М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


 Аймақтық этномәдени лексиканың төл (туынды ) қабаты



Pdf көрінісі
бет37/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   89
Бисенбаева

2.2.2 Аймақтық этномәдени лексиканың төл (туынды ) қабаты
Этномәдени лексиканың енді бір бөлігі – төл сөздер. Төл сөздер 
қабатының негізіне түркі тілдеріне ортақ, жалпытүркілік қабатқа тән сөздердің 
біразы енеді. «Байырғы төл сөздер дегеніміз – қазақ халқының өмір-тіршілігі 
мен шаруашылығына, тұрмысы мен мәдениетіне, дүниетанымы мен түсінігіне 
байланысты жалпыхалықтық сипатта қалыптасқан, оның өзіне тән сөздері» 
[48,135-б]. Ал аймақтық төл сөздерге сөйленіс иелерінің тұрмыс-тіршілігіне, 
әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне, дүниетанымы мен мәдениетіне, шаруашылығы, 
күнкөрісіне байланысты пайда болған жергілікті сипаттағы сөздер жатады. 
Оның сөздік қорын жалпытүркілік лексиканың диалектілік қабаты құрайды, ол 
қазақ этносының өз алдына ел болып өмір сүре бастаған кезінен бергі тыныс-
тіршілігін танытатын сөздермен толығып дамыды. Бұл кезеңнің тарихы да әр 
алуан оқиғаларға толы, қазақ этносы да қоғам дамуының бірнеше сатысынан 
өтті, мұның бәрі лексикада көрінуі заңды құбылыс болса, аймақтық лексика да 
бұдан шет қалмайды [32,33-34-бб.]. 
А.Салқынбай адамзат тілінің дамуы әлем бейнесін танып-біліп, олардың 
әртүрлі белгісі мен қасиеті, сапасы мен саны, қимылы мен әрекеті, амалы мен 
сипатына атау беру арқылы орындалады, өйткені ұғым мен атау арасында 
сәйкесті байланыс бар деп пайымдайды. Ол байланыс заттар мен 
құбылыстардың белгілеріне атау, есім беруде халық танымы мен ой санасының 
өсуімен, ұлттық психология мен менталитетіне байланысты анықталады. 
«Ұғым арқылы атау жасалғанда, атаудың негізгі және ерекше белгілері 
сипатталады, әрі атау жасаудың генетика-семантикалық коды айқындалады. 
Генетика-семантикалық код негізінде жаңадан туындаған сөздерде ортақ сема 
сақталады, ішкі мағыналық құрылым қалыптасады» Бұл тұжырым бойынша, 
генетика-семантикалық код мағынамен тығыз байланысты болады да, тілдің 
жүйелі кешендік сипатын сақтайды. Егер атау жасауда генетика-семантикалық 


74 
код сақталмаса, тіл өзінің жүйелі құрылымын сақтамай, «қалай болса, солай 
құрылған «хаосқа» айналар еді». Осыған орай, «Номинация объективті 
болмыстың ойда санада бейнеленуін, ұғым қалыптасу жүйесін, ұғымның сөз 
арқылы таңбалану сипатын танытады» [93,139-б.],-деп тұжырымдалады. 
А.Салқынбайдың аталған тұжырымдарына қарағанда, ұғым мен атау 
арасындағы табиғи байланыс – тіл жасалуының негізі. Бұл байланыс сөздің 
мағынасы арқылы көрініс табады. Егер мұндай байланыс болмаса, тіл ұрпақтан-
ұрпаққа мұра бола алмас еді. Ұғым мен атау арасындағы табиғи байланыс 
таным арқылы жүзеге асады, оны қалыптастырып танытатын мағына – ұлттық 
дүниетанымдық мағына болып табылады. 
Ендеше осының бәрі этностың ой-санасының өсуіне ұлттық ділі мен 
тағлымына, психологиясына тікелей қатысты болып келеді. Н.Оралбаева: 
«Қазақ тілінің әбден, қалыптасқан, сөзжасам жүйесі бар, ол, әрине, – ұзақ 
уақыттағы дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі 
тілінен (ең көне ескерткіштер тілі) басталып, содан бері дамып, толығып, 
күрделеніп, сұрыпталып, екшелене келіп қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен» 
[94,195-б.],-дейді. 
Аймақтық этномәдени лексика да тілге тән заңдылықтар, сөзжасам 
заңдылықтары арқылы әр кезеңде толығып, жетіліп байып отырады, оның 
құрамынан әр дәуірде пайда болған сөздерді көру қиын емес. Мысалы, бітпе – 
көне жазу, бедізші – тасқа қашап жазушы, аңсыз – ақылсыз, аңғар, аңғарлау – 
зейін, сезімге байланысты сөздер, аңғарлау – байқау тәрізді сөздер түбірлерін 
көне түркі ескерткіштері дәуірлерінен алса, абылау – аң аулау, әздік – ыңғайлы, 
лайықты, күндікшілік – жалданып істейтін жұмыс, көне жазулар заманынан, 
ағаш тіс – ағаш соқа, бір мойын жер – гектардың ширегі, көмбе – тапа/таба 
сөздері халықтың отырықшылыққа ауыса бастау кезеңін, бақпа – бала бақша, 
жаншы – тыңшы, жар газет – қабырға газеті сөздері этнос тарихындағы елеулі 
өзгеріс, үлкен оқиғалар сарынын сездіреді, сөйтіп, сөзжасам тарихы аймақтық 
лексика үшін де адам танымының жетіліп, айнала қоршаған ортаны танып, оған 
ат қойып таңбалай бастаған кезеңдерінің бәрінде ізі қалған көне де күрделі 
құбылыс [32,65-б.].
Сөзжасам – өзіндік заңдылықтары, амал-тәсілдері тілде ежелден 
қалыптасқан тарихи құбылыс. Қай кезеңде де тіл иесінің дүниетаным көрінісін 
атау арқылы таңбалап, қатысым қажетін өтеп келе жатқан – сөз жасау үдерісі. 
Сөзжасамның қатысым қажеттілігімен байланысын: Н.Оралбаева «Сөзжасам 
лексикалық нұсқаларды жасағанда, тілдік қарым-қатынасқа қажетті атау 
жасайды. Ол қажеттілік қоғамда туады, атаудың лексикалық жүйеде жоқ екенін 
лексика білдіреді. Ал жаңа ұғымды қалай атаудың жолын іздеу, сөзжасамның 
жұмысы, сондықтан ол жоқ атауды тілдің сөзжасамдық нұсқаларының 
қайсысымен 
жасауды 
сөзжасам 
жүзеге 
асырады» 
[94,193-б.],-деп 
тұжырымдайды. Өмірде жаңа пайда болған ұғымның атауы жоқ екенін халық 
санасындағы лексикалық қор анықтап, сөзжасам тәсілдері арқылы жаңа атау 
қажетін өтеп отырады. Тілдің сөздік қорын байытып, оның икемділігін 
арттыратын, қандай күрделі ой болса да, оны нақтылы, дәл жеткізуге 


75 
мүмкіншілігі мол құдіретті тіл болып қалыптасудың бір тетігі тілдің сөзжасам 
жүйесіне байланысты. Осыған орай, С.Исаев сөзжасамның атау қажеттілігіне 
байланысты аталым жасау қызметі бірінші дәрежедегі тілдік құбылыс та, оның 
сөз табына қатысы екінші дәрежелі құбылыс деген тұжырым жасайды. 
Сөзжасамның қызметі аталым (сөз) жасау, соның негізінде танылған белгілі 
ұғымға дер кезінде ат қойып, қоғам қажетін өтеу, сөзжасам қызметі арқылы 
жасалған аталым (сөз) өз кезеңінің көрінісі ретінде сөзге тән қызмет атқарып, 
тілдің сөздік құрамынан орын алады, тілдің баюына үлес қосады [95,244-б.],- 
деп тұжырымдайды. 
Аталған тұжырымдар сөзжасамның тілде атқаратын қызметі мен оның 
маңызын анық байқатады, сол себепті лингвистикада сөзжасам мәселесі күрделі 
де өзекті мәселенің қатарына жатады. Қазақ тілі ғылымында сөзжасамның 
жалпы мәселелері сөз типімен қатар, А.Ысқақов [96], Н.Оралбаева [94], С.Исаев 
[95] т.б., атау теориясы тұрғысынан тарихи, семантикалық қырынан 
А.Салқынбай [97] т.б. ғалымдардың зерттеулерінде тұжырымдалса
Б.Бияровтың 
жалқы 
есімдердің 
жасалуы 
бойынша 
зерттеулерінде 
топонимжасам [98] сөзжасам аясындағы жеке сала ретінде алынады, Ғ.Қалиев 
диалектілік сөзжасам [99] мәселелерін арнайы зерттеу нысанына айналдырған.
Сөзжасам саласындағы басты нәтиже – туынды сөз. Ол сөзжасамның 
айқындалған амал-тәсілдер арқылы лексикалық мағына (туынды сөз, аталым) 
жасайтын тілдік үдеріс екенін танытады. Сөзжасамның екі белгісі, ерекшелігі 
байқалады, алдымен, жаңа лексикалық туынды жасайтын тілдік үдеріс 
сөзжасам тәсілдері екені, екіншіден, сол тілдік құбылыстың нәтижесі ретінде 
пайда болған жаңа сөздер, сөзжасам үлгілері [96, 253-б.]. Жаңа сөздің пайда 
болуымен бірiнші дәрежелі тілдік үдеріс сөзжасам үдерісі аяқталады, бұдан 
кейінгі 
жаңа 
сөздің 
бойындағы 
өзгеріс 
грамматикалық 
қызметке, 
грамматикалық мағынаға байланысты болады, сондықтан С.Исаев оны «екінші 
дәрежедегі тілдік процесс» деп есептейді. 
А.Салқынбай: «Сөзжасам – номинация процесінің орындалуын 
қамтамасыз етеді, адамның танымдық қызметінде шешуші роль атқарады» 
[97,46-б.],- деп есептейді. Сөзжасамдық үдерістің нәтижесі – лексикалық 
бірліктер, яғни номинативтік атаулар. Сөзжасамды үдеріс санаудың себебін 
А.Салқынбай ұғымды таңбалаудың күрделі табиғатында деп түсінеді Ұғым 
денотаттық мағына ие болу үшін халық тәжрибесінен, уақыт сынағынан өтуі 
қажет. Ол үшін сөзжасам: 

негіз сөз арқылы жасалған екіншілік мағыналы сөздердің қалай 
жасалатынын, негіз сөздің ішкі семантикалық құрылымын;

жасалған туынды сөздің ішкі семантикалық құрылымын; туынды сөз 
жасауға қатысатын комоненттердің мағынасын; 

сөзжасамдық мағынаны, сөзжасамдық типті, сөзжасамдық қалып пен 
тізбекті; 

сөзжасам негізінде қалыптасқан түбірлес сөздерді; сөзжасамдық 
заңдылықтарды – негізділікті (мотивация), сөзжасам амал-тәсілдерін т.б. 
қарастырады [97, 6-б.]. 


76 
Тілдегі кез келген түбір сөзжасамға негіз бола алмайды. Жаңа туынды 
мағына жасай алмайды, себебі халық санасында ол заттың, құбылыстың 
дамушы негіз болар бейнесі жоқ. Жаңа туынды сөз (аталым) тілде бар сөздер 
халық санасында белгілі орын алған жағдайда, қажет кезінде жаңғыруға, келесі 
затты атауға негіз бола алатын жағдайда туындайды. Бұл – сөзжасамның үдеріс 
екендігінің келесі бір дәлелі. Мысалы, ақ+па – «үлкен өзендерде қолданылатын 
аудың түрі» (Балықшылар қайыққа мініп ақпа ау салады (Шығ., Зайс.); 
байла+уыш – «басқа тартатын жеңіл орамал» (Оған магазиндегі байлауыш өте 
ұнады (Алм., Нар.); бада+шы/падашы – «сиыршы, жекеменшіктің малын 
бағатын адам» (Сәлем бердім отырған жылқышы, қойшы, түйеші, бадашы 
шаруа жалпыға (Жамб., Шу). Берілген туынды сөздер түбірдің мағынасы мен 
сөз тудырушы жұрнақты мағынасының жалғастығынан тұрады. Әулі+жай- 
«қора-жай, қора-қопсы», ақ+көйлек- «ақ көңіл», ақ+тас – «кішкене ақ түйме», 
ақ тон – «бидайдың қабығы» – атауларындағы сөзжасамдық мағына олардың 
құрамындағы түбірлердің мағыналарын қамтиды. Бұл сөзжасамның ұдайы 
жүріп отыратын, тілмен бірге өмір сүретін құбылыс екенін дәлелдейді.
Ғ.Қалиевтің пайымдауынша, аймақтық лексикадағы туынды сөздер негізі 
ежелгі түркі әлемінде салынған жалпы түркілік тарихи үдеріс. Қазақ тілінің 
дамып жетілуімен табиғи байланыстағы үдеріс, сондықтан қазақ тілінің 
жергілікті ерекшеліктеріндегі сөзжасам қазақтың ұлттық сөзжасам жүйесіне 
кіреді, соның жергілікті жердегі көрінісі болып табылады [99,28-б.]. Бұл, 
біріншіден, қазақтың ұлттық тілінің айырым белгілері аз, жалпы ортақ белгілері 
мол біртұтастығына байланысты болса, екіншіден, жалпыхалықтық тілден 
мүлдем өзгеше сөйленіс жоқтығынан байқалады. Қазақ тілінің аймақтық 
лексикасындағы туынды сөздер қазақтың ұлттық тілі ғана емес, жалпы түркі 
тілдеріне ортақ сөзжасамның: синтетикалық, аналитикалық тәсіл арқылы 
жасалған.
Ғ.Қалиев фонетикалық, лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық 
тәсілдердің де белгілі мөлшерде сөзжасамға қатысы барын ескертеді [99,30-б.]. 
Жалпыхалықтық лексика мен аймақтық сөзжасам тәсілдері бір болғанымен, 
сөзжасамдық қалып құрылымында, негіз сөз бен сөз тудырушы қосымша, 
туынды сөз семантикасында аздаған айырмашылық өзіндік ерекшеліктері 
байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет