79
жұқа нан (Алм., Шел.), қарма – қуырған балық (Қост. Жан.); көмбе – табаға,
күлге көміп пісірілген нан (Рес., Омбы); кешпелі –судың таяз жері өткел
(Жамб., Қорд.); кесінді – тарының дән араласқан топаны. Тарыны басқанда
түсетін сабан аралас отход сағырды кесінді дейді (Ақт., Ой.).
Бұл сөзжасамдық қалыпта ерекше назар аударатын –
шы/ші жұрнағы.
сабаншы -соқашы, жер айдаушы, егінші. М.Қашқаридың «Сөздігінде»
-шы/ші
жұрнағы, негізінен, есім сөзден зат есім тудырушы жұрнақ қызметінде көрінеді.
Савшы – елші. «Ұлы Тәңірдің жіберген елшісі, пайғамбар. Бұл сөздің өзегі –
«сөз, мақал-мәтел сөз» мәнісіндегі «sav:сав» сөзі. Пайғамбар соны жұртқа
жеткізген, жеткізуші» [МҚ,3,585-б.] деген түсінік берілген.
Туынды сөздің
түбірі sav/сав «Сөздікте»: мақал-мәтел; қисса; хикая; хат, хат-хабар, кітапша;
сөз; хабар» [МҚ,3,215-б.]. Жоғарыда айтылғандай,-
шы/ші жұрнағы –
жалпыхалықтық тілде аса өнімді жұрнақ. А.Ысқақов -
шы/ші жұрнағы арқылы
жасалатын туынды зат есімнің төмендегідей түрін көрсетеді:
кәсіп иелерінің я мамандық атауларын, белгілі кәсіппен шұғылданатын
адамды білдіреді;
адамның белгілі бір дағдыға айналған
іс-әрекеті мен қабілет-
қасиеттерінің атын білдіреді;
қоғамдық ағымды көзқарасты (идеяны) жақтаушының және белгілі бір
қоғамдық ұйымға қатысушының атын білдіреді [96, 157-б.]. Е.Жанпейісов осы
аталған топтармен қатар, «осылардың сыртында туа түбір зат атауларымен
-
шы/ші форматының бірігуінен жасала тұрғанымен, тілімізде ешқандай
кәсіппен де, мамандықпен де байланысы жоқ немесе
адамның әлдеқандай бір
машық-икеміне де, қабілетіне де бейқатыс туынды зат атаулары бар» [102, 297-
б.],- деп есептейді. Сөйленістерде: айтымшы – «айтқыш». Айтымшы тақ-тақ
көп шыққан алқалаған шаршыда, Тарқатқан шерін өлеңмен (Гур., Маң.);
айырушы – «жіктеуші, реттеуші, жік-жікке бөлуші» Айырушы заводқа келген
балықты түр-түріне бөледі ((Гур., Тең.); ақшомшы – түйе керуені (Қ.орда,
Қарм.); аткезші – ертедегі атпен жүріп сауда істеушілік. Бұрынғы реттерде
Қытай мен Албан елдерінде аткезшілер жүретұғын (Алм., Шел.); базаршы –
«базардан сатып алушы»; қалашы – «қалаға
мал айдап барып, керек-жарағын
алып қайтатын қыр адамы» (Бүгінгі базаршылардың қалаға айдайтын малы көп
те емес. Базаршылар осылай артынып-тартынып, қораның шетіне шыққанша,
күн сәске болды. Әкпар оны кеше тастамай алып кетпек болғанда, ол осы
қалашылармен
ілесіп барайын деп, зорға сұранып қалған-ды (Қ.Жұмаділов);
кедейші – «қайыршы, үй-үйді аралап, халық көп жерлерде қайыр сұрайтындар»
(Ауғ.).
А.Салқынбайдың пікірінше,
-шы/ші тұлғаларының негізгі грамматикалық
сөз тудырушылық мағынасы «адам, кісі» семасына ғана қатысты. Себепші негіз
арқылы туындаған мағыналардың бәрінің жалпы ортақ мағынасы – кісінің
атына, қызметіне, мамандығына қатысты болады, -
шы/ші тұлғаларының әуелгі
мағынасы – адам, кейін осы өзек семадан десемантизацияланған да, адам
мағынасын
туғызатын
грамматикалық
тұлғаға
ауысқан
[97,233-б.].
Сөйленістерде
-шы/ші тұлғалары арқылы жасалған туындылар қатары
80
біршама. Сабаншы – «соқашы, соқа айдаушы, егінші» (Сабаншы, тұқым
себуші, культиватор, тағы сол сияқты кадрларды
дайындау курсына әйел
жолдастарды көбірек тарту керек («К-з жолы», №11,1942). Йоршы – «жол
басшы» [МҚ,3,43-б.]. иазығшы – «хатшы, жазбашы». Құдалар арасында хат-
хабар, хабар-ошар жүргізетін адам. Жарастырушы [МҚ,3,43-б.]. Ағланшы – «су
иірімін жасаушы»; ақаншы – «қызыл балық аулаушы» (Ақаншы қызыл
балықты, көбінесе, қыстыгүні аулайды (Гур., Тең.); ақбаршы – «хабар
жеткізуші» (Біздің колхоздың ақбаршысы бүгін Ойылға жүреді (Ақт., Ой.);
ақтаушы-қорғаушы. Совхозды үйтіп қойса да, ақтаушысы күшті болып
құтылды (Түрікм., Мары.); сақманшы/сақпаншы – «жаңа туған қозыны күтуші
адам» (
Өзі шопан міндетін атқарса, зайыбы сақманшы болып істейді (Көкш.,
Еңб); кедергішілік – «бөгет, тосқауыл, кедергі». Колхоздың жұмысына
ешкімнің кедергішілік келтіруге қақысы жоқ (Қ.орда, Арал);
2) «
диалектілік» негіз + әдеби қосымша
Достарыңызбен бөлісу: