227
етуге дайындауды; бойында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде
қызмет ету туралы түсінікті қалыптастыруды; жастардың бойында азаматтық
көзқарас, Қазақстан Республикасының егемендігін қорғау қажеттілігіне деген
сенімділікті, әскери қызметке деген жауапкершілікке саналы тұрғыдан дайын
болуды қалыптастыруды; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, оның
дәстүрлері, әскер түрлерінде
қызмет ету ерекшеліктері, жалпы әскери
мамандыққа деген қызығушылықты дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.
Оқу пәні білім алушыларды әскери-патриоттық және адамгершілік
тәрбиелеу, олардың сана-сезімі мен танымдық қызығушылықтарын,
қарым-
қатынас орната білу қабілеттерін, жігер сапаларын, әскери іс, робототехника,
автомобиль жүргізу бойынша теориялық негіздерін, білік және дағдының,
сандық фото және бейне жабдықтарды пайдаланудың алғышарттарын
дамытудың жалпы жүйесінде маңызды орынға ие.
Оқу пәні қазақстан әскерінің даму тарихымен танысу және оның бүгінгі
жай-күйін оқу
арқылы әскери тұрғыдан жігерлі, батыл, денсаулығы мықты,
білімді тұлғаны дамытуға бағытталған.
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер
мен толықтырулар «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен
бекітілген «Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары
қызметінің үлгілік қағидаларына» сәйкес білім беру ұйымдары, үлгілік оқу
жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу
жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.
Үлгілік оқу жоспарларының түрлеріне қарай «Алғашқы
әскери және
технологиялық дайындық» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі
20.1-кестеде көрсетілген.
20.1-кесте. Оқу жүктемесінің көлемі
Сынып
Оқу пәнінің
атауы
Жалпы жүктеме, сағат
Үлгілік оқу жоспары
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу
жүктемесімен)
Апталық
Жылдық
Апталық
Жылдық
қоғамдық-гуманитарлық бағыт және
жаратылыстану-математикалық бағыт
Инварианттық компонент
10
Алғашқы
әскери және
технологиялық
дайындық
1
36
1
36
11
Алғашқы
әскери және
технологиялық
дайындық
1
36
1
36
Вариативті компонент
Достарыңызбен бөлісу: