73
1. Республикалық бюджет дефицитін инфляциясыз негіз-
де қаржыландыру (қолданысқа қосымша ақша шығармай-ақ).
2. Мемлекеттік бағдарлама
мақсатында қаржыландыру
(тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік қамсыздандыру және т.б.).
3. Экономикалық белсенділікті реттеу (қолданыстағы ақ-
шаны, бағаға және инфляцияға әсер етуін, экономикалық ӛсімді,
инвестицияның бағытын және т.б.).
4. Бағалы қағаздар нарығының
барлық қатысушыларына
қаржының сенімді және жоғары ликвидті жинақталуы ұсыны-
лады (МБҚ бойынша кіріс инфляция деңгейінен артады).
Қазақстан Республикасындағы МБҚ-ның негізгі түрлері:
Қысқа мерзімді ГККО (МЕККАМ) ҚР Қаржы ми-
нистрлігі шығаратын 3, 6 және 12 ұсынатын қысқа мерзімді қа-
зыналық міндеттер. Міндеттеменің номиналды бағасы – 100
теңге міндеттеме құжатсыз формада шығарылады және ҚР Ор-
талық дипозиттарийнде есептеледі. Міндеттеме дисконттық
бағада, яғни ҚР қаржы министрлігінің тапсырмасымен ҚР Ұлт-
тық банкі ӛткізетін аукциондар арқылы тӛмен бағада
орналас-
тырылады. Аукционға қатысуға алғашқы диллер ғана, яғни
қаржы министрлігінде тендерден ӛткен және келісімге отырған
банктер мен компаниялардың ғана құқығы бар.
Алғашқы дил-
лерлер болып саналмайтын барлық инвесторлар алғашқы дил-
лерлермен қызмет кӛрсету келісімшартына
отыру арқылы ғана
операция жасай алады. Алғашқы дилерлер субдепозитерлердің
функциясын атқарады. Аукционды ӛткізу
мерзімі мен эмиссия
кӛлемі аукцион шарттарында хабарланады.
Орта мерзімді ГСКО (МЕОКАМ)
Достарыңызбен бөлісу: