М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет36/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   89
Бисенбаева

 Азық-түлік, тағам атаулары: әсіп-жаңа сойылған малдың қаны мен 
қосып ішекке салып жасайтын тамақ. Жамал апай әсіп жасаған екен (Сем., 
Абай); шөрек – қазанға пісірлген жұқа нан. (Базардан бір-екі шөрек ала келіп 
едім (Түрікм.,Таш.). Атау «тоқаш», «күлше» нан мағынасында М.Қашқари 
«Сөздігінде» кездеседі [МҚ,1,447-б. ]; М.Қашқари «Сөздігінде» көмеш – «отқа 
көміп пісірілген нан» мағынасын білдіреді. Сөз халықтың ежелгі тұрмысында 
«отқа көміп» пісіру әрекетінен пайда болған, кейін шойын табаларды меңгерген 
уақытта да осы атау бірде ыдыс атауын, бірде «нан» ұғымын білдіріп
мағынасын кеңейткен. Сөйленістерде: көму/көмбе/көмбеш/көмпеш тәрізді 
жалаң түбір сөздер мен күрделі атаулар қалыптасқан. 
Табиғат құбылыстарына, жер бедеріне қатысты атаулар: қабыз – шөп 
шыққан құмды жер (Қ.орда, Арал). Қай – теңіздегі үлкен толқын. Қайдың 
болатынын балықшылар күн ілгері біліп отырады (Маң.). Түрікменше – гай, 
дауыл (Рус.-туркм.сл., 1956), Шамал – шық. Биыл ертеңгілік шамал да болмай 
тұр (Түрікм., Бекд.). Түрікменше – шемал, өзбек тілінде – шамол (Узб.-рус.сл., 
1959, қарақалпақша – шамал (Карак. – рус.сл., 1958). Қағыл – құрғақ. Қағыл-
қағыл жерлермен жүрдік ҚХР). Қапа – тымық, тымырсық. Бүгін күн қапа боп 
тұр (Орал, Қазт.). 
Жан-жануар, оларға қатысты ұғым атаулары: күре – есектің төлі, 
қодық. Есекке жүк артқанда күресін бос жіберуге болмайды, оны да қоса тіркеп 
қою керек (Қ.орда, Арал). Күресі ілеспеген соң енесі де баспай қойды (Түрікм., 
Краснов.). Ауыт – қом, жазы (жүк артатын нар түйенің жазысы), түрікменше – 
ховут (Туркм. -рус.сл., 1940), қарақалпақша – авыт.
Сындық-сапалық ұғым атаулары: әпет – күшті, керемет (сол жігітті өте 
әпет көрдім (Түрікм., Таш.), түрікменше де осы мағынада. Дайыр – анық, шын. 
Осы сөзіңнің жаны бар, дайыр сөз (Түрікм.,Таш.).Түрікмен тілінде – захыр, 
өзбекше – зақир (Узб.-рус.сл.,1959). Күсет – жақсы. Бүгін базардағы сауда күсет 
болды (Сем., Абай). Қары – оңбаған, бұзық адам. Ол бір қары неме екен (Алм., 
Нар.). 
Құрылымдық жағынан алғанда жалпытүркілік лексикалық қабат
негізінен, түбір және туынды түбір тәрізді жалаң сөздерден (күп – су сақтайтын 
орын; өре – бір салма киіз; сел – күш-қуат, денсаулық); қарма – майға 
қуырылған балық; кірші – кір жуатын ыдыс; сабаншы – соқа айдаушы)) тұрады 
жалпытүркілік қабатты «шартты» санаудың бір себебі – осы лексикалық 
қабаттар арасындағы көзге көрінбес шекаралар. Ал аналитикалық тәсіл арқылы 
жасалған күрделі сөздер (қылдыбақыр – шелек, қолкиіз – қазан көтергіш киіз
тастабақ – тарелка, таскеді – сырты қатты асқабақ; қара үй – киіз үй, ашық-
машық – есіктің топсасы т.б.) түркі тілдері дамуының төл қабатының үлесі 
деуге болады. 
Жалпытүркілік кезең түркі тілдері дамуының ұзын сонар уақытын алады 
да, түркі тілдерінің жеке дамуының негізін қалайды. Осыған байланысты, 


73 
И.Н.Шервашидзе көне түркі ескерткіштерінде кездесетін және ХІ ғасырға 
дейінгі деректерде көрінетін, қазіргі түркі тілдерінің бірнешеуінде ұшырасатын 
материалдың бәрін жалпытүркілік қабатқа жатқызады. И.Н.Шервашидзенің 
көзқарасы бойынша, мұндай жағдайда белгілі лексеманың байырғы, көнелігін 
тануға болса, екіншіден, қазіргі түркі тілдерінде сақталған «окказионалды» 
сөздердің, кірме сөздердің біразынан арылуға болады [92,54-б.]. 
Осындай тұжырымдардан жоғарыда көрсетілген сөздерді жалпытүркілік 
қабат санауға негіз болып отырған себеп – олардың басқа түркі тілдерінде 
кездесуі, әрине, мұнда барлық түркі тілдері алынып отырмағаны анық, тек 
белгілі атауды жалпытүркілік қабатқа жатқызудағы басты критерий – оның 
келесі туыс тілдің не әдеби лексикасынан, не диалектілік лексикасынан көрініс 
табуы. Қазақ тілі диалектілік лексикасының бастауы – қазіргі түркі тілдеріне 
ортақ сөздер, жалпытүркілік лексика, олар сөздік қорға тән қызмет атқарады 
[91,112-б.] деп тұжырымдалады. Лексика қай кезеңде де сол дәуірінде өмір 
сүрген әртүрлі этностардың қоғамдық, әлеуметтік жағдайының да куәсі болса, 
жалпытүркілік лексикада қазақ тілі этномәдени лексикасының қоры 
жинақталған деуге болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет