Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе


Илемдеу өнімінің түр жиыны



Pdf көрінісі
бет9/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

Илемдеу өнімінің түр жиыны 
 
Илемнің көлденең қимасының пішінін бейін деп атайды, ол бұйымның ұзындығы 
бойынша не тұрақты, не айнымалы (периодтық) болуы мүмкін. Әр түрлі пішіндер мен олардың 
өлшемдерінің жиынтығын түр жиын деп атайды. Илемнің түр жиыны (3.15-сурет) келесі негізгі 
топтарға бөлінеді: сорттық илем, қаңылтыр илем, құбырлар мен арнайы тағайындалған 
пішіндер. Сорттық илемді қарапайым геометриялық (шеңбер, квадрат, алтыбұрыш, сопақ, 
үшбұрыш) және фасондық (бұрыштықтар, швеллерлер, қос таврлар, рельстер және т.б.) 
пішіндерге бөледі.
Қалыңдығына байланысты мыналарды ажыратады: қалыңдығы 4…160 мм қалың 
қаңылтыр болат; жұқа қаңылтыр болат – 0,2…4,0 мм және фольга – 0,2 мм-ден кем. Сауытты 
қаңылтырлардың 500 мм-ге дейін қалыңдығы болады. Тағайындалуы бойынша қаңылтыр 
болатты электртехникалық, кеме құрылысы, қазандық, автоқаңылтыр және қаңылтыр деп 
бөледі. 
 
1 – квадрат; 2 – шеңбер; 3 – алты қырлы; 4 – қос тавр; 5 – тавр; 6 – швеллер; 7 – құбыр; 
8 – рельс; 9 – бұрыштық; 10 – тең емес сөрелі бұрыштық; 11 – жолақ; 12 - қаңылтыр 
3.15-сурет – Илемнің түр жиыны 
Бетінің тазалығына байланысты қаралтым қаңылтырларды (илемдеуден кейін тотыққан 
беті бар, таза қаңылтырларды және жабылған қаңылтырларды (қалайыланған, боялған және 
т.б.) ажыратады. Болат құбырларды жіксіз және пісірілген деп бөледі және сәйкесінше екі 


18 
негізгі тәсілмен жасайды: жіксіз құбырларды дөңгелек қималы тұтас дайындамалардан 
жасалған қобыланған орнақтарда жіксіз құбырларды илемдеумен және қаңылтырдан немесе 
таспадан пісірумен. 
Илемнің арнайы түрлеріне: құрсаулар, тұтас аунақталған доңғалақтарды және периодтық 
пішінді дайындамаларды жатқызады. Арматуралық болаттан жасалған шыбықтар түріндегі 
периодтық пішіндерді, мысалы, құрылыста темір бетон конструкцияларын жасау үшін 
пайдаланады. Илемнің арнайы түрлерінің алуан түрлілігі тұтынушыларда тетіктер өндіру 
технологиясын ықшамдауға мүмкіндік беретін, иілген пішіндер болып табылады.
Иілген пішіндерді қалыңдығы 0,2…20 мм қаңылтырдан немесе таспадан алады. Оларды 
құрылыста (құрылыс конструкциялары элементтерінде, терезе жақтауларында және т.б.) 
кеңінен қолданады. Илемнің аса көп мөлшерін – аз көміртекті болаттан, аз мөлшерін 
қоспаланған болаттан жасайды. Түсті металдар илемін басым көпшілігінде қаңылтырлар, таспа 
және сым түрінде жүргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет