56
пайдалану терезелерін
7 ашады (4.22-сурет,
б), оның нәтижесінде ауа атмосфераға шығады.
Поршеньнің астында қысым төмендейтіндіктен, онда үстел цилиндрдің
1 (үстелдің төменгі
орны) бүйір жағына
6 құлайды және соғылғанда қалып жәшіктегі қалыптау қоспасын
тығыздайды (4.22-сурет,
в). Сіліккіш поршеньнің арнасы
4 цилиндрдің
1 кіру тесігіне
5 қарсы
тұрған сәтте, қысылған ауа оның қуысына қайта кіреді (4.22-суретті қараңыз,
в). Бұл сіліккіш
үстелдің қайта көтерілуіне және оның цилиндрдің бүйір жағына қайта соғылуына және т.б.
әкеледі. Сіліккіш үстел минутына 120…200 соққы жасайды, ал машина үстелінің көтерілу
биіктігі 25…80 мм құрайды.
а – қысылған ауаны цилиндрге беру; б, в – үстелдің сіліккен кездегі жоғарғы
және төменгі қалпы; 1 – цилиндр; 2 – сіліккіш поршень; 3 – қалып жәшік;
4 – арна; 5 – кіру тесігі; 6 – цилиндрдің бүйір жағы; 7 – пайдалану терезесі
4.22-сурет – Пневматикалық сіліккіш қалыптау машинасында
қоспаны
тығыздау сұлбасы
Cілку кезінде қалып жәшіктегі қалыптау қоспасын тығыздау қоспаның инерция
күштерінің әсерінен болады. Қоспа тығыздалғанда соққының әсер ету ұзақтығы баспалауға
қарағанда салыстырылмайтындай аз. Сондықтан бір соққы ішінде қоспа толық тығыздалмайды.
Қоспаның қалып жәшікте тығыздалуы 30…60 соққы ішінде жүзеге асырылады.
Қоспаны сілку арқылы тығыздау баспалаумен салыстырғанда аз өнімді және шумен қоса
жүреді. Алайда сілку қалыптауды ауданы және биіктігі бойынша үлкен қалып жәшіктерде
жүзеге асыру, қабырғалары биік және ойықтары терең өте күрделі құймалар үшін қалыптар
жасау мүмкіндігін береді.
Қоспаның жоғарғы қабаттары жеткіліксіз тығыздалғанда, сіліккіш машиналарда қоспа
тығыздалғанда модельдің жанында және қалып ажыратқышының
жазықтығы жанында
тығыздаудың ең үлкен тығыздығы байқалады. Жоғарғы қабаттарды қосымша тығыздауды
қосымша баспалау арқылы жүзеге асырады.
Қосымша баспалау арқылы сілку екі механизммен жүзеге асырылады – сіліккіш және
баспалық, олардың жүйелі жұмысы қалыптағы қоспаның талап етілетін тығыздығын
қамтамасыз етеді. 4.23-суретте пневматикалық сіліккіш қалыптау машинасында сіліккен соң
сіліккіш-баспалау машинасында қоспаны қосымша баспалау процесінің сұлбасы көрсетілген.
Ауа
Қысылған
57
а – баспалау; б – траверсаны көтеру; 1 – траверса; 2 – баспалаушы қалып
4.23-сурет – Сіліккіш-баспалау машинасында қоспаны
қосымша баспалау процесінің сұлбасы
Қоспаны құм шашыратып тығыздау құм шашыратқыштың негізгі жұмыс бөлігімен –
лақтыру бастиегімен жүзеге асырылады, оның жұмыс істеу сұлбасы 4.24-суретте көрсетілген.
Металл бүркеніште
3 көлденең білік 1400…1500 мин
–1
жылдамдықпен айналады, оның ұшына
ауысымдық шөміш
1 бекітілген ротор қондырылған.
1 – шөміш; 2 – қоспаны беруге арналған терезе; 3 – бүркеніш; 4 – шығатын терезе
4.24-сурет – Қоспаны құм шашыратқыш бастиегімен тығыздау
Таспалы транспортердің көмегімен терезе
3 арқылы бастиекке қалыптау қоспасы беріледі,
ол айналатын шөмішпен қармалады да, үлкен күшпен қалып жәшікке (немесе өзек жәшігіне)
шығатын терезе
4 арқылы лақтырылады. Қоспа бөліктері (пакеттер), қалып жәшікке бұрын
түскен қабаттарға соғылып, қоспаны тығыздайды. Құм шашыратқыштың
бастиегін қалып
жәшіктің ауданы бойында 0,3…0,6 м/с жылдамдықпен үздіксіз жылжытқанда бірқалыпты,
58
жарты қалып биіктігіне байланысты болмайтын қоспаның тығыздалуы қамтамасыз етіледі.
Құм шашыратқыштар өндірістің кез келген сериялылығы болғанда, орташа және ірі
қалыптарды (сондай-ақ өзектерді) жасау кезінде қоспаны тығыздау процесін механикаландыру
үшін қолданылады. 4.25-суретте тұрақты қалыптайтын құм шашыратқыш көрсетілген.
Осы өнімділігі жоғары машиналар олардың конструкциясы мен моделіне байланысты
қоспаны қалып жәшіктерге немесе өзек жәшіктерге сағатына 5…35 м
3
өнімділікпен
тығыздайды. Өндірісте жылжымалы және тұрақты қалыптау құм шашыратқыштарды
қолданады.
Машина негізінің қызметін жылжымайтын тумба
6 атқарады, онда электр жабдықтардың
негізгі бөлігі орналасқан. Онда консольда кіші жеңімен
4 топсалы
байланысқан, айналатын
үлкен жеңі
5 орналасқан. Үлкен түтікте – үлкен таспалы транспортер
1, ал кіші жеңіне лақтыру
бастиегі
3 бар таспалы транспортер
2 орналасқан. Лақтыру бастиегін кез келген траектория
бойынша көлденеңінен қозғалту (түтіктердің бұрылуы) қолмен жүргізіледі.
1, 2 – үлкен және кіші таспалы транспортерлер; 3 – лақтыру бастиегі;
4, 5 – кіші және үлкен жеңдері; 6 – тумба
4.25-сурет – Тұрақты құм шашыратқыш
Достарыңызбен бөлісу: