71
түрінде берілген [МҚ,1,493-б.], Солтүстік-сөйленістеріне тән. Балам, омақадағы
тегенені босатып, қоңсыға апарып бер (Рес., Омбы).
Киім-кешек атаулары: күпі – «мақта
сырған шапан, сырма шапан»
мағынасында М.Қашқари «Сөздігінде» кездеседі. Атаудың «сырт киім,
жылылық» мағынасы сөйленістерде сақталған. Семей облысының Абай,
Шұбартау, Ақсуат аудандарында – күпі «түйе жүні салынған көрпе». Үйдің
суықтығына шыдамай үстімізге күпі жамылып отырмыз (Сем., Ақс.). Күпі
көрпе деп ішіне түйе жүні салынған жылы көрпені айтады (Сем., Абай); Кеуіш
– кебіс, галош. Батыс сөйленістерінде кездеседі (Әлгі бала кеуішті шалыстырып
кетіпті (Түрікм.,Тежд.). Қарақалпақ тілінде – кеуиш (Рус.-карак.сл.,1947),
өзбекше – кавуш (Узб.-рус.сл.,1941) және түрікмен тілінде – ковуш (Туркм.-
рус.сл.,1940).
Достарыңызбен бөлісу: