73
И.Н.Шервашидзе көне түркі ескерткіштерінде
кездесетін және ХІ ғасырға
дейінгі деректерде көрінетін, қазіргі түркі тілдерінің бірнешеуінде ұшырасатын
материалдың бәрін жалпытүркілік қабатқа жатқызады. И.Н.Шервашидзенің
көзқарасы бойынша, мұндай жағдайда белгілі лексеманың байырғы, көнелігін
тануға болса, екіншіден, қазіргі түркі тілдерінде сақталған «окказионалды»
сөздердің, кірме сөздердің біразынан арылуға болады [92,54-б.].
Осындай тұжырымдардан жоғарыда көрсетілген сөздерді жалпытүркілік
қабат санауға негіз болып отырған себеп – олардың басқа түркі
тілдерінде
кездесуі, әрине, мұнда барлық түркі тілдері алынып отырмағаны анық, тек
белгілі атауды жалпытүркілік қабатқа жатқызудағы басты критерий – оның
келесі туыс тілдің не әдеби лексикасынан, не диалектілік лексикасынан көрініс
табуы. Қазақ тілі диалектілік лексикасының бастауы – қазіргі түркі тілдеріне
ортақ сөздер, жалпытүркілік лексика, олар сөздік қорға тән қызмет атқарады
[91,112-б.] деп тұжырымдалады. Лексика қай кезеңде де
сол дәуірінде өмір
сүрген әртүрлі этностардың қоғамдық, әлеуметтік жағдайының да куәсі болса,
жалпытүркілік лексикада қазақ тілі этномәдени лексикасының қоры
жинақталған деуге болды.
Достарыңызбен бөлісу: