77
диалектілік
сөз әдеби тілге тән сөзден, жұрнақтардан жасалып тұр. Сөйтіп,
туынды сөздің мағынасы өзінің құрамындағы түбірдің (негіздің) мағынасымен
де,
жұрнақтың
мағынасымен
де
іштей
байланысып
(аң+ғар+лы;
қалта+ман+дық) барып, біртұтас қасиет-қабілетті иеленеді [95,97-б.]. Осы
мәселе жайында Ы.Маманов «бір сөзге сөз тудырушы қосымша жалғану
арқылы жасалған жаңа мағыналы сөзді қосымшалы түбір
атаймыз десек,
дәлірек болар еді» [100, 11-б.],-деп тұжырымдайды және сөздің бұл түрінің
қандай негізден жасалатынына сипаттама береді. Туынды сөздің құрамында
негізгі түбір морфемасы және қосымша морфемалары болуы шарт (шап+ық;
шабық+тау т.б.). Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөз бен түбір
сөз
жалаң сөздер тобын құрайды, ал біріккен, қысқарған құрама (күрделі) сөз,
қос сөздер күрделі сөздер саласын құрайды [100, 11-б.]. Н.Оралбаева
туынды
сөздерді тілдің сөзжасам үдерісінің нәтижесінде туған лексикалық дайын
тұлғалар. Туынды сөз терминінің мәні, «туынды түбір» дегеннен әлдеқайда кең,
себебі «туынды түбір» туынды сөздің бір түрінің аты,
туынды сөз ұғымына
тілде әртүрлі тәсілдер арқылы жасалған жаңа сөздер жатады [94, 34-35-б.] деп
анықтаса, А.Салқынбай «туынды сөз дегеніміз – сөзжасамдық амал-тәсілдердің
көмегімен түбірдің немесе негіздің, сөз тудырушы морфемалардың қатысуымен
пайда болып, екіншілік мағынаға ие болатын жаңа денотаттық мағыналы сөз.
Туынды сөз мағынасы себепші негіз мағынасы арқылы ғана анықтала алады.
Демек, туынды сөз екіншілік мағына беретін жаңа сөз» [97,39-б.],-деп
түйіндейді.
Сөзжасамға негіз болатын бөлікті А.Салқынбай «себепші негіз» деп
атайды. Синтетикалық тәсіл арқылы сөз жасауда басты белгі – негіз (себепші
негіз). Оның ұғымдық мәні, мағынасы жаңа атау белгілейтін таңбаланушының
арасындағы логикалық байланыс арқылы пайда болады,
сондықтан қосымша
морфеманың (сөз тудырушы тұлғаның) қолданылуында өзіндік ерекшелік бар.
Бұл сөз тудырушы қосымшаның сөз тудыру қабілетінен туындайды: –
сөз
Достарыңызбен бөлісу: