу үшін және өзек таңбаларының қалыппен жанасқан
жерлерінде
шабуды қолданады
. Шабу тәсілін таңдауды анықтайтын негізгі факторлар: одан
64
құйма жасалған қорытпаның тұтқырлығы, құйма массасы және өндірістің сериялылығы.
Морттылықпен ерекшеленетін сұр және ақ шойыннан жасалған құймалар үшін құю жолдарын
жою қиындық білдірмейді және құю жолы бойында балғамен соғу арқылы жүргізіледі. Жеке
жағдайларда – пневматикалық қашаулар, ал жаппай өндірісте баспақтарда «сындырып алу»
пайдаланылуы мүмкін.
Болат құймаларда құю жолдарын әдетте арнайы станоктарда қол ара ленталармен,
таспалы аралармен кесу немесе баспақтарда шабу арқылы бөледі.
Қосылмаларды ұсақ болат
құймалардан кесіп алу үшін таспалы араларды, қол ара және диск станоктарын пайдаланады.
Қосылмаларды ірі құймалардан бөліп алу үшін ацетилен-оттекті кесуді пайдаланады. Жаппай
өндіріс жағдайларында қосылмаларды және сирек жағдайда, құю жолдарын кесу көлденеңінен
берумен жұмыс істейтін токарь станоктарында жүргізілуі мүмкін. Түсті металдар
қорытпаларының көпшілігі тұтқырлығымен ерекшеленеді, бұл оның шалыстау мүмкіндігінен
құйма бойында соққыларды қолдануды болдырмайды. Мұндай жағдайларда құймадан құю
жолдарын, қосылмаларды және т.б. бөліп алу үшін қол араларды және таспалы араларды
кеңінен пайдаланады. Кейде құю жол жүйесінің элементтерін бөліп алуды токарь
станоктарында немесе баспақтарда жүргізеді.
Құйманы
тазалау күйікті жою және әр түрлі әдістермен әрі
қарай өңдеу жолымен оның
бетінің тазалығын жақсартудан тұрады. Қалыптың таңбалық бөліктері және ажырандысы
бойынша құймаларды тазалау мен құйма жапақшаларын тазартудың негізгі әдістерінің
принциптік сұлбалары 4.35-суретте көрсетілген. Тазалауды – ойыңылаумен, бытырамен атумен,
дірілдік және электр химиялық өңдеумен, ал тазартуды жемірлі дөңгелектермен және электр
түйіспелік әдіспен жүргізуге болады. Тазалау үшін жабдықтарды таңдау құймалардың
өлшемдеріне және өндірістің сериялылығына байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: