72
Теңгеміз 1993 жылдан бері талай ӛзгерістерге ұшырады.
Алғаш кездегі банкноттарда (қағаз ақшаларда)
қазақтың ұлы
тұлғаларының бейнелері болатын. Мысалы, бір және екі жүз,
бес жүз, мың теңгелерде Әл-Фараби, үш теңгеде Сүйінбай
Аронұлы, бес теңгеде Құрманғазы Сағырбайұлы, он
теңгеде
Шоқан Уәлиханов, жиырма теңгеде Абай Құнанбайұлы, елу
теңгеде
Әбілхайыр хан, жүз теңгеде Абылай хан.
2006 жылдан бастап қағаз ақша ретінде 200 теңгеден бас-
тап 10 000 теңгеге дейінгі банкноттар ғана қалды. Жүз теңгелік
қағаз ақша тиынға айналды.
Қазіргі банкноттар: 200 теңге, 1000 теңге, 2000 теңге, 5000
теңге, 10000 теңге. Тиындар (монеталар): 1 теңге, 2 теңге, 5 тең-
ге, 10 теңге, 20 теңге, 50 теңге, 100 теңге.
1995 жылы 19 мамырда Қазақстанда банкноттарды басып
шығаратын фабрика ашылды. Оған дейін алғашқы банкноттар
Англияда, тиындар Германияда жасалды. Англияда 2,2 млрд.
теңге басылып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: