Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет32/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


59 
 
3 - дәріс. Қалыптарды құрастыру және балқытпамен құю 
 
Қалыптарды құрастыру – маңызды технологиялық операция, ол алынатын құйма 
өлшемдерінің геометриялық дұрыстығын және дәлдігін едәуір шамада анықтайды. Қалыпты 
құрастыруды төменгі жарты қалыпты тегіс құю алаңына (ірі құймалардың ұсақ сериялы 
өндірісі 4.1-сурет) немесе құю конвейерінің арбасына (ірі сериялы өндіріс 17-18 - суреттер) 
орнатудан бастайды. 
а – құрастырылған қалып; б – өзек, в – модель; г – өзек жәшігі; 
1, 2 – төменгі және жоғарғы жарты қалыптар; 3 – қалып қуысы; 4 – жүк;
5 – өзек; 6 – құю жүйесі; 7, 9 – жоғарғы және төменгі қалып жәшіктер;
8 – қадалық; 10 –белгілер; 11 – өзек жәшігінің жартылары 
4.1-сурет – Бір реттік қалып 
1-тасымалдауыш таспасы; 2-дәлмөлшерлегіш шанап; 3-астыңғы жартылай қалып жасайтын ав-
томат; 4-аударғыш механизм және астыңғы қалыпжәшіктерін беруші; 5-үстіңгі жартылай қалып 
жасайтын автомат; 6-үстіңгі қалыпжәшіктерінің тізбегі; 7-өзекшелерді орналастыру
8-қалыптар құрастыру механизмі; 9-құю конвейері; 10-металл шашырандысын жинау;


60 
11- автоматты қағымдау қондырғысы; 12-қалыпжәшіктерін алу және ажырату; 13-астыңғы 
қалыпжәшігінің тізбегі 
19- сурет- Автоматты қалыптау тізбегі 
1-қозғалмалы платформа; 2-шөміш; 3-дарарельс; 4-қую қалыптары; 5-құрастыру рольгангтар; 6-
қағымдау торы; 7-суыту қаптамасы; 8-жетекші станция 9-платформалар; 10-рельс жолы 
18-сурет- Құю конвейері 
Дымқыл қалыптарды қалыптау қоспасының шашылу процесі басталғанға дейін қалыпта 
жинайды. Қалыптар қуыстарын және өзектерді қоқыс пен шаңды жою үшін қысылған ауамен 
үрлейді. Өзектерді технологиялық картада көрсетілген жүйеде қалыпқа орнатады. Егер өзек 
қалыпта таңбалар бойынша тұрақты қалыпқа орнатыла алмаса, онда оны металл тіреулер – 
тіреушіктермен бекітеді. Тіреушіктерді қаңылтыр темірден, болат және шойын 
дайындамалардан жасайды. Тіреушіктердің беті тоттан бос болуы тиіс, бұл олардың құйма 
денесінде болған кезінде балқытпамен жақсы пісірілуі үшін қажет. Тіреушіктер 
конструкциясының мысалдары 4.30-суретте көрсетілген. 
Орнатылу дұрыстығын және өзек пен қалып арасындағы тесіктің тұрақтылығын модельді 
жинақтың құрамына кіретін қима үлгілермен және қуыс бұрғылармен бақылайды. Егер қажет 
болса, өзекпен бір мезгілде қалыпқа ішкі тоңазытқыштарды және сүзгілеу торын құю жолы 
жүйесіне орнатады. Қалып жәшіктердің дәл жұптасуы мұқият өңделген болат қадалардың және 
қалып жәшіктер құйылмаларындағы центрлеуші саңылаулардың көмегімен қамтамасыз етіледі. 
Құю кезінде жоғарғы жарты қалыптың көтерілуін болдырмау үшін және қалыптың 
ажырандысы бойынша металл құймаларының түзілуі үшін барлық жарты қалыптарды 
қапсырмалардың және болт қосылыстарының көмегімен бекітеді. Ұсақ және орташа 
қалыптардың жаппай өндірісінде жүкті жоғарғы жарты қалыпқа автоматтық орнатуды 
қолданады. Жүктер қалыпқа механизмдермен – құю конвейерімен синхронды жұмыс істейтін 
жүк төсегіштермен салынады. Құйманы құйған және ол қатқан соң жүк төсегіш жүкті қалыптан 
алады да, оны қалыптарды жүктеу бөлігіне береді. Жоғарғы жарты қалып массасының шағын 
құймалары бар қалыптарды құйғанда көбінесе орнын толтыру үшін пайда болатын көтергіш 


61 
күш жеткілікті болады, бұл жағдайда қалыптар жүктелмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет