Ж. Б. Аширбекова


Еліміздің ҧлттық валютасы – теңге



Pdf көрінісі
бет18/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Еліміздің ҧлттық валютасы – теңге. Кез келген мемле-
кеттің тарихына оның бір ақ рет енгізілетін ӛз валютасының 
тарихы да кіреді. Басқа кӛптеген елдердің ұлттық валютасының 
тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Ал теңгенің – 
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы прези-
денттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталады. Бұл 
меншікті ұлттық валютаға кӛшу Қазақстан ӛз дербес ақша – 
кредит саясатын жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Осы күн тарихи 


68 
датаға айналды. Бұл күнді Қазақстан Республикасының Ұлттық 
валютасы күні ретінде атап ӛтеді.
Ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республикасының бүкіл 
аумағында барлық тӛлем түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір 
шектеусіз банктік шоттарға есептеу үшін және аудару үшін 
міндетті заңды құрал болып табылады.
Ұлттық валюта – теңге (қолма-қол ақша) банкнота және 
монет түрінде айналысқа енгізілді. Банкнота – ұлттық банктің 
Алматы қаласындағы банкнот фабрикасында, ал монета – 
Ӛскемендегі монета сарайында дайындалып шығарылады. 
Ұлттық банк іс жүзінде жақсы жағынан кӛрінген техноло-
гияларды қолдана отырып, ақша белгілерін қолдан жасаудан 
қорғауды жетілдіру жӛніндегі жұмысты тұрақты жүргізіп келе-
ді. Республикада ұлттық валютаны енгізгеннен бергі уақытта 
ақша белгілерімен айтарлықтай жұмыс тәжірибесі жинақталады. 
Жаңа үлгідегі ақшаны айналысқа енгізу туралы шешім 
бірқатар объективті себептер мен қажеттіліктерден туындады. 
2006 жылдың 15 қарашасында екінші қатардағы жаңа үлгідегі 
банкноталар айналысқа енгізілді. 
Ескі үлгідегі теңгені 2006 жылғы жаңа теңгеге ауыстыру 
рәсімі әдеттегі нарықтық қатынастар режиміне ӛтті. Бүгінгі күн 
жаңа үлгідегі ақшалар, ескі үлгідегі банкноттарды ығыстыра 
отырып, біздің әмияндарымыздан ӛз орнын алды. 
Тайландтың Бангкок қаласында 2007 жылғы 7-9 мамырда 
үкіметтік емес халықаралық ұйым ұйымдастырған. «Валюта мә-
селелері жӛніндегі халықаралық қауымдастық» конференция-
сында «Ең үздік жаңа валюта» конкурсында Қазақстан 
Республикасының Ұлттық Банкінің номиналы 1000 теңгесіне 
орын берілді. Ол біздің дизайнерлеріміз және мамандарымыз-
дың қорғаныш элементтерін әзірлеу бойынша жұмысының нә-
тижесі болып табылады.
Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналысқа енген-
нен бері, яғни 16 жыл тарихында кӛптеген ескерткіш және ме-
рейтойлық қымбат металдан жасалған монеталар айналысқа 
шығарылды. Монеталар – ерекше әрі тарихи дерек кӛзі. Олар 
бүгінгі күнге тарихи тұлғалардың тұтас бір портреттік галерея-
сын, түрлі ескерткіш бейнелерді алып келді, олардағы суреттер-


69 
де мифологиялық сюжеттер, тұрмыс-салт кӛріністері бейнелен-
ген. Монеталар – халықтардың экономикалық және саяси тари-
хын, олардың материалдық және рухани мәдениетін жан-жақты 
зерделеу үшін тамаша материал. Олар елдің және тарихи дәуір-
дің «бет бейнесі» сияқты. Ұлттық банктің шығарған монетаның 
әрбір сериясының Қазақстан Республикасының дамуында ӛз 
тарихи орны бар. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы нау-
рызындағы №2155 «Қазақстан Республикасының ұлттық банкі 
туралы» заңның 42 бабына сәйкес, монеталар мынадай түрге 
бӛлінеді:

инвестициялық – монеталар – инвестициялау және жи-
нақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат 
металдан дайындалған монеталар. 

коллекциялық монеталар – коллекциялау және жинақ-
талған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат ме-
талдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайын-
далған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған моне-
талар. 

айналыста жүретін монеталар – қымбат емес металдан 
дайындалған және қолма-қол айналысына арналған монеталар. 
Инвестициялық монеталардың – коллекциялдықтан айыр-
машылығы, біріншіден, неғұрлым айтарлықтай ірі таралыммен 
шығарылады. Екіншіден, соғу сапасы бір сатыға тӛмен. Егер 
ескерткіш монеталар, әдетте коллекцияларда сақталып, негізі-
нен нумизматтар арасында айналатын болса, инвестициялық 
монеталар еркін нарықта құймалармен тең қолданылады. Ин-
вестициялық монеталар Қазақстан Републикасында «Жібек 
Жолы» деп аталады. Олар 1996 жылғы 19 ақпаннан бастап ай-
налысқа шығарылды. Қазақстанда инвестициялық монеталар 
тиімді инвестициялау және жинақ қаражатын сақтау үшін шы-
ғарылады. 
«Қазақстаггың әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» серия-
сынан («Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Қыз қуу», «Беташар») 
күміс номиналы 500 және Нейзельбер қоспасынан номиналы
50 теңгелік монеталар шығарылады. Бұлар – ескерткіш монета-
лар – қазақ халқының әдет-ғұрыптары және ұлттық мәдениеті 
кеңінен таратуға арналған.


70 
«Ертеде соғылған монеталар» сериясы («Драхма», «Дир-
хем», «Отырар монетасы», «Сарайшық» монетасы) Қазақстан 
аумағындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған монета-
ларға арналған. 
«Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» сериясы 
(«Түркістан», «Айша-бибі мавзолейі», «Жошы хан мавзолейі», 
«Бабаджа хатун кесенесі», «Орталық мешіт», «Нұр Астана 
мешіті» және т.б.) Қазақстанның мәдениетін кеңінен танытуға, 
діни ұғымды, жеке тұлғаны рухани және адамгершілік тұрғыдан 
ӛзін-ӛзі жетілдіру жолындағы ілім ретінде танытуға арналған. 
«Қазақстанның қызыл кітабы» сериясы («Дудақ», 
«Сайғақ», «Қар жолбарысы», «Тянь-Шань аюы», «Жалбағай» 
және т.б.) Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып бара 
жатқан жануарлар әлеміне арналған. Соңғы 4-5 жылда қымбат 
металдардан Қазақстандық монеталарға нумизматтардың, сол 
сияқты халық тарапынан сұраныстың ӛсу үрдісі байқалады. 
Ұлттық банкі Маңғыстау филиалының ұсынысымен 
«Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» сериясынан сынымы 
925/1000 күмістен, массасы 31,1 грамм, номиналы 500 теңге 
―proof‖ сапасымен жасалған, таралымы ең кӛп – 15000 (он бес 
мың) дана «Бекет ата ғибадатханасы» ескерткіш монетасының 
дизайыны бекітілді. Осы монетаның жергілікті халыққа
2010 жылы айналысқа шығатынын еске саламыз. 
Ұлттық Банктің қымбат металдан жасалған монеталары 
жыл сайын ӛтетін халықаралық нумизматикалық конкурстарына 
2000 жылдан бері қатысып, монета жоғары техникалық соғу 
сапасы жағынан осы байқаулардан бірнеше рет жүлделі орын-
дарға ие болды. Бүкіл әлем нумизматтары қымбат металдан жа-
салған Қазақстан ескерткіш және мерейтойлық қымбат металдан 
жасалған монеталарын ӛте жоғары бағалады. 
Нумизматтар және Қазақстандағы ақша айналысының та-
рихына қызығушылық білдіретін кӛпшілік үшін 1993-2009 жыл-
дардағы кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шы-
ғарған барлық монеталар туралы ақпаратты қамтитын 
«Қазақстан монеталары» атты жарнамалық бірнеше каталогтар, 
сондай-ақ Қазақстандық ақша белгілері туралы сурет альбом-
дарын шығарды. 


71 
Қазақтың ӛз ақшасы, ұлттық валютасы – теңге айналысқа 
шығып, елдің тәуелсіздігінің нығаюына, халықтың және кәсіп-
орындардың сеніміне ие болып, ӛзінің 16 жыл тарихында тәуел-
сіз егемен мемлекеттің міндетті рәмізі екенін дәлелдеп, мемле-
кеттің қаржы-несиелік саясатына орасан зор ықпалын тигізді. 
Теңге – Қазақстан республикасының ұлттық валютасы. 
Ұлттық валюта мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігінің ай-
ғағы, нышаны болып табылады. Теңге – әлемдегі ең жақсы жа-
сақталған, сақтық шарасы мықты валюталардың бірі. Банкнот-
тардың жалған банкнот жасауға қарсы 18 түрлі сақтық белгіле-
рі бар. 2007 жылы Халықаралық Валюта Ассоциациясы 10000 
теңгені әлемдегі ең үздік банкнот деп таныды.
«Теңге» сӛзі орта ғасырлық түркі тайпаларының «денге», 
«таньга» сӛздерінен шыққан. Бұлар түркілердің күмістен жасал-
ған тиыны болған. Тіпті, орыстың «деньги» сӛзі де осы екі сӛз-
ден шыққан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет